Морфологиясы



Pdf көрінісі
бет3/27
Дата17.11.2023
өлшемі2,32 Mb.
#191874
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
MaksutbekovaGT ZhSOAmM

 
 



КIРIСПЕ 
 
Жоғары 
сатыдағы 
өсімдіктердің 
сыртқы 
және 
ішкі 
құрылыстарының алуан түрлілігін, олардың тіршілік әрекетін, жер 
шарында таралуын, өзін қоршаған ортамен қарым-қатынасын, 
өсімдіктер жамылғысының қалыптасуын, адам баласының өсімдіктерді 
пайдалану мүмкіндіктері мен оларды қорғау жөніндегі мәселелерді 
қамтитын бұл оқу құралы университеттер мен педагогикалық 
институттардың бағдарламаларына сай жазылған. Оқу құралында 
өсімдіктер филогениясы мен экологиялық негіздері, сондай-ақ 
өсімдіктің анатомиялық және морфологиялық құрылысы, ортаға 
бейімделу ерекшеліктері, табиғатта көбею жолдары баяндалған.
Оқулыққа осыған дейін жазылған Вехов В.Н. и др. Практикум по 
морфологии и анатомии высших растений (М.: МГУ, 1980); Ағелеуов 
Е. және т.б. Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы (А.: Санат, 
1998), Ахметжанова М. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің вегетативтік 
мүшелерінің морфологиясы мен анатомиясы (Қарағанды: ҚарМУ, 
1994), Бавтуто Г.А. Практикум по анатомии и морфологии растений 
(Минск: Новое знание, 2002) сынды ғалымдардың еңбектері кеңінен 
пайдаланыла отырып пәннің университет бойынша жұмыс 
бағдарламаларына сәйкестендіріліп өңделіп, құрастырылған. Оқу 
құралы қазақ тілді оқырмандардың жоғары сатыдағы өсімдіктер 
туралы білімдерін тереңдетіп, жан-жақты түсінік алуына көмектеседі 
деген сенімдеміз. 



I ТАРАУ. Жоғары сатыдағы өсімдіктер әлеміне сипаттама 
 
1.1
Өсімдіктер әлемінің пайда болуы 
Өсімдіктер әлемі әр түрлі ортада тіршілік етуге бейімделген басқа 
тірі ағзалар сияқты тіршілік-тынысы, пішіні, көлемі жағынан алуан 
түрлі. Өсімдіктер шөлдерде, ағысы қатты өзендердің, теңіздер мен 
мұхиттардың түбінде, сол сияқты биік таулардың қар жамылғысы 
белдеулерінде де өсе алады. Бұлардың әрқайсысының өзіне тән 
тіршілік нысаны бар. 
Өсімдіктер көлемі жағынан да әр түрлі. Ең майда тірі ағзаларға 
вирустар мен фагтар жатады. Оларды 100-300 мың және одан да артық 
есе үлкейтіп көрсететін электрондық микроскоп арқылы ғана көруге 
болады. Таяқша тәрізді бактериялардың кейбіреулерінің ұзындығы 1-
10 мкм, ені 0,2-1 мкм (1 мкм-10
-6 
м). Темекіде теңбіл (мозайка) ауруын 
туғызатын вирустың ұзындығы орташа есеппен 300 нм (1 нм-10
-9
м), 
ені 15 нм. Ал бактериофагтардың көлемі 50-100 нм аралығында. 
Жоғары сатыдағы гүлді өсімдіктердің де ергежейлі өте майдалары 
мен алыптары бар. Мысалы, тұщы сулардың бетінде қалқып жүріп 
тіршілік ететін көпжылдық кіші балдыршөптің жапырақ тақтасының 
диаметрі 5-10 мм болса, су өсімдігі вольфияның жапырақ тақтасы 1-1,5 
мм-дей ғана. Бұларға қарама-қарсы құрлық өсімдіктерінің ішіндегі ең 
ірісі 

секвойядендронның биіктігі 100 м-ден асса, діңінің диаметрі 10 
м-ге жетеді. Өсімдіктердің мұндай алуан түрлілігі өте ұзақ әрі күрделі 
эволюциялық даму барысында үнемі өзгеріске түсуден және орта 
жағдайларына бейімделуден болса керек. 
Ғылыми деректерге сүйенсек тіршілік алдымен суы бар ортада 

дүниежүзілік мұхиттарда пайда болған. 
Олар: тіршіліктің қарапайым 
формалары, жасушаланбаған «ядросыздар», сол сияқты ядролылар – 
бір жасушалылар және колониялылар. Бұлардан кейін құрылымы 
едәуір күрделі көп жасушалылар пайда болды. 
Тірі ағзалардың жаңа формаларының пайда болу процесі сулы 
ортада баяу жүреді, бұл дүниежүзілік мұхиттарда орта жағдайларын 
түзетін экологиялық фактор элементтерінің ауытқушылығының 
төмендігіне, бірыңғайлығына байланысты. Сондықтан да осы уақытқа 
дейін сулы ортада құрылысы қарапайым бір жасушалы, колониялы 
өсімдіктер – көк-жасыл және жасыл балдырлар тіршілік етуде.
Жердің даму тарихын бес эраға бөлу қабылданған. Олар: архей, 
протерозой, палеозой, мезозой, кайнозой. Өз ретінде әрбір эра 
геологиялық кезеңдерге бөлінеді және олардың әрқайсысы біздің 



планетамызды мекен еткен өсімдіктердің, жануарлардың тасқа 
айналған қалдықтарымен, шөгінді тау жыныстарымен сипатталады. 
Осы мәліметтерге сүйене отырып жүргізілген зерттеулер нәтижесінде 
тірі табиғат әлемінің дамуы туралы көріністі анықтауға, сондай-ақ 
кейбір жер бетінен жоқ болып кеткен жануарлар мен өсімдіктердің 
құрылыс ерекшеліктерін білуге мүмкіндік туды. Жер бетінде алғашқы 
өсімдіктердің қашан пайда болғаны әзірше беймәлім. Мұның өзі көне 
заман өсімдіктері құрылысының қарапайымдығынан, олардың тасқа 
айналған қалдықтарының біздің дәуірімізге жете алмай құрып кетуінен 
деп түсіндіріледі.
Біздің ғаламшарымызда тіршілік бұдан 3,5 млрд. жылдай бұрын 
архей эрасында пайда болған. Архей тау жыныстарынан бактериялар 
мен балдырлардың тіршілік өнімдерінің табылуы осының дәлелі. Бұған 
дейінгі катархей эрасында (шамамен 4,5 млрд. жыл бұрын) дүние 
жүзінде физикалық-химиялық процестер жүріп, тіршіліктің пайда 
болуына қажетті орта жағдайлары қалыптасты.
1.2
Жоғары сатыдағы өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы 
Жоғары сатыдағы өсімдіктер 

өсімдіктер әлемінің негізгі екі 
тобының бірі, екінші тобы 

төменгі сатыдағы өсімдіктер. Жоғары 
сатыдағы 
өсімдіктерді 
ұрықты 
өсімдіктер 
(Embryobyionta, 
Embryophyta), өркенді, жапырақ сабақты өсімдіктер (Cormophyta, 
Cormobionta), түтікті (теломды) өсімдіктер (Telomophyta, Telomobionta) 
деп атайды. Жер шарында жоғары сатыдағы өсімдіктердің 300 мыңдай 
түрі белгілі. Жоғары сатыдағы өсімдіктерге: риниофиттер, 
мүктәрізділер, 
плаунтәрізділер, 
қырықбуынтәрізділер, 
қырықжапырақтәрізділер, ашық және жабық тұқымды (гүлді) 
өсімдіктер жатады.
Жоғары сатыдағы өсімдіктердің төменгі сатыдағы өсімдіктерден 
айырмашылығы 

құрылысы күрделі, көп жасушалы, қоршаған орта 
жағдайына бейімделген организмдер. Жынысты (гаметофит) да, 
жыныссыз 
(спорофит) 
да 
көбейе 
алады. 
Спорофиттерінде 
қозғалмайтын спора түзілетін көп жасушалы спорангийлер дамиды, 
геметофиттерінде көп жасушалы жыныс мүшелері дамиды, бірақ 
кейбір ашық тұқымдыларда (гнетум, вельвичия туыстары) және барлық 
гүлді өсімдіктерде эволюциялық даму жолында гаметангийлері 
жойылып кеткен. Аналық гамета (жұмыртқа) біреу және ол 
қозғалмайды, зиготадан көп жасушалы ұрық дамиды. Оның алғашқы 
даму кезеңі гаметофит ішінде өтеді. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің 
спорофиті негізінен жапырақ, сабақ, тамырға бөлінеді. Кейбір 
түрлерінде арнайы ксилема (әр түрлі жасушалардан құралған өткізгіш 



ұлпа) және флоэма (органикалық заттарды өткізетін түтікше-талшықты 
күрделі ұлпа) дамиды, бірақ бұлар өсімдіктердің кейбір тобында 
жойылып кеткен. Кутикулалы эпидермисі (жабын ұлпасы), 
лептесіктері болады, көбінің стелалары (өткізгіш жүйесіндегі арқау 
цилиндр) бар. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің арғы тегі теңіз 
балдырлары деп есептелінеді. Олардың құрлыққа бейімделуінің 
нәтижесінде өздерін сумен қамтамасыз ететін, гаметангийлерін 
кебуден сақтайтын, жынысты жолмен көбейе алатын бейімді мүшелер 
пайда болған. Сондықтан құрлықта өсіп-өнетін тұқымды өсімдіктердің 
жынысты көбеюінің сумен байланысы болмайды. Ал жоғары сатыдағы 
өсімдіктердің 
қарапайым 
тобы 
қырықбуын, 
мүк 
және 
қырықжапырақтәрізділердің даму кезеңдері тек суда өтетін 
болғандықтан олардың сперматозоидтері, гаметофиттері сусыз 
қозғалуға бейімсіз болады. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің ең ертедегі 
қазба қалдықтары силур кезеңінен сақталған. Бұлардың көптеген 
түрлерінің медицинада, өндірісте маңызы зор.
Жалпы өсімдіктерді суда өсетін, топырақта өсетін, жер астында 
өсетін, жер бетінде өсетін деп бірнеше топқа бөлуге болады. Топырақ 
өсімдіктеріне 
жататындар 
бактериялар, 
балдырлар, 
кейбір 
саңырауқұлақтар. Бұлар топырақ құнарлылығын көтеруде маңызды 
роль атқарады. Жер асты өсімдіктері бактериялар түрінде кездеседі 
және 3 км тереңдікте болады. Жер беті өсімдіктерінің 500 мыңдай түрі 
кездеседі. Олардың көпшілігін адам баласы өз өмірінде пайдаланады 
және өсіп, молая беруіне жағдай жасап отырады. Олар біздің 
экологиямыздың сақталуы үшін ғана емес, экономикамыздың 
дамуында да маңызды орын алады. 
Өсімдіктер табиғатта фотосинтез жүргізу үшін керек. Фотосинтез 

күрделі биологиялық процесс, яғни өсімдіктер өздерінің жасыл түсті 
пигменті 

хлорофилдің көмегімен күн көзінің энергиясын жинап 
алады да, оның күшімен көміртегі газын және суды өзгертеді. Осының 
нәтижесінде мол органикалық қосылыстар түзеді. Мұның өзі күн 
энергиясын химиялық байланыстар энергиясына айналдырады. Бұл 
құралған органикалық қосылыстар тікелей немесе басқа нәрселердің 
көмегімен басқа организмдерге тамақ болады. Дәлірек айтқанда жасыл 
өсімдіктер фотосинтез процесін атқара отырып жерде өмірдің дамуы, 
гүлденуі үшін маңызды роль атқарады, өмір сүрудің бірінші көзі болып 
табылады. Сол себепті өсімдіктерді қорғау жердегі өмірді қорғаумен 
тең қызмет атқарады. Шамамен алғанда құрлықтың өсімдіктер қабаты 
жыл сайын 20-30 млрд т. көміртегін пайдаланады. 300 жылдың ішінде 
өсімдіктер жұтатын көміртегі мөлшері атмосферада және суларда 
болатын көміртегіне тең. Жер шарының өсімдіктері жыл сайын 
фотосинтез процесі кезінде 177 млрд т. органикалық заттар құрады. 


10 
Олардың 122 млрд тоннасы құрлық өсімдіктері үлесіне, 55 млрд 
тоннасы 

мұхиттағы өсімдіктер үлесіне тиеді. Жыл ішіндегі 
фотосинтез өнімінің химиялық энергиясы дүние жүзіндегі 
электростанциялардың қуатынан 100 есе асып түседі. Фотосинтез 
миллиардтаған жылдар ішінде жүзеге асып келеді. Бұл уақыт ішінде 
көптеген органикалық заттар жинақталды, олардың бірқатары мұнай
жанатын газ, тас көмір, торф т.б. Көмір, мұнай күйінде кездесетін 
көміртегінің өзі барлық тірі организмдерде кездесетін көміртегіден 50 
есе көп. Өсімдіктер құрамына кіретін химиялық элементтер де көп. 
Бұған қосымша өсімдіктердің табиғатқа, адам өміріне, өндіргіш 
күштердің дамуына тигізетін пайдалы әсерін ескерсек өсімдіктерсіз 
өмір жоқ деген қорытынды жасауға болады. Өсімдіктер табиғат 
биоценозында үлкен роль атқарады. Ол топыраққа, жануарлар 
дүниесіне, микроорганизмдерге пайдалы. Өсімдік түріне қарай 
биоценоз да әртүрлі болады. Өсімдіктер әртүрлі тамақтық өнімдердің, 
техникалық және дәрілік шикізаттың, құрылыс материалдарын 
өндірудің негізгі көзі. Өсімдіктер жерді күшті су ағыстарынан 
қорғайды, құнарлы жерлерді су басудан сақтайды. Өсімдік адам 
баласына психогигиеналық әсер етеді. 
Өсімдік ресурстарының бастысы – орман. Ол жер шарындағы 
биологиялық активті оттегінің 60%-ын береді. Оның көмегімен және 
басқа да экологиялық жүйелердің қатысуымен атмосферада оттегі 
тұрақты болады, осының арқасында 2 млрд жылдай біздің 
планетамызда өмір жалғасып келе жатыр. Орта дәрежеде бір ағаш 24 
сағат ішінде үш адамның бір тәулікте демалуына жететін оттегі бөліп 
шығарады. Орман адамға керекті шикізат 

ағаш береді. Ағаш үй 
тұрғызуда, кеме, ауыл шаруашылығында, машина жасау өнеркәсібінде, 
темір жол транспортында (шпал, вагон), ағаш ыдыстар жасауда 
пайдаланылады.
Ағашты 
басқа 
синтетикалық 
метериалдармен 
ешқашан 
алмастыруға болмайды. Орманда өсетін ағаштар қағаз, спирт, 
скипидар, канифоль, глицерин, кір жуғыш нәрселер, смола, жидек, 
ашытқыштар, эфир майлары алатын шикізат болып табылады. Ағаштан 
20 мыңнан астам әр түрлі бағалы нәрселер өндіруге болады. 
Ормандарда ауыл шаруашылығы, аңшылық ұйымдастырылады, 
көптеген бағалы шипалы шөптер жиналады, жеміс-жидектер 
дайындалады. 
Орманның ауасында адам денсаулығына қажетті жеңіл иондар 
болады. Соның арқасында орманда демалған адам салқынға көп 
берілмейді, олардың қан құрамы жақсарады, қанның қысымы 
төмендейді, шаршағаны басылады, дәлірек айтқанда орманда 
демалғаннан кейін еңбек өнімділігі артады.
Яғни орман 

денсаулық 


11 
сақтау ортасы. Сондықтан курорт пен сауықтыру кешендері, т.б. 
демалыс орындарының тек қана орманды жерде салынуы тектен-тек 
емес. 
Орманның төбесінен өткен су түзіліп, тазарып шығады, ол 
лабораторияда сүзгіштен өткен судан артық болады. Орманның далада 
қар ұстауда, с
ондай-ақ егістік алқаптарын қорғауда да маңызы зор. 
Орманның көмегімен жел және су эрозиясының орын алуына жол 
берілмейді, осының арқасында топырақтың тұзданып кетуіне тойтарыс 
беріледі. 
Ал ормансыз жердің топырағы кеуіп, шөлге айналады. 
Ормандарда қар еру процесі ақырын және біркелкі жүретіндіктен 
еріген қар суынан тасқынның болуына мүмкіндік жоқ, еріген су жерге 
ақырын сіңіп үлгереді, оның құнарлылығын көтереді. Одан асқан су 
өзендер мен көлдердің деңгейін толтырады. Осыдан көріп 
отырғанымыздай, орман адам өмірінде, экономикада сан қилы роль 
атқарады.
Қазақстанда орман қоры 21,8 млн га жерді алып жатыр. Яғни, 
республикамыздың барлық жерінің 3,35%-ын құрайды. Біздің 
еліміздегі ормандар жүйесі негізінен солтүстік және шығыс аймақтарда 
шоғырланған. Ормандардың бірнеше типтері бар. Олар — сексеуіл, 
қарағай, шырша, самырсын, қайың ормандары, тоғайлар мен бұталар. 
Орман қоры жер шары бойынша жылдан-жылға азая тусуде. 
Құрлықтың 62 млн км
2
жерін өсімдіктер мен орман алып жатыр. 
Республикамызда ормандар аз және олардың жағдайы мәз емес. Оның 
негізгі себептері – адам факторы, өрт, ауа райының өзгеруі мен айнала 
қоршаған ортаның ластануы. 
1.3
Өсімдіктер дүниесін қорғау 
Сыртқы орта тірі организмдерге және олардың бірлестігіне әсер 
етушілердің жиынтығынан тұрады. Тірі ағзалар мен оларды қоршап 
тұрған орта арасындағы өзара әсер және ағзалардың үнемі өзгеріп 
отыратын тіршілік жағдайларына бейімделуі жалпы жер бетіндегі 
тіршілікті қамтамасыз етеді. Осындай өзара әсерді зерттеу 
экологияның негізгі міндетіне жатады. 
Экологиялық топтарды әдетте ортаның форма түзетін және 
физиологиялық маңызы бар, бейімделуін тудыра алатын факторына 
байланысты бөледі. Дегенмен өсімдіктер үшін өте қажетті, олардың 
құрылымына әсер етуші экологиялық факторлар топырақ және ауа 
ылғалдылығы, жарық. Сондықтан да көптеген экологиялық топтардың 
ішінде сыртқы бейнесі және анатомиялық құрылымы жағынан бір-
бірімен айырмасы бар өсімдіктерді кездестіруге болады. Олардың 
тіршілік формалары әр түрлі. 


12 
Тіршілік формасы немесе биоморфа (гр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет