Зертхана - бұл өз бетінше тапсырма орындау, дәрістерге қатысу үшін шәкірттің оқу кестесінде белгіленген уақыты.
Үй - бұл үйдегі еркіндікке жақындататын шарттар: жайлы жұмыс орны; кіммен бірге тапсырманы орындау қажеттігін таңдау еркі; кеңесшілер тобынын болуы және тағы басқа.
Бастапқы теориялық бағыттарды іске асыруға байланысты маңызды мәселелелердің бірі - Дальтон жоспарын іс жүзінде айғақтау формалары. Бұл тұрғыда сыныптық сабақтарды, зертханалық дәрістерді, конференцияларды атауға болады.
Сынып сағаттарының мақсаты: теорияны игеру, ептіліктер мен дағдыларға жаттығу және оларды бекіту. Сынып - сабақтық жүйенің негізгі құрамдас бөліктері дәрісбаяндар, бақылау, қадағалау сабақтары, ұжымда жауап алу (рефлекция) дәрістері.
Ұжымдық сабактың келесідей ерекшеліктері сақталуы тиіс:
тәжірибелік іс-әрекеттер барысында шәкірттердің көпшілігінде пайда болатын кедергі психологиялық-дидактикалық жағдайлардың жойылуы;
мұғалім - талқылау үдерісін ұйымдастырушы және оған қатысушы;
шәкірт - ұйымдасу іс-әркетінің қатысушысы және субъекті;
ұжымдық сабақтың нәтижесі қандай да мәселенің шешімі және сол арқылы туындаған (әр бала үшін өз алдына) міндеттер мен қайшылықтар.
Мұндай сабақтарда шұбырта дәрісбаян оқуға, талқылауға, қабылданған тақырьштан тайқуға болмайды; қорытынды білімдік сипатқа ие болуы тиіс; әр шығып сөйлеуші нақты бағасын алуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |