Жас шағына және дидактикалық қажеттікке орай шегініс принципі:
Бастауыш оқу-үйретім үдерісінде бала өз уақытында дамуы жетіспеген мектепке дейінгі іс-әрекет түрлеріне қайта оралуына тура келеді (ойын, сурет салу, жабыстыру (аппликация), құрастыру, қоршаған дүниемен танысу), немесе оқу-үйретім міндеттерін орындау үшін шәкірт бұл кезеңде маңызы болмаған әдіс-тәсілдерді қолданады (жаттайды, көшіріп алады).
Тәлім-тәрбиенің балаларды әлеуметтік бейімдестіру және қоғамға араластыру принципі мектептегі және үйдегі оқу іс-әрекеттерінің негізінде қалыптасып, педагогикалық жұмыстың ең басты нысанына айналатын адамаралық қатынастарға, іс-әрекет субъекті болған өзіне, өз сыныптастарына, мұғалімдерге, тәрбиешілерге, ата-аналарға, барша ересектерге арнайы педагогикалық назар аудару қажеттігін ескертеді, орын алып жатқан қатынастарға сауатты педагогикалық ықпал жасап, тұлға беделін көтеру, оның әлеуметтік сый-сияпатын тану әрі құрметтеу, жауапкершілік, тәуелділік жүйесіндегі әлеуметтік-адамгершілік әрекет-қылық ережелеріне баулуды алға тартады.
Достарыңызбен бөлісу: |