Тірек қолданупринципі білім игеру үдерісіне сүйемел конспекттерін ендіруді талап етеді. Олар – оқу-үйретім материалының аты ықшамдалған, жүйелі әрі көңілге қонымды формаға келтірілген дидактикалық сызылмалар, көрнекіліктер, Тірек конспектілерментаныса отырып, шәкірт қисынды ойластыру, материалды тұтастай игеру тәжірибесін меңгереді. Тірек конспекттер жәрдемімен шәкірттер тікелей сәйкестік бойынша жұмыс жасайды: балалар дайын тірек конспект алады да солар бойынша ендігі дәрісіне дайындық көреді. Ал жанама сәйкестік бойынша жұмыс істете отырып, мұғалім берілген конспектті үйде өздерінше кеңейте қайта тіктеп, түсінумен келесі сабаққа дайындалуды ұсынады. Шығармашыл сәйкестік бойынша оқу-үйренім жұмысына тартумен педагог шәкірттерге игерілген материалдың жүйелік сипатын түсіндіреді, әрі сол бойынша тірек конспект түзуді тапсырады. Аталған жұмыстардың бірінен екіншісіне өту біртіндеп атқарылады. Мұндай өтпелі жұмыс уақытын күні бұрын мөлшерлеуге болмайды, себебі ол шәкірттердің жас деңгейіне, ақыл, зерделік даму өрісіне және т.б. тәуелді.