Әр тақырыпты өтуге орай Н.П.Гузик дайындаған сабақтар жүйесі:
материалдың мұғалім тарапынан теориялық талдауына арналған сабақ;
тақырыпты берілген бағдарлама, жоспар, қадамдар (алгоритмдер) бойынша сынып мүшелерінің өзбетінше талдау сабағы;
семинар - сабақ;
машықтану (практикум) сабақтары;
бақылау және бағалау сабақтары;
Р.Г.Хазанкин ұсынған сабақтар жүйесі:
толық тақырып бойынша дәрісбаян сабағы;
өзекті мәселелерді шешу сабағы;
кеңестер ұсыну сабағы;
сынақ (зачет) сабағы;
8.2. Сабаққа қойылатын талаптар
1.Қазіргі заман сабағына қойылатын дидактикалық талаптар.
Жалпы рәсімдік міндеттер мен сабақ элементтерінің нақты болуы, олардың дамытушылық және тәрбиелік міндеттерімен байланысы. Нақты сабақтың жалпы жүйедегі орны;
оқу-үйретім бағдарламасы талаптары мен мақсаттарына сай әрі шәкірттердің дайындығы деңгейін ескерумен сабақтың ең тиімді мазмұның анықтау;
сабақта және оның кезеңдерінде балалар игеретін ғылыми білімдер қалыптасуына қатысты ептіліктер мен дағдылар деңгейін болжастыру;
ынталандыру мен бақылау, сабақтың әр кезеңіндегі ұтымды ықпалын қамтамасыз етуші аса мәнде әдістер, тәсілдер мен жабдықтарды таңдау, танымдық белсенділік көтеру, сабақтағы ұжымдық және жеке-дара жұмыстардың әрқилы формаларын өзара байланыстыра пайдалану, сабақ барысындағы дербес, өзіндік жұмыстарға мейлінше жол ашу;
сабақта барша дидактикалық принциптерді іске асыру;
шәкірттердің табысты оқу-үйренімі мен ұғынуына жағдайлар жасау;
2. Сабаққа қойылатын психологиялық талаптар:
Нақты пән және сабақ ауқымында бала дамуын жобалау;
сабақ мақсатын белгілеуде шығармашылыққа байланысты психологиялық міндеттер мен өтілген жұмыстар нәтижесін ескеру;
балалар дамуын қамтамасыз етуші жекеленген педагогикалық-психологиялық құралдар мен әдістемелік тәсілдерді күні ілгері байқастыру;
3. Сабақ мәнері:
1) сабақ мазмұны мен құрылымын тұлғалық бағыт және үйрете дамыту принциптеріне сәйкестендіре анықтау;
есте қалдыру және ойлау жүктемелерінің сәйкестігі;
қайта жаңғырту және шығармашыл іс-әрекеттер көлемін белгілеу;
мұғалім сөзінен, оқулықтан, оқу құралдарынан және өз белсенділігі мен дербес игерілетін ақпараттарды жоспарлау;
мұғалім және шәкірт тарапынан орындалатын мәселелі-эвристикалық оқу-үйретім жұмыстарын іске асыру. (кім сұрақ қояды, кім жауап береді);
мұғалімнің шәкірт іс-әрекетіне деген бақылауын, талдауын бағасын және балалардың өзара сындарлы бағаларын, өзіндік бақылаулары мен өзіндік талдауларын ескеру;1
шәкірттердің сабаққа болған ынтасы (әңгімелеп қызықтыру, ерік қосу, қиыншылықтарды жеңу жолдарын ұқтыру т.с.с.) мен мәжбүрлеу (баға қойылатынын ескерту, өтіну, уағыз айту, т.с.с.) ара қатынасын назарда ұстау;
Достарыңызбен бөлісу: |