151. Асау мәстек (1 түрі)
Ойын жазық жерде өтеді. Оны өткізу үшін бір-бірінен 1,5-2 м қашықтықта, биіктігі 1-1,5 метр келетін екі бөренені жерге тігінен көміп тұрғызады. Бөренелер арасынан арқанды тартып, оған адам отыруға болатындай жағдай туғызады. Сол отыратын орын астына жерге бір жұп тақияларды қояды. Осы құрастыруды «Асау местек» деп атайды. Жіптің жерден биіктігі отырған адамның еңкейгенде қолы жететіндей болады.
Жүргізуші ойнаушыларға:
“Егер батыл болсаң,
Ешкіні саған сойып беремін!
Батыл екеніне сенем,
Егер енкейіп, құламай
Тақияны көтеріп аласың!” – деп айтады.
Бұны бірнеше рет айтады. Ойынды «Баста» деген бұйрықтан кейін әрқайсысы асау мәстекке мініп алады. Атқа отырғандай «Асау мәстекке» отырған ойнаушы жерден тақияны көтеруге тырысады. Әрбір ойнаушы осыны бірнеше рет жасауы мүмкін. Кім үш рет ережелерді бұзбай еңкейіп, тақияларды бәрінен көп көтерсе, сол жеңімпаз болып атанады. Жүргізуші жүлделі орынға ие болғандарды айтады.