Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы



Pdf көрінісі
бет14/181
Дата09.05.2023
өлшемі5,92 Mb.
#176345
түріДиссертация
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   181
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.

халықтық 
метрология
тұрғысынан қарастырады. Орыс тіл білімінде метрология мәселесі 
бойынша Д.И.Прозоровский [43], Л.В.Черепнин [4], Н.В.Устюгов [44], 
Г.Я.Романова [5], т.б. ғалымдар жан-жақты зерттеулер жүргізді. Бұлардың 
қатарында Д.И.Прозоровскийдің орны ерекше. Ғалымның «Древняя русская 
метрология» атты лекциялар курсы орыс метрологиясының қайнар көзі саналады 
[43]. Г.Я.Романованың «Наименование мер длины в русском языке» деп 
аталатын еңбегінде көне жазба ескерткіштер мен диалектологиялық материалдар 
негізінде 200-ден астам орыстың ескі ұзындық өлшемдеріне талдау жасалады 
[5]. 
Орыс 
ғалымдарының 
зерттеулері 
көбіне 
өлшем 
бірліктерге 
бағытталатындықтан, «мөлшер» ұғымын «сандық мән» тұрғысынан сипаттайды. 
Сондықтан да орыс ғалымдары мөлшер категориясының ішкі семантикалық 
топтарын сандық ұғымдар негізінде ажыратады.
Орыс тілінде де «мөлшер» ұғымы функционалды аспектіде кеңінен 
қарастырылды. В.В.Химик [45], А.А.Худяков [46], Н.С.Чиркинян [47], 
Н.Д.Дизенко [48], В.В.Новицкая [49], Т.П.Перетятько [50], т.б. ғалымдар аталған 
тақырыптың түрлі мәселелері бойынша кандидаттық диссертация қорғаса, 
А.В.Бондарко [51], [52], З.Я.Тураева [53], Л.Д.Чеснокова [54], т.б. ғалымдар 
маңызды ғылыми еңбектер жазды. Ал Н.Н.Гарина [55], Е.В.Щебетенко [56] 
сынды зерттеушілер мөлшер категориясын
 
ағылшын тілі, Д.А.Кашина [57] неміс 
тілі материалы негізінде қарастырды.
 
Мөлшер категориясына біртабан жақын 
көптік категориясын француз тілі деректері бойынша Л.М.Беляева [58] 
қарастырса, жапон тілі материалдары негізінде А.А.Холодович [59] зерделеді.



18 
Мөлшер семантикалы тілдік бірліктер туралы зерттеулер ағылшын тілді 
әдебиеттерде де кездеседі. Аталған зерттеулерде мөлшер семантикалы тілдік 
бірліктер түрліше лингвистикалық аспектіде қарастырылады. Мөлшер 
категориясы туралы бұл зерттеулердің көпшілігі қазіргі лингвистика 
ғылымының даму деңгейін көрсетеді. Атап айтқанда, тілді философиялық 
бағытта қарастыратын ағылшын зерттеуші Дерек Болл (Derek Ball) [60] 
мөлшерлеу, өлшеу үдерісінің жүзеге асуы мен ұйымдасуын семантикалық 
теория негізінде қарастырады. Неміс ғалымы Стефани Солт (Stephanie Solt) [61], 
[62] сандық семантика мен мөлшердің, шамалардың арасындағы танымдық
логикалық байланысты көрсетеді. Ал АҚШ зерттеушісі Грегори Сконтрас 
(Gregory Scontras) «The Semantics of Measurement» тақырыбынғы докторлық 
диссертациясында [63] 
мөлшер, өлшем, көптік, сан, дәреже
т.б. 
семантикаларының байланысы мен айырым белгілерін қарастырады. Француз 
зерттеушісі Грегорий Шамбон (Grégory Chambon) [64] нумеративтер мен 
метрология мәселелерін бір нысанда қараса, тағы бір АҚШ ғалымы Ретт 
Джессика (Jessica Rett) [65] «көп», «аз» ұғымдарының семантикалық 
интерпретациясын қарастырады. Ал Алексис Уэлвуд (Alexis Wellwood) [66] 
ағылшын тіліндегі морфологиялық бірліктердің мөлшер семантикасын беру 
ерекшеліктерін қарастырады. Бұл зерттеулер Еуропалық лингвистердің аталмыш 
категорияны функционалды-семантикалық аспектіде кеңінен қарастырғанын 
көрсетеді.
Мөлшер категориясы бірнеше тілдер бойынша салыстырыла зерттеген 
еңбектер де бар. Айталық, С.А.Швачко ағылшын, орыс, украин тілдерін қатар 
ала отырып, «Языковые средства выражения количества в современном 
английском, русском и украинском языках» атты еңбек жазса [67], 
А.В.Степанова [68] ағылшын, орыс, чуваш тілдеріндегі сан-мөлшер 
категориясын салыстыра зерттеді. Әлемдік лингвистикада мөлшер категориясын 
зерттеуге қосқан Украин ғалымдарының үлесі зор. В.В.Акуленко [69] тұтас 
еуропа тілдерін зерттеу материалы ете отырып, «Категория количества в 
современных европейских языках» атты құнды еңбек жазса, М.А.Парнюк [70] 
мөлшер категориясын ғылыми тіл деректері негізінде қарастырды. Бодуэн де 
Куртэненің 
сан-мөлшер 
семантикасын 
логикалық 
процестермен 
байланыстыратын «Количественность в языковом мышлении» атты еңбегі де 
құнды теориялық еңбек саналады [71]. Аталған еңбектер мен авторлардың қай-
қайсы да мөлшер категориясын зерттеуде өзіндік үлестерімен ерекшеленеді және 
оны әр қырынан, толыққанды түсінуге теориялық негіз бола алады.
Мөлшер мәнді тілдік бірліктердің қытай тіл білімінде зерттелуі де айрықша 
маңызға ие. Мөлшер семантикалы сөздер қытай тіл білімінде «мөлшер сөздер» 
деген атпен ғылыми деңгейде ХІХ ғасырдың аяғынан бастап сөз бола бастады. 
Одан бұрын түрлі тарихи жазбаларда, тіпті біздің жыл санауымыздан бұрын, 
антикалық кезеңдерге тән жазбаларда да түрлі ұзындық, салмақ өлшемдері мен 
ақша атаулары кездесіп, олардың мағынасы, қанша шамаға тең екені баяндалады. 
Кейде бұл өлшем бірліктер «Жібек жолы» бойындағы сауда-саттық, түрлі 
мәдени-экономикалық қарым-қатынас арқылы түркі халықтарының тіліне де 
енгені байқалады. Қытай тіл білімінде мөлшер мәнді сөздердің лексика-
грамматикалық ерекшеліктері мен өзге сөздерден айырмашылығы туралы алғаш 


19 
ғылыми пікір айтқан Ма Жианжұң (Ma Jianzhong) болды. Ол өзінің 1898 жылы 
жарық көрген «Ма Шы Він Тұң» (Ma shi wen tung) деген еңбегінде «мөлшер 
сөздердің» бір алуан лексика-грамматикалық, стильдік қызметі бар екенін айтқан 
болатын [72]. Одан кейін Li Jinxi 1924 жылы жарық көрген «Жаңаша жазылған 
мемлекеттік тіл грамматикасы» (Xinzhi guoyu wenfang) атты еңбегінде мөлшер 
сөздерді «сандық мағынаны білдіретін зат есім сөз» дей келіп, оны сандық 
семантикамен байланыстырады [73]. Бұдан соң Лүй Шушяң 1940 жылы жарық 
көрген «Қытай тіліне кіріспе» кітабында мөлшер сөздерді есім болғанымен 
әдеттегі зат есімнен өзгешелеу болғандықтан, «есімше» деп таныса [74], 1943 
жылы Ваң Ли «Қазіргі заман қытай тілі грамматикасында» мөлшер семантикалы 
сөздерді, адам не затқа қатысты айтылатындықтан, «зат есім бірлігі» деп санайды 
[75]. Бұдан кейінгі жарық көрген ғылыми еңбектерде бірде «сандық өлшем» 
(1948), «көмекші зат есім», «сандық мөлшер сөз» (1957), «шамалық сөз» деп 
түрліше қарастырып келді. Тек 1962 жылы «Қазіргі заман қытай тілі» жарық 
көргеннен кейін «мөлшер сөз» (liang ci) аталып, он бірінші сөз табы ретінде 
танылды [76]. Содан кейінгі әр жылдарда үздік-үздік қарсы пікірлер 
айтылғанымен, бұл бүгінге дейін орныққан тұжырым саналады.
Байқағанымыздай, қытай тіліндегі мөлшер мәнді сөздер туралы зерттеулер 
негізінен құрылымдық бағытта және олардың таптық статусын анықтау болып 
келді. Шын мәнінде, қытай тіліндегі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет