Ән тыңдау. «Балбырауын». Құрманғазы. Үнтаспа.
- Музыка қандай темпте жазылған?
- Музыка көңілді ме, әлде көңілсіз бе?
- Күйді тыңдағанда көз алдарыңа не елестеді?
- Құрманғазының басқа қандай күйлерін білесіңдер? Бірде Браун деген неміс Құрманғазыны өзінің үйінде болатын балға (тойға) шақырады. Бал күйшіге қатты ұнайды. Көңілді музыка, би, көтеріңкі көңіл күй әсерімен Балбырауын (Бал Брауна) күйін шығарады.
Күй жылдам, көңілді орындалады.
Ән айту. «Ақ мамам». Ә. Бейсеуов.
- Әлемдегі ең қымбат, ең аяулы жан кім?
- Кім сендерді аялап, мәпелеп өсіреді?
- Ана туралы қандай мақал-мәтел, қанатты сөздер білесіңдер?
- Аналарың сендерді еркелетіп қалай атайды?
- Әнді айтар алдында өткен сабақтағы бір әнді айтып, дауысымызды қалыпқа келтірейік. Ән орындағанда әрқайсың өз аналарыңды еске түсіріп, көңілді, бір-біріңе үндесіп орындаңдар. Әнді қатты айқайламай, сөздің арасында дем алмай, жылы жүрекпен орындау керек.
Әуенді қимыл-қозғалыс. «Қазіргі би ырғағы».
Балаларды жаңаша, замана талабына сай қимыл-қозғалыстар жасай білуге үйрету. Қолдың, аяқтың, бастың қимылдары музыка әуеніне сай үйлесуін қадағалау. Ерекше қимыл көрсеткен баланы басқаларға үлгі ету.
Музыкалық - дидактикалық ойын. «Кішкене басқыш». Басқыштар арқылы жоғарылаған сайын дыбыстардың жіңішке-ретінін, төмендегенде жуан дыбысқа ауысуын (шығаратынын) байқату. Гамманы үйрету. Октавамен жоғары-төмен дыбыстар шығару.
Музыкалық аспапта ойнау. «Илиғай». Қазақтың халық өнін түрлі аспаптармен қостау.
Түрлі ұрмалы аспаптарды біріктіріп, оркестр шығару. Ырғақты дұрыс ұстауға, бірге бастап, бірге аяқтауға үйрету. Үндесімділікті ести білуге баулу.
Әліппе - дәптермен жұмыс.
Қорытынды: Бүгін біз қандай музыка тыңдадық? Ол күй қандай оқиғаға арнап шығарылған? Бүгінгі іс-әрекеттің қай кезеңі ұнады?
Іс-әрекетті қорытындылай отырып, марапаттау, бағалау, белсенді балаларды ерекше атап өту.
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Әжеме арнаймын әнімді.
Бағдарламалық мазмұны: Күйші, күй сипаты, мазмұны туралы түсініктерді дамыту. Жоғары, төмен дыбыстар жүйесін ажырата білуге жаттықтыру.
Әнді орындаған кезде ана, анама, әже, әжеме, т.б. сөздердегі дауысты дыбыстарды дұрыс, таза айтуға және әнді назды, лирикалық сипат бере орындауға баулу. Музыка ырғағына сәйкес би элементтерін көңілді, жеңіл орындауға дағдыландыру. Әжеге деген мейірімділікке тәрбиелеу. «Қалай туысамыз» деген түсінік қалыптастыру.
Пайдаланылатын құралдар: әжелердің іс-әрекеттерінің, мамандықтардың суреттері.
Алдын ала ұйымдастырылатын жұмыс: әже, аналар туралы әңгімелесуді жалғастыру, тақпақ, өлең орындау; сыйлықтар дайындау. «Әжелер сайысын» ұйымдастыру.
Іс-әрекет кезеңі:
- Әже дегеніміз кім?
- Әже деген қандай адам?
- Кімнің әжесі бар?
- Әжеңе қандай көмек көрсетесің?
Әже дегеніміз кім?
Әпкем баласы,
Әкем баласы.
Әкемнің бар ағасы,
Ол да әжемнің баласы...
Анам дейді мамашым,
Әже деген, шамасы,
Аналардың анасы!
Ә. Табылды
Ән тыңдау. «Қосалқа». Дәулеткерей. Үнтаспа.
- Күй дегеніміз не?
- Кімді күйші дейміз?
- «Қосалқа» күйін кім шығарды?
- Күй нені бейнелейді?
- Күй көңілді ме, әлде көңілсіз бе?
- Күй адамның қандай сезімін тәрбиелейді?
- Күйді тыңдағанда қандай эсер алдыңдар? Ән айту. «Ақ әжем». К.Қуатбаев.
- Әлемдегі ең қымбат, ең аяулы жандар кімдер?
- Кім сендерді аялап, мәпелеп өсіреді?
- Ең мейірімді, сүйкімді кім?
- Кім сендерді қонаққа ертіп барады?
- Әже туралы қандай мақал-мәтел, қанатты сөздер білесіңдер?
- Әжелерің сендерді еркелетіп қалай атайды?
Әуенді қимыл-қозғалыс. Әжелерге арналған «Ақ әжем» әнінің музыкасына сәйкес қандай би қимылдарын орындар едіңдер?
Халық биі «Қаз-қатар» - музыка әуенімен бірге нық қимылдар жасау. Қолды түрлендіріп, бұралту, қазақ биінде кездесетін элементтерді үйрену. Денені түзу ұстау, бірге иілу.
Музыкалық - дидактикалық ойын. «Бір көмекке жарайық».
Музыкалық аспапта ойнау. «Әжеме арнаймын әнімді» әнін балалардың қалауы бойынша таңдаған аспапта немесе қалаған әнді орындау.
Әліппе - дәптермен жұмыс.
Қорытынды: Бүгінгі сабағымыз кімге арналды? Бүгінгі барлық іс-шараларымыз: күйіміз, ән мен биіміз қымбатты әжелерімізге арналды.
«Әже» дегеніміз кім?
Әже - әкемнің анасы,
Әже - анамның анасы,
Әжеден тарайды сыйластық,
Әже адамға сыйлайды қимастық.
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Құстар қайтып келеді.
Бағдарламалық мазмұны: Балаларды өздігінен музыка бағытын (баяу, көтеріңкі, жоғары, төмен) ажыратуға, анықтауға үйретуді жалғастыру.
Музыканың әр қимыл сипатын бере білуге, ырғақты сезіне білуге, белсенді орындауға дағдыландыру. Құстарға деген қамқоршылыққа тәрбиелеу.
Пайдаланылатын құрал: құстардың суреті.
Жаңылтпаш:
Көк тырна, көп тырна,
Тыраулап тек көп тұрма.
***
Қара қарғаларға
Ала қарғалар үйір.
Ала қарғаларға
Қара қарғалар үйір.
Алдын ала ұйымдастырылатын жұмыс: құстардың тіршілігі, пайдасы туралы әңгімелеу. «Құстар қыста тоңады» тақырыбында жұмыс ұйымдастыру. Құстарға байланысты халық болжамын қолдану, жинақтау, бақылау.
- Қандай құстарды білесіңдер? Жыл мезгіліне сәйкес құстар тіршілігінде қандай өзгерістер болады?
Келді аңқу, көкте қаз,
Орманда бұлбұл сайраған.
Көптен күткен көктем кеп,
Құлпырып дала жайнаған.
Іс-әрекет кезеңі:
Жұмбақ:
Көктемде ұшып келеді,
Жаздай концерт береді.
Бұл қандай құс?
Tay басында ағаш үй,
Соны мекен етеді.
Қыста алысқа кетеді.
Бұл қандай құс? (Қараторғай)
Ән тыңдау. «Қараторғай». Ақан сері. Үнтаспа. Әндердің бірқатары табиғатпен тығыз байланысты болады. Олар бірде тау-тас, өзен-суды жырласа, енді бірде сол табиғат аясындағы құстарды әнге қосады. Әнде Ақан сері талай жыл серігі болған Қараторғайының қартайған қалпына жанашырлық білдіреді, қамқорлық, мейірімділік танытады.
- Ән қалай орындалды?
- Әннің көңіл күйі қандай?
- Сендер қандай құстарды білесіңдер?
Қос канатын иіп ап,
Жарға келіп қонады.
Қара киім киіп ап,
Балшықтан үй салады.
Бұл қандай құс? ~ Дұрыс, қарлығаш. Олай болса қарлығаш туралы ән орындаймыз.
Ән айту. «Қарлығаш». А. Жұбанов.
Орындықта арқаны тік ұстап отырып, дауысты қалыпқа келтіретін жаттығу жасайық. Демді терең алып, жайлап үнемдеп шығарып, әнді баяу, байыпты айтуға үйрену керек.
- Ән не туралы?
- Әннің көңіл күйі қандай?
- Қандай құстарды білесіңдер?
- Құстардың қандай пайдасы бар?
- Жылдың қай мезгілінде құстар ұшып келеді?
- Құстарға қандай қамқорлық көрсетесіңдер?
Әуенді қимыл-қозғалыс. «Тырналар биі».
- Тырна деген қандай құс?
- Құстар негізінен қай дене мүшелерімен көп қимыл жасайды?
Екі қолды қанат секілді қағып, аяқтың ұшымен жүгіріп, жеңіл қимылдар жасаймыз. Құстардың ұшуын қолдың көмегімен, музыка ырғағына үйлесімді жасау қажет.
- Енді шеңбер бойымен жеңіл жүгіріп, қалықтаған кейпін, жан-жағына мойнын созып қараған кейпін келтірейік.
Музыкалық - дидактикалық ойын: «Құстар мен балапандар».
Техникалық құралдардың көмегімен аспаптардың дыбысын ажырату. Балаларды ести, тыңдай білуге дағдыландыру. Есту қабілетін арттыру.
Музыкалық аспапта ойнау: «Сауысқан». Е. Құсайынов.
Әліппе - дәптермен жұмыс.
Қорытынды: Сонымен бүгінгі іс-әрекетімізде не үйрендік? Әнімізді неге арнап айттық? Қандай құс туралы музыка тыңдадық? Ән сендерге ұнады ма?
Балалармен достасып,
Жазда бақты қорғайды.
Күзде кетер қоштасып.
Айтыңдаршы, балалар,
Кім қорғайды қыстап қалған торғайды? Жақсы орындаған балаларды ерекше атап өту, мақтау, мадақтау.
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Наурыз — біздің жаңа жыл.
Бағдарламалық мазмұны: Ән мазмұнын (жыл мезгілі) түсіне, еске түсіре, тани, салыстыра, ажырата білуге талпындыру. Әнді жеке, қосылып, еркін, көңілді, шаттана орындауға жаттықтыру. Таныс әндерді тану барысында, сөз ұйқастарын бере білуге талпындыру.Ұлттық мерекелер мәнін жете түсіндіру, қызығушылығын арттыру. Музыка ырғағына сәйкес бейнелер қимылын бере білуге талпындыру.
Пайдаланылатын құралдар: Наурыз мерекесінен көріністер, наурыз көже. Наурыз мерекесі туралы қанатты, тыйым сөздер. «Наурыз - біздің жаңа жыл » атты ұжымдық панно жасау.
Алдын ала ұйымдастырылатын жұмыс: Наурыз мерекесінен көріністер, наурыз көже, мерекелік дастарқан туралы әңгімелесу.
Іс-әрекет барысы:
Наурыз тойы туралы не білесіңдер? Наурыз тойы қашан тойланады?
Наурыз тойы - өте ертеден келе жатқан мейрам. Арада көп жылдар өтіп, Наурыз тойы жаңадан жаңғырып, халық арасында «Ұлыстың ұлы күні», «Жер-Ананың тоң кеудесі жібіген күн», «Жылбасы», «Жаңа жыл» деп аталды.
Кетіріп қыстың қаһарын,
Келтіріп уақыт баһарын,
Төрт түлік малын төлдетіп,
Молайтқан ақты селдетіп,
Жеріме жетті НАУРЫЗ!
Бидай, ет, тары, қамырын,
Түз, сүт, су - қосып барлығын,
Пісірген көктем - әжесі
Ұсынып наурыз көжесін,
Жеріме жетті НАУРЫЗ!
Е. Өтетілеуұлы
Ән тыңдау. «Көңілді би». Ө. Байділдаев.
— Музыка қандай көңіл күйде жазылған?
— Әуенді тыңдағанда қандай оқиға еске түседі?
— Дыбыс жылдамдығы қалай?
Музыка өте көңілді, жылдам, жігерлі орындалады. Әуенді тыңдағанда көңіл көтеріліп, шабыттанып, еріксіз би қимылдарын жасауға мәжбүр етеді.
Ән айту. «Наурыз - біздің жаңа жыл». Ж. Қалжанова.
- Наурыз деген сөз қандай мағынаны білдіреді?
- Наурызға байланысты қандай салт-дәстүрді білесіңдер?
- Наурызды неліктен жыл басы деп атайды?
- Наурызды халқымыз қалай тойлайды?
- Наурыз мерекесінде жасалатын ұлттық тағамдарды атаңдар.
Ән бастамас бұрын дауысымызға жаттығу жасап алайық. Ән жылдам, көңілді орындалады.
Әуенді қимыл-қозғалыс. «Көңілді би» музыкасына сәйкес би элементтерін ойлап табу. «Айгөлек». Қазіргі би ырғағы.
Ырғақты ұстай отырып, аяқтың өкшесін жерге бірдей қойып, бірге адым басып қимылдар жасау. Денені әсем, әдемі қимылға ендіруге үйрету.
Музыкалық - дидактикалық ойын: Барабан (ұрмалы аспап).
Ұрмалы аспапты ырғақтан қалмай ұра білу, қолдың саусақтарын жетілдіру. Музыкамен қосылып барабанды соғу.
Әліппе - дәптермен жұмыс.
Қорытынды: Бүгін біз қандай мереке жайында әңгіме еттік? Қандай ән тыңдадық? Ән сендерге ұнады ма? Үйде наурыз мерекесін қалай тойлайсыңдар?
Балаларға баға беру, мақтау, қолпаштау.
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Берекелі дастарқан.
Бағдарламалық мазмұны: Музыка мен сөз арасындағы үндестікті сезіне білу. Әнді көңілді, қуанышпен, мәнерлі орындауға жаттықтыру. Түрлі саз аспаптарының тембрін ажырата білу қабілетін дамыту.
Билердің қарапайым өзіндік түрлерін ойлап табуға жетелеу.
Пайдаланылатын құралдар: түрлі тағамдар суреті, әңгіме құрастыру.
Алдын ала ұйымдастырылатын жұмыс: Тағам туралы тақпақ, жұмбақ айту; тыйым сөздер: дастарқаннан аттама; дастарқан басында керілме; үлкеннен бұрын асқа ұмтылма; нанды төңкеріп тастама; нанды бір қолыңмен үзбе; нан қоқымын шашпа, аяқпен баспа; тұзды шашпа, т.б.
«Ас - адамның арқауы» деген қанатты сөз мағынасын түсіндіру; асқа отырар алдында қолыңды жу, т.б. тазалық, әдептілік ережелерін ұғындыру, меңгерту.
Жаңылтпаш:
Есет атам ет асатар,
Ет асатса, бес асатар.
