Еркіндік принципі. Еркіндік-бұл шәкірттің пәнді, тақырыпты, әріптесті, білім көздерін, формалары мен тәсілдерін өзі таңдап алу құқығы. Алайда, бұл еркіндік жауапкершілікпен байланысты: мақсатқа жетудегі соңғы деңгейлі ерікті орындалған әр тапсырманы мұғалім бағалайды. Әр шәкірт жеке орындалған жұмысы бойынша мұғалім алдында есеп береді.
Дербестік принципі. Дербестік - бұл әр шәкірттің деңгейі мен өзіндік даму бағдарын, шешім қабылдаудағы дербес әрекеттері мен сол таңдауға орай жауапкершілігін өз мойына ала білуі;
Қызметтестік принципі. Қызметтестік - бұл оқу-үйретім танымдық іс-әрекеттер формасын іріктей білуі: жеке дара іс-әрекет, жұптасумен болған әрекет және шағын топтағы әрекет.
Бұл таным үдерісіне түскен балалардың бірін-бірі сыйлануына, екінші адамды мұқият тыңдауына, оны түсінуіне, онымен байланысқа келіп, білікті шешім қабылдауға үйренуіне, оған сенуі мен көмек беруіне, топтық жұмыс бойынша жауапкершілікті ұғынуға мүмкіндік ашады. Мұндай жағдайдағы жәрдем мәні - қойылған мәселеге орай жауапты қайдан және қалай табу қажеттілігін көрсете алу.
Сонымен, бұл технологияның басты идеясы - жұмысты қалаған адамыңмен істе, кіммен жүретініңді өзің танда, ал орындалған жұмыс бойынша жауапты тек қана өзін бересің. Тапсырмалар Дальтон технологиясының өзегін құрайды. Ал олардың бәрі шығармашыл сипатта болуы тиіс.
Әр шәкіртің жеке орындалған тапсырмасы мұғалім тарапынан ғана тексеріліп қоймастан, жұмыс басқа шәкірттер тексеруінен де өтіп, содан кейін ғана нәтиже бағаланады. Әр тапсырма үшін баға қойылмайды, тек орындалуы ескеріледі, соң мұғалімнің ауызша бағасы беріледі.
Дальтон жоспарын дайындау барысында Х.Паркерхерст пән бойынша барша материалды төрт бөлімге ажыратуды «оқу тоқсандарына байланысты», кейін әр бөлімді - айға және тоқсанға, ақырында - апта санына бөлуді ұсынды. Ал бұл әр күнгі, апталық және айлық тапсырмалар белгілеуге негіз болады.
Достарыңызбен бөлісу: |