6.2.1 Іс-әрекет түрлері мен формалары Дәріс-әңгіме, дәріс-концерт, практикалық сабақтар, мерекелік шаралар. Қазақ халқының дәстүрлі музыкасымен танысу. Міндетті түрде ұлттық киім кию. Фольклор - ол дәстүрлі деген мағынаны береді. Ұлттық үйрету дәстүрін қолдануға болады, мұғалім жай ғана әңгімелеу, түсіндіру және көрсете білу керек. Қандай да болсын халық әні халық арасында орындау барысында өзгереді, түрленеді.
Бір әншіде, оның көңіліне, жан - дүниесінің жағдайына байланысты, ән өзгерісті талап етеді. Сондықтан оқытушы жай ғана үйрету мақсатын қоймай, сабақ процесін құра білуі керек, бірізділік халықтық дәстүрлі әннің икемділігі мен білімділігі. Сондықтан әнді түрлі қабылдау, ол жалғыз ерекше үлгі емес.
Әншілік кезінде әншілік негізін меңгеру, таза интонациясы, дұрыс дем алу, дауыс аппаратын дамыту, есте сақтау сезімін дамыту, есту сақтау қабілетін қалыптастыру, ырғақ, жүріс гармониясы т.б. маңызды болып саналады.
Репертуарға құнды дәстүрлі музыканы қолдану.
Осындай мақсатқа жету үшін, келесі бағыттар болу керек:
- халықтық - дәстүрлі музыканың негізін көрсете білу, оның көркемдік - эстетикалық құндылығын және оның қазақ музыкасындағы орны;
- дәстүрлі музыка мен қазіргі музыканың ара қатынасы;
- халықтық дәстүрлі музыканың көп қырлылығы, әннің түрлері, жанрларының түрлері және ықшам дәстүрі;
- халық әндерді «есту» және «ести алатындай» қылып үйрету;
- халықтық өнерін жанымен шығару құштарлығын дамыту;
- оқушыларды музыканы жақсы түсінуге тәрбиелеу, оны айыра
білу т.б.