қажетті әдебеиттер, оқу құралдары, анықтамалар және т.б. жинақты жұмыс орны болуы;
өз тапсырмасын орындауға толық енуі үшән шәкіртке қажет ұзақ мерзімді уақыттың бөлінуі;
бір немесе бірнеше көмекшілердің жәрдем беруі;
Шұғылдану барысында шәкірт тапсырманы өз қарқынымен жеке-дара немесе жолдасымен жұптасып, ұжыммен бірлікте орындайды. Мұндайда мұғалім қызметі: талапкерлерге кеңес береді, олармен орындалған жұмыс нәтижесі бойынша сұхбаттасады, сынақ қабылдайды, жаңа тапсырмалар береді. Зертханалық жұмыс кезінде жалпыланған талқы болмауы тиіс, жеке және топтық жұмыстарға орынсыз араласуға тиым салынады. Мұғалімнің бұл реттегі мүмкіндігі - шәкірттер іс-әрекетін бақылап отыру.