Н. А. Баранова Г. Е. Есімхан маркетинг



бет9/17
Дата31.01.2018
өлшемі3 Mb.
#36822
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17

7.2 Бақылау сұрақтары


  1. Фирманың тауарлық саясатының негізгі мақсаттарын анықтаңдар.

  2. Фирманың ассортименттік стратегиясының негізгі бағыттарын ашыңдар.

  3. Жаңа тауарды әзірлеу кезеңдерін сипаттаңдар.

  4. Инновациялық жаңалықтардың негізгі мақсаты неде?

  5. Тауардың бәсекеқабілеттігін анықтау үшін қандай факторларды есепке алу қажет?

  6. Фирманың бәсекеқабілеттігі деп нені түсінуге болады?


7.3 Тесттер
1. Әрбір тауардың өзіндік өмірлік циклі болады. Әдетте оны сипаттауда қарастырылады

A) жаңа тауардың шығарылуына және оның жалпы өндірісін жүзеге асыруына кететін уақыт интервалы;

B) жалпылама өндірісте іске асыру сәтінен өндірістен алыну сәтіне дейінгі уақыт интервалы;

C) тауардың нарықта болу уақыты;

D) байқалмалы сатуды өткізу уақытынан жалпылама өндірістен алыну уақытына дейінгі уақыт интервалы;

E) тауарды алу уақытынан оны қайта өңдеу уақытына дейінгі уақыт интервалы.

2. «Сосновый бор» минералды суы мына кезеңде тұр

A) енгізу кезеңінде;

B) өсу кезеңінде;

C) толу кезеңінде;

D) басылу кезеңінде;

E) қанығу кезеңінде.

3. Кәсіпорын оны сатудан максималды пада табатын тауардың өмірлік циклінің кезеңі – бұл

A) енгізу кезеңінде;

B) өсу кезеңінде;

C) толу кезеңінде;

D) басылу кезеңінде;

E) қанығу кезеңінде.

4. Жаңа тауар деп саналады

A) нарықтық жаңа тауар;

B) жаңа сферада қолданылатын тауар;

C) түпкілікті жетілдірілген тауар;

D) пайда болуына дейін нарықта оған ұқсас тауарлардың болмауы;

E) барлық жауаптар дұрыс.

5. Жаңа тауарларды жасап шығарушы кәсіпорын тексеру маркетингін жасайды

A) нарық сыйымдылығын анықтау үшін;

B) сатылым көлемінің мүмкіндігін белгілеу үшін;

C) тұтынушылардың қатынасын анықтау үшін;

D) тауардың сериялы өндірісін іске қосу туралы соңғы шешім қабылдау үшін ;

E) барлық жауаптар дұрыс.

6. Жаңа тауарларды жасаудың бірінші кезеңі болып табылады

A) жаңа тауарлар идеясын іздеу;

B) жаңа тауарлардың үлгісін жасау;

C) зертханалық және нарықтық тәжірибелер өткізу;

D) масштабты, сериялы өндіріс;

E) нарықты дайындау.

7. Фирма тауарын нарыққа шығару кезеңі әдетте сипатталады

A) тез өсетін өткізіліммен;

B) маркетингке төмен шығынмен;

C) бәсекелестердің көп санымен;

D) өте аз пайдамен;

E) ең жоғары пайдамен.

8. Доғалы қисығы - бұл

A) маркетингтік шығындардың өзгеру қисығы;


B) нарықты игеру қисығы;
C) ТӨЦ ұзарту қисығы;
D) толық шығындардың өзгеру қисығы;
E) дұрыс жауабы жоқ.

9. Фирма тауарын нарыққа шығару кезеңі әдетте сипатталады

A) ең жоғары пайда алумен;
B) өз шығындарын жабумен;
C) белгілі шығыстардың болуымен;
D) өндірістік қуаттылықты толық салу;
E) пайда алумен және өз шығындарын жабумен.

10. Жаңа тауарларды жасаудың бірінші кезеңі болып табылады



A) идеяларды іздеу және таңдап алу;
B) үлгісін жасау;
C) зертханалық және нарықтық тәжірибелер өткізу;
D) идеяларды таңдап алу;
E) жалпылама, сериялы тауарлар өндірісі.
7.4 Тәжірибелік жаттығулар
1 тапсырма. Төменде негізгі терминдер және олардың жеке анықтамалары берілген. Терминдердің қайсысы қай анықтамаға қатысты екенін көрсету керек

А. Тауар номенклатурасы

К. Жаңа тауар

Б. Тауар ассортименті

Л. Тауардың бәсекеқабілеттігі

В. Тауар ассортиментінің кеңдігі

М. Тауардың сапасы

Г. Ассотиментті топтардың тереңдігі

Н. Ассортиментті позиция

Д. Тауар ассортиментінің үйлесімдігі

О. Ассортиментті топ

И. Тауар ассортиментінің толықтығы







  1. Кәсіпорындармен шығарылған тауарлар, сонымен қатар жетілдірілген тауарлар және шығарылған тауарлық маркалар, оларды тұтынушылар әбден жаңа немесе бірегей қасиеттері бар тауарлар деп қабылдайды... .

  2. Тауардың тұтынушыларға бәсекелес ұқсас тауарлармен салыстырғанда ұнамдырақ болу қасиеті сипатталады ... .

  3. Кәсіпорынмен өндірілетін барлық тауарлар мен қызметтер жиынтығы анықтайды... .

  4. Кәсіпорынмен жасалынатын тауарлардың ассортиментті тобының саны анықтайды … .

  5. Тұтынушылар көзқарасынан немесе басқа да көрсеткіштерден әртүрлі ассортиментті топтар тауарларының жақындық дәрежесі сипаттайды ...

  6. Кәсіпорынмен шығарылатын барлық тауарлардың ассортиментті топтар жиынтығы анықтайды ... .

  7. Берілген тауардың ассортиментті тобында ассортиментті позициялар саны анықтайды... .

  8. Барлық ассортиментті топтардағы ассортиментті позициялар саны анықтайды... .

  9. Өздерінің тұтынушылық сипаттамасына ұқсас немесе сәйкес келетін қажеттілікті қанағаттандыруға арналған тауарлардың жеке топтарