Қиыншылықтардан өту жағдайларындағы оқу-үйретім жетістігі принципі баланың жеке даралық болмысын, сабақ материалын игеру сипатын, тәлімдік ақпаратты қабылдаудағы жетекші сапасын, оның өз күшіне сенімі, жетістігі және қуанышын ескерумен бірге әлі жеткендей қиыншылықтарды жеңуге жаттықтыру және ерік күшін пайдалана білуге үйрете отырып, педагогикалық әдістерді, тәсілдерді, құрал-жабдықтарды әр шәкірт мүмкіндіктеріне сәйкестендіру және жіктеу қажеттігін талап етеді.
Педагогикалық жақсылық күту (оптимизм) принципі балаға деген қарым-қатынаста одан жоғары деңгейлі табыс күту, оның мүмкіндігі мен ерік күшіне сенудің маңыздылығын алға тартып, психикалық іс-әрекеттің ішкі толығу тетіктерінің күш-қуатын арттыру мен белсенділігін көтеру және жан-жақты даму үйлесімділігі үшін ұтымды педагогикалық шарттар ықпалының зор болатынына назар аудартады.