Оқу-үйретімнің оза жүру принципі. Бұл принцип міндеті – оқу-үйретім материалын ұсыну мен оның қабылдануына қолайлы белгілі дидактикалық ырғақ қамтамасыз ету. Себебі, бір тақырыптан екіншісіне өтуде қандай да бостық олқылығы пайда болуы ықтимал. Мұндай жағдайда шәкірттерге өтілген тақырып пен енді өтілетін тақырып арасындағы байланысты ойластырып, түсіну үшін біршама қосымша уақыт керек болып қалады. Осыдан, оқу-үйретімнің оза жүру принципінің мәні – мұғалім күні ілгері тақырыптар арасында “көпір” жасап, сол арқылы алғашқы тақырыпты өту барысында болашақ тақырыптың да өзекті тұстарын түсіндіруге ұмтылуы қажет. Осылайша, ықтимал бостық орнында оқу үдерісінің тиімді қозғалыстық ырғағы дидактикалық әрекетке келеді.