Даралық пен ұжымдылықты ұштастыру принципі. Оқу-үйретім үдерісі барша балалармен әрбір жеке шәкірттің мүддесін оқу-үйретім мақсаттары мен міндеттері төңірегінде біріктіреді. Даралық және ұжымдық ұштастыру принципінің атқарылу ізімен кейбір салдарлар жүз береді;
- ұжым өзінің әрбір мүшесіне белгілі қалыптасып, бекіген талаптар қояды
- оқу-үйретім ұжымының әрбір мүшесіне өз белсенділігі және ынтасына орайлас жалпы талаптарды қоюымен қатар оларды толықтырады, кеңейтеді және байытады.
Даралық пен ұжымдық бірлестігі принципі мұғалімнен әрбір баланың жеке сапалары мен ерекшеліктерін, оның қызығуларын, қабілеттерін, әдеттерін және даму деңгейін түбегейлі білуін талап етеді.
|