Тәлім-тәрбие үдерісінің реттеу және дамыту сипаттарын бірлестіру принципі оқу-үйретім, тәлім және тәрбиелік бағыттарын нақтамалық, сақтау-сауықтыру, реттеу-дамыту және игеру, әлеуметтік қорғау істерімен табиғи бірігімге келтіре орындап бару қажеттігінен туындаған.
Іс-әрекетшеңдік принципі. Баланың жоғары психикалық қызметтерін тиімді дамытушы пәндік оқу-үйретім және онымен бірге жүретін тәжірибе- жаттығу жұмыстары (қабылдау, сөйлеу-сөйлесу, ойлау, ес, сезім, сеп-түрткілер) үлгерімі төмен балалармен жұмыс істеудің өте қуатты түзету-толықтырушы педагогикалық құралы есептеледі. Осыдан, реттеу-түзету педагогикасы тәлім- тәрбие үдерісін көрнекі-жаттықтыру негізінде іске асырады. Мұндай істер педагог басшылығында “жұптасып”, “бригадалық” сипатта орындалады. Бұл үшін мақсатты пікір алмасу, сыр-сұқбат өткізуге табиғи жағдайлар жасалып, балалардың өзара ықпалды ақпарат алмасуына шарттар түзіледі. Өз кезегінде, қарым-қатынас, ортақтасу дамуға түсіп, сөз саптауға, ой амалдарының өрістеуіне, қарым-қатынас пен әлеуметтік байланысқа келуге жәрдемін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |