12.8. Дальтон технологиясы
Жобалау әдісімен идеялас - бұл Дальтон технологиясы. Мүмкін, «Дальтонды» өз алдына технология деп атауға әлі ерте шығар, алайда оны ерекшелейтін негізгі өзіндік сипаттары: мақсаттары, бастау идеялары, мазмұны, формалары, мұғалім мен шәкіртің әрекеттері - көзге түсерліктей.
Дальтон - АҚШ қаласы. Осы арада алғашқы рет аталмыш технология іске қосылып, тәлім тәжрибесіне ендірілді. Аталуы да осыдан. Қазіргі күнде мұндай әдістеме АҚШ-та, Голландияда және басқада батыс елдерінде кең тараған .
Американ педагогы Хелен Паркерхерст мектеп жағдайларын зерттей жүре, келесідей қорытындыға келді: тәлім - тәрбие мәжбүрлеуге негізделген, балалардың өз ойын еркін білдіруге болған табиғи қалауы осыдан шектеулі, сұрақ қоюға рұқсат жоқ. Осыдан, ізденімпаз педагог шәкірттердің тәлім жүйесіндегі өмірлік іс-әрекеттерін ұйымдастырудың жаңа бағыттарын қарастыруға міндетіне алды. X.Паркерхерст балаларды әлеумет ортасында жасауға, ақыл-есі, тән-дене және рухани дамуға үйрету мақсатын алға тартқан зертханалық жоспар дайындап шықты.
«Зертханалык жоспар» технологиясы негізінде тәрбие, тәлімнің жеке даралаған мақсаттарын іске асыруға арналған мұғалім мен шәкірт іс-әрекеттерін біріктіре пайдалану идеясы жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: |