Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет61/240
Дата21.02.2022
өлшемі481,78 Kb.
#132651
түріМонография
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   240
Байланысты:
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары
4-doc.Силлабус ОМ2012, ВМП вопросы рус., instrpodotkz, жылжымайтын мүліктің жоқтығы, Шоқан-Уалиханов 2
53. Қыз қуу
Қыз қуу көп тараған қазықтың ұлттық ойындарының бірі. Халқымыздың тұрмыстық жағдайында тек ерлер ғана емес, сонымен қатар қыздар да ат үстінде жақсы отырулары керек болған. Сол тұрғыдан, ер балалар мен қыздар үлкен той думанда сыннан өтіп, өздерінің күш қайраты мен ептілігін, атқа мығым отыратындықтарын паш етіп отырған.
Қыз қуудан арнайы дайындықтан өткен, жарыс шартын білетін адам ойынға қатысуға мүмкіндік алады. Ойынға қатысушы әрбір адам қолына қамшы алуға міндетті.
Жарысқа қатысатын қыз, жігіт әдемі ұлттық киім киюге міндетті.
Қыз қуу ойыны өтетін жер. Қыз қуу ойыны жарыс өтетін жер ұзындығы 300 метрден астам, ені 30-40 метр тегіс жер болуға тиісті.
Қыз қуу ойынын өткізу ережелері.
Сөре басында қыз жарыс басталарда жігіттен он метрдей алда болады, төреші қолындағы жалауды түсіріп, дауыстап белгі берген кезде қыз қашады, ал жігіт қуа жөнеледі, арадағы 300 метр қашықтықта, жарыстың шарты бойынша, жігіт қызды қуып жетуге тиіс. Ойынның мақсаты жігіт сол аралықта қызға жетіп сүюі шарт, егер жігіт сол жол аралығында қызға жете алмаса, жігіт жеңілді деп есептеледі. Ал қайтар жолда жігіт қыздан қашады, арадағы 300 метр қашықтықта қыз жігітті қуып жетсе, ол қолындағы қамшысымен жігітті және оның атын ұруына болады.
Ойын шеберлігі бес балдық жүйе бойынша бағаланады. Бағалауға жылқыны басқару көркемдігі және шабыс шапшаңдығы, жарысқа қатысушылардың әдемі ұлттық киімдерінің жарасымдылығы мен жылқының әсем тұқымдылығы және түсі бағаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   240




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет