Музарт сағындым Алматымды Әні: А.Қоразбаев



Дата10.12.2021
өлшемі70,54 Kb.
#78792
Байланысты:
алматы -ле4


МузАРТ – Сағындым Алматымды
Әні: А.Қоразбаев
Сөзі: С.Оспанов

1. Қосамын әнге атыңды,


Тосамын әр хатыңды,
Сағындым алма бағын,
Арайлы Алматымды.

2. Сағындым аққу үнді,


Сағындым ақ гүлімді,
Алматым, сыйладың сен
Шабытты шаттығымды.

3. Еске алсам Көктөбені


Жаныма от береді.
Алғашқы махаббатқа
Куәгер – Көктерегі.

4. Әкелген бар бағымды


Сағындым таңдарыңды.
Алматым, сені ойлаумен
Жалғадым арманымды.

5. Қалайды жаным жырды,


Болмайды әнім мұңды,
Пәк көңіл, ақ жүректі
Достарым сағындырды.

6. Аспанын астананың,


Сағындым жастар әнін.
Сағындым шыңдарыңды,
Алатау – асқаралым!

7. Ғашықпын жауыныңа,


Талпынған тау ұлына,
Сағынып жетем саған,
Бас мені бауырыңа!



Қасым Аманжолов

Алматы

  • admin

  • 03.02.2016

  • 0

  • 1

  • 7093

Жақсы екен ғой Алматым,
Алтын үйек астанам.
Осы екен ғой жаннатың
Атам қазақ аңсаған.
Келдім сені сағынып,
Алтын ұям - Алматым.
Кең көшеңде басар нық
Мен бір ақын солдатың.
От пен темір сайысқан
Келдім майдан төрінен.
Жер құшам деп көр құшқан
Жауды жеңіп келдім мен.
Сағынышын солдаттың
Сен сұрама, мен айтпан.
Кетті шығып бір ұшқын
Кеудемдегі шыңайттан.
Күлкі-жасы аралас,
Ақын да бір жас бала.
Тербет өзің, мауқын бас,
Алтын бесік - астана.
Жүрмін жортып қызықтап,
Көше қоймай баспаған.
Сыбырлайды жапырақ,
Жалт қарайды тас маған.
Өкпе, назға - манафест,
Жатыр құшып достарым.
Сары алтын күн, думан кеш,
Қанар емес құмарым.
Ән мен күйді сапырған
Сал домбыра- сал ожау;
Сабырлы оймен отырған
Бір қария Алатау.
Неткен сұлу өмір ең!
Қарай берем үңіліп.
Ғажайып бір мейірмен
Келешегің тұр күліп.
Жақсы екен ғой Алматым
Алтын тулы астанам.
Осы екен ғой жаннатың
Атам қазақ аңсаған.

Түнгі Алматы

Түнгі Алматы!

Сұлусың, әдемісің!

Жымыңдайды төбеден бәлелі түн.

Жасыл бақ та сыбырсыз тына қалған

Сәлем салып тұруға кәделісің.

 

«Сайқал қала!»



Жырлаған ақын ағам

Жалғыз ауыз жырыңа татымағам.

Өлең-жыр өмірімнің бесігіндей

Жауһарыңның жұқсыншы таты маған.

 

Түнгі Алматы!



Сен жайлы жыр бастадым.

Айлы түнге ақ жүрек сырлас дәйім.

Құлақ түріп төбелер сыр аңдайды

Жапырағын қымтаған мұңдас қайың.

 

Мен келемін.



Жанымда саялы бақ.

Жүрісім де, жүрек те саябырлап.

Соғады.

Бірақ, нәзік ақын жаны

Қара түннің төсінен қаяу ұрлап.

 

Менің жарық жұлдызым-мың сан арман



Бәлкім, сенің нұрыңа мұң шағар жан.

Шуақ нұрын себеле жолдарыма

Қымсынбай аш жүзіңді тұмшалаған.

 

Түнгі Алматы, көркің-ай, керімдей,



Жүрегіме жабыстың желімдей.

Мәңгі ғашық Алматы, жаным саған

Өмірімнің айнымас серігіндей!!!

  

 Алматыға наз



Мұнарланып Алатау

Қол бұлғайтын Көктөбең.

Арман жырым Алматы-ау

Алып-ұшып жеткен ем.

 

Мендегі мың қайғы мен



Шаттығымның куәсі.

Алматы еді қашаннан

Мен жазатын жыр аты.

 

Сыр ұрладым тасыңнан



Сезім толы көктемің.

Сеніменен ашылған

Жастығымның беттері.

 

Күрсінесің...



Байқаймын...

Мұңым басым менің де.

Жан сырымды айтайын

Шырылдасын көгіңде.

 

Әсем үнмен мүсіндеп,



Тербемекпін, Алматы.

Сұлу жырым үшін де,

Мен керекпін, Алматы!

 

Сендегі көп шеріңді



Қаламыммен ақтарам.

Босатып бер, төріңді

Өзге жұмақ жат маған.

 

Ұшырмақсың ұяңнан



Жанымды жер...

Алматы...

Құлап барам, қияңнан

Қолыңды бер, Алматы...



Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/debiet/poeziya/4147/

1. Алматының тарихы.
жүргізуші. Алматының тұрған жерінде ежелден кімдер мекендеген?.
Аружан .Қала тұрған жерді қазақ ұлтын құраған тайпалар мекендеген. Археологтардың зерттеулерінде ертеде сақтар, кейін үйсіндер, орта ғасырларда дулат тайпалары мекендеген деген дәлел айтады.
жүргізуші. Алматы ежелден қандай атпен аталған?
Сымбат. Алмалық пен Алмату. Алмату қазіргі Алматы тұрған жерде орналасқан. Алматудан қалған ескерткіштер 20 ғасырдың 40 - 50 жылдарына дейін сақталған. 1807 жылы Верный бекінісі салынған.
жүргізуші. Алматы атағын қашан алды?
Гүлдана. 1918 жылы 2 наурызда Кеңес үкіметі орнады.
1921 жылы ежелгі Алматы атауын қайта алды.
жүргізуші. «Қазақстан» кітабынан «алтын адам» туралы не білесің?
Индира. Алматы облысы, «Есік» қаласынан, қаланың сол жақ жағалауынан табылды. 1969 - 1970 жылдары К. Ақышов 17 - 18 жастағы сақ жауынгері бейнесін.
жүргізуші. Қалаға көрік беретін қандай ғимараттар бар?
Еркежан. Даңқ монументі, М. Әуезов драма театры, Медеу мұз айдыны, Спорт сарайы, «Қазақстан», «Анкара», «Рахат - палас» қонақ үйі, Республика сарайы, Мемлекеттік музей, т. б.
жүргізуші. Алдағы уақытта Алматыда қандай кинолар түсірілсе деп ойлайсың?
Риза.Біздің туған жеріміз Аралдың тарихы, жолда көретін қиындықтарымыз, Ортадағы өткелдерді адамдардың көрген қиындығын ағаларымыз көріп, солар жайлы деректі фильмдер, арнайы жобалар жасаса деп ойлаймыз.
жүргізуші. Алматыдан қандай ақпарат құралдары тарайды? Қандай газет - журналдар бар?
Индира. «Хабар», «Ұлттық арна», «КТК», «Алма тв», «Ақ желкен», «Қазақстан әйелдері», «Балдырған» т. б

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет