Монография түркістан, 2010 жыл Пікір жазғандар: Ә. Жолдасбеков- педагогика ғылымдарының докторы,профессор


Оқу-үйретімнің дамытушылық принципі



бет73/226
Дата22.12.2021
өлшемі4,7 Mb.
#585
түріМонография
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   226
Оқу-үйретімнің дамытушылық принципі. Бұл принцип біздің заманымызда жаңарудағы тәлім жүйесінің жоғары жеделдікпен өрістеуіне байланысты туындаған жаңа міндеттер ізімен қалыптасады. Ғылым қоры аса қарқындылықпен дамыған шақты білімді жаттау арқылы игеру өз мәнін жоғалтады. Бүгінгі таңдағы жаңалық “ертең” демде көнереді, тиімдігі түкке тұрмайтын болады. Ал біздің шәкіртімізде ертеңгі күн білімдері мен біліктері, әрине, жоқ. Дегенмен, біздің енді ашылып, қабылданатын білімдерді шамалаумен шәкірттердің ақыл-зердесін дамыту мүмкіндігіміз бар. Дамытушы оқу-үйретімнің (“дамыта оқытудың”емес ) мәні де осында, яғни біз нақты деректер негізінде ойлауға үйретіп тоқтамастан, шәкірттерді өз бетінше білім жинақтау формалары және әдістерімен қаруландырып, теориялық, әдіснамалық деңгейде ой топшылауға баулуымыз қажет. Осылайша, біз тұлғаға ақыл-зерделік және кәсіби шығармашылдық дем береміз. Өте маңызды келетіні, болашақ маман алда қажет болатын кәсіби идеяларды топтап қорытуға, ендігі ғылыми-техникалық үдеріске дайын болуы міндетті.
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет