Тапсырмалардың өзіне қойылатын талаптар келесідей:
тапсырмалар деңгейлік сипатта;
тапсырмалар алу бағдарлама материалының ауқымды көлемін қамтиды;
тапсырмалар мақсаты дәл, нақты орындау нәтижесімен анықталады;
тапсырма шәкіртке түсінікті әрі қызықты болуы тиіс;
тапсырмалар әр шәкірттің орындау мүмкіндігіне орайласқан. Бұл үшін тапсырмамен бірге нұсқаулар беріледі, әдебиеттер көрсетіледі, орындау мерзімі белгіленеді;
тапсырмалар әрқилы формаларда орындауға қолайлы, орындау барысында басқалармен ақылдасуға болады;
тапсырмалар бойынша есеп беру, өзіндік қадағалау жағдайлары (топта шығып баяндау) ескерілген;
тапсырманы орындау барысында жәрдемді қайдан, кімнен алу шәкірт үшін анық болуы қажет;
тапсырма мазмұны күні ілгері және бір ізді талқылауды қажет етеді.
Нақты тапсырмалар жүйесін орындау арқылы, ең алдымен, баланың жеке-дара дамуы іске асады.
Дальтон жоспарын іске асыруда технология авторының қолдаған «зертхана», «үй» ұғымдарының маңызы өз алдына.
Достарыңызбен бөлісу: |