Жұмбақ:
• Төрт қазық,
Жалпақ шатыр - үсті ыңғайлы,
Күніне үш баийды, үш жұтайды.
• Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды,
Қонақтарды көңілдене сыйлайды.
Бұл не?
Іс-әрекет кезеңі:
Қандай ұлттық тағамдарды білесіңдер?
Жұмбақ: Бір сусын бар жұртымда,
Ішсең уыз ұртыңда.
Бәрі содан шығады —
Ірімшік, май, құртың да.
Бұл не? (Сүт )
- Биенің сүтінен жасалған тағам қалай аталады?
- Түйенің сүтінен жасалған тағам қалай аталады?
Ән тыңдау. Қазақтың халық әні «Ауылым-әнім». Үнтаспа.
- Бұл ән - ел арасында кең тараған өндердің бірі. Әнді тыңдап отырғанда табиғаттың, ауылдың қандай тыныс-тіршілігін елестеттіңдер?
Ән айту. «Қазағымның дәстүрі». О. Сүлеймен.
Әнді айтар алдында дауыс жаттығуын жасап алайық. Әнді айқайламай, бір-біріңе үндесіп айтыңдар. Дем алғанда иықты көтермей, іштен тыныс алуға дағдыландыру.
- Әнде не туралы айтылады?
- Ән қалай орындалды?
- Осы әннен қандай эсер алдыңдар?
Барлық тәтті, дәмді тағамдар: шұжық, қазы, қарта, жал, жая, қымыз, шұбат, құрт, ірімшік, балқаймақты - қазақтың ұлттық тағамдарын ауылдан, базардан табуға болады. Дегенмен, балалар, ас атасы не?
Дұрыс! Ас атасы - нан.
Ac — ырыс — құт
Бір шөкім түз үйіне ала барған,
Адамды да қарсы алып алады алдан,
«Нан ауыз ти!» - деп тұрған әдеппенен
Айналайын ардақты аналардан.
Нанға төтеп береді қамал қандай,
Нанды аймалап жатады самал қанбай.
Бұл дәстүрдің өзі де әуел баста
Жұпарынан нанның тек жаралғандай!
Ж. Набиуллин
- Ас, тағам туралы қандай жұмбақ, тыйым сөздер білесіңдер?
Психологиялық жаттығу: Тәтті тағамдар. Ащы тағамдар.
Әуенді қимыл-қозғалыс. «Қара жорға» биі.
«Қара жорға» биін буын биі деп те атайды. Яғни, би билегенде бүкіл буындар қозғалысқа түсуі керек. Екі иықты, қолдың буындарын, аяқтың буындарын, белді түгел қимылға келтіреді. Би өте жылдам емес, орташа екпінде орындалады.
Әліппе - дәптермен жұмыс.
Қорытынды: Бүгінгі іс-әрекеттің қандай сәттері естеріңде қалды?
Ерекшеленіп ән, тақпақ, жұмбақ, тыйым сөздер айтқан, би билеген балаларды айырықша атап өту, мақтау, дәріптеу.
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Ақсақ киік.
Бағдарламалық мазмұны: Құрманғазы күйшінің өмірі, шығармашылығымен таныстыру. Күй тыңдау барысында алған өсерін жеткізе білуге, басқа күйлермен салыстыра, ажырата білуге үйрету.
Ән арқылы аңдарды тани, атай білуге; үй жануарлары мен жабайы аңдарды ажырата білуге үйрету. Музыка ырғағына сәйкес жануарларға, аңдарға тән қимыл-қозғалысты бере білуге талпындыру. Жануарларға деген қамқорлық сезім қалыптастыру.
Пайдаланылатын құралдар: Композитордың суреті; аңдар, киік суреті; күй мазмұны бойынша бейнелеу, киікті мүсіндеу.
Алдын ала ұйымдастырылатын жұмыс: Жануарлар, киік, қамқорлық туралы әңгімелесу; жануарлар туралы шағын әңгімелер құрастыру; жұмбақ жасыру, тақпақ жаттау. «Менің жануарым» атты сурет, мүсін көрмесін жалғастыру, толықтыру. Аңдардың пайдасы, зияны туралы түсінік қалыптастыру.
Іс-әрекет барысы:
Арқаның Бетпақ деген даласы бар,
Бетпақ шөл, ойлы-қырлы панасы бар.
Сол шөлде ел жоқ, күн жоқ өсіп-өнген,
Жәндіктің киік деген баласы бар...
Сандалып келе жатты аңсақ киік,
Бір тоқтап, анда-санда әлін жиып.
Ақбөкен сахараның ботакөзі,
Атты екен қандай адам көзі қиып...
Азайды соңғы кезде байғұс бөкен,
Мың-мыңдап баяғыда өреді екен.
Бұл күнде келе жатқан жолаушыға,
Кез келер анда-санда саяң-некен...
Ән тыңдау. Құрманғазының күйі «Ақсақ киік». Үнтаспа.
- Күй қандай аң туралы болып отыр?
- Күйді тыңдағанда қандай көріністі елестеттіңдер?
- Жануарларды неліктен қамқорлыққа алу керек?
- Күйді байқап тыңдасаңдар, ақсаңдап шапқан аңның жүрісін естуге болады. Қоршаған ортаны, табиғатты, табиғаттағы жан-жануарларды аялай, сақтай білуіміз керек.
Ән айту. «Қоян». К. Қуатбаев.
- Қоян қандай аң? Қоянның баласы қалай аталады? (Көжек)
- Қоян туралы не білесіңдер? (Қорқақ, жүйрік, ақ, сүр түсті болады).
- Тағы қандай аңдарды білесіңдер?
Ән айтар алдында дауысты жаттықтырып, ережелерді естен шығармайық. Ән көңілді, жеңіл айтылады. Сұрақ-жауап арқылы балалардың ой-өрісін дамыту.
Әуенді қимыл-қозғалыс. «Қоңыр аю қорбаңбай». Б. Дәлденбаев.
- Балалар, аюдың баласы қалай аталады? Аю қалай жүреді? Ал қонжықтар ше?
— Аю мен қонжықтың және қоянның қимылында қандай айырмашылық бар?
Музыка ырғағымен аңдардың қимылдарын бейнелеу. Импровизация жасап, түрлі қимылдар ойлап табу.
Музыкалық - дидактикалық ойын: «Не қалай жүгіреді?» Г.Левкодимова.
Әліппе - дәптермен жұмыс.
Қорытынды: Бүгінгі іс-әрекетімізде қандай аң туралы музыка тыңдадық? Ол күйді шығарған кім? Әнімізді қандай жануарға арнап айттық? Үй жануарлары мен аңдардың қандай айырмашылығы бар? Бүгінгі іс-әрекетіміздің қай кезеңі ұнады?
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Орыс халқының музыкалық аспаптары.
Бағдарламалық мазмұны: орыс халқының бір әнінің әртүрлі аспапта ойналған сазын тыңдау, салыстыру, ажыратуға үйрету. Қазақ ұлттық саз аспаптарымен салыстыру, ұқсастығын ажырата білу қабілеттерін қалыптастыру. Орыс халқының музыкалық аспаптарының кейбірі басқа халықтардың музыкалық аспаптарына ұқсас екендігі туралы ұғым қалыптастыру.
Пайдаланылатын құралдар: орыс халқының шертпелі, ұрмалы, үрлемелі аспаптары, олардың суреттері. Кесінді лото (түрлі аспаптарды құрастыру); құрылысы, жасалуы, дыбысымен танысу. Қазақтың ұлттық саз аспаптарына ұқсастығы, айырмашылығы туралы әңгімелеу.
Ұлттық аспаптарды ажырату мақсатында түрлі музыкалық - дидактикалық ойын ұйымдастыру; аспаптардың салыстырмалы суреттерін салу, мүсіндеу.
Орыс халқы ойын-сауық кезінде би ырғағын күшейту мақсатында кез келген дыбыс шығаратын заттарды қолданған. Мысалы: темір ыдыстар, самауырдың мұржасы, пештің аузын жабатын қақпақ, ағаш кесетін ара, шөп шабатын шалғы. Сонымен қатар ағаш қасықтарды да жиі қолданған.
Гусли музыкалық аспабының бірнеше түрі болады, яғни 4, 5, 6, 9 ішекті, ішектері темір сымнан тартылады. Көлемі бойынша үлкен (ұзындығы 85 см) және кішкене (35,5 см.). Заманына қарай гуслидің пішіні (формасы) өзгерді, негізінен үшбұрышты болған. Гуслиді саусақпен шымшып шертіп ойнайды. Кейіннен бұл аспапта ойнау тәсілдері жетілдірілген.
Балалайка ертеден халықтық музыкалық символ болып табылады. Балалайка аспабының аталуы түрлі жорамалданады. Бұл аспаптың пішіні, құрылысы да өзгеріске ұшырап отырған. Мәселен, балалайканың көне түрлері 2 ішекті болса, 3 ішекті түрі де болған. Балалайканың ішегі темір сымнан тартылады. Ерте кезде балалайканы саусақтың ұшымен ойнаса, кейіннен медиатормен ойнайды. Балалайка аспабы шертпелі Домбыра аспабының тобына жатады.
Ән тыңдау. «Бубенчики». «Гармошка». «Балалайка». Е.Тиличеева.
Музыканы тыңдай отырып, қай аспаптың үні естіліп жатқанын ажырата білуге үйрету.
- Қай аспаптың үні сендерге көбірек ұнады?
- Музыка қандай көңіл күйде орындалды?
- Қазақ аспаптарына ұқсай ма?
Орыстың гусли аспабы қазақтың жетіген аспабына ұқсайды. Айырмашылығы – жетігеннің үні жұмсақ естілсе, гусли үні сыңғырлы. Балалайка аспабы домбыра секілді, домбыраның ішегі жіңішке капрон жіптен тартылса, балалайканың ішегі сымнан тартылады әрі үш ішекті болады.
Ән айту. Әнді әдеттегідей дауыс жаттығуынан бастаймыз. Дауысты қалыпқа келтіріп болып, өткенді қайталап, жаңа ән үйренеміз. Ән көңілді, жеңіл орындалады. Әнді үндесіп, бірін-бірі ести отырып айтуға үйрету. Әнді тақпақ секілді емес, әуенімен әндете айтуға және қимылмен көрсетуге талпындыру.
Бір баланы дирижер етіп тағайындау.
Е. Тиличееваның «Бубенчики», «Гармошка», «Балалайка» қысқа ән сөздерін, шумақтарын музыка жетекшісіне еріп, қайталап орындау.
- Әнде не туралы айтылады?
- Қандай ырғақта орындалады?
- Ән көңілді ме, әлде көңілсіз бе?
- Мүмкіндігінше музыкаға сәйкес үйлесімді қимылдар жасауға талпындыру.
Әуенді қимыл-қозғалыс. «Орыс биі». С. Павин.
Әуенді ести отырып, орыс билеріне тән аяқтың ұшын, өкшесін үш рет жерге ұруды үйрену. Тізені көтеріп алға жылжу (подошки) қимылдарын үйрену. Ырғақтан қалмай бірге қимыл жасау.
Музыкалық – дидактикалық ойын: «Ойнаған қандай аспап?» Әртүрлі музыкадан дыбыс шығарып, аспаптарды үнінен ажырата білуге үйрету. Аспаптардың атын дұрыс атауға баулу.
Әліппе - дәптермен жұмыс.
Қорытынды: Орыс халқының қандай аспаптарымен таныстыңдар? Қазақ аспаптарына ұқсас аспап бар ма? Қай аспап ұнады?
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Ұлы достық жасасын!
Бағдарламалық мазмұны: ән мазмұны арқылы мейірімділікке, достыққа, сыйластыққа тәрбиелеу. Әнді ширақ, көңілді, еркін орындауға төселдіру.
Ұлттық би элементтерін еркін орындауға жаттықтыру.
Пайдаланылатын құралдар: Түрлі ұлттық қуыршақтар, олардың ұлттық киімдері; ұлттық ойындар атрибуты.
Алдын ала ұйымдастырылатын жұмыс: Басқа ұлттардың салт-дәстүрімен таныстыру. «Достығымыз жарассын» атты көрме ұйымдастыру.
Достық туралы өлең, тақпақ жаттау. Музейге саяхат жасау.
Бақыт, бірлік - күн талабы, Тоқтамайды дүбір әні. Мәңгі-бақи шырқалады, Республикам Әнұраны.
Іс-әрекет кезеңі.
Ән тыңдау. «Отан - ортақ үйіміз». Д. Ботбаев.
- Отан деген сөзді қалай түсінеміз?
- Отан туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?
- Біздің туған Отанымыз қалай аталады?
- Ән қандай темпте, қалай орындалды?
- «Отан оттан да ыстық» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Балаларды отансүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу. Елін, жерін мақтан ете алатын азаматтарды тәрбиелеу.
Ән айту. «Достық». И. Нүсіпбаев.
- Дос деген сөзді қалай түсінесіңдер?
- Біздің арамызда түрлі ұлттық балалары бар, солармен қандай қарым -
қатынастамыз?
- Ән қандай темпте жазылған?
Дос, достық туралы әңгіме өткізу. Әнді бастар алдында ережелерді есте сақтай отырып, жаттығумен дауысымызды қалыпқа келтірейік. Ән жігерлі, нақты орындалады. Тату-тәтті өмір сүрсек, отанымызды аялап сүйе білсек, отанның нағыз бақытты балалары біз боламыз.
Психологиялық жаттығу: «Саусақтар жарысы».
Әуенді - қимыл қозғалыс. «Балақан да алақан». Әуенді орындай жүріп ырғақпен қол соғу. Ол бала ырғаңқа ілесе алмаса, онда өз өнерімен айыбын өтейді. Музыка әуенімен балалардың ырғақты қимылын қалыптастыру.
Музыкалық аспапта ойнау: «Біздің оркестр». Түрлі аспаптардың жиынтығын таныс әуенге салып, оркестрде ойнау. Бір уақытта бастап, бірдей аяқтау, ырғақты дұрыс ұстау.
Әліппе - дәптермен жұмыс.
Қорытынды: Бүгін қандай тақырыпта әңгіме өткіздік? Ән не туралы болды? Ол ән қандай жылдамдықта, қалай орындалды? Ән сендерге ұнады ма?
Қысқаша қорытындылау, мақтау, марапаттау.
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Аты аңызға айналған.
Бағдарламалық мазмұны: Бейбітшілік дегеннің не екенін түсіндіру, бейбіт елдің бақытты балалары екендерін ұғындыру. Батыр атамыздың өмір өнегесі, өсиеті арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу. Болашақ елін қорғайтын ер болуға тәрбиелеу.
Пайдаланылатын құралдар: Бауыржан Момышұлының портреті, кітаптарының көрмесі, қанатты сөздер.
Алдын ала ұйымдастырылатын жұмыс: Бейбітшілік тақырыбына әңгімелер оқу, тақпақтар үйрету, Б. Момышұлының ерлігі туралы әңгіме өткізу.
Іс-әрекет кезеңі:
Ерлік туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?
Отан үшін отқа түс - күймейсің.
***
Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу - сатқындықтың белгісі.
***
Опасызда Отан жоқ.
***
Тізе бүгіп тірі жүргеннен - тік тұрып өлген артық.
Достарыңызбен бөлісу: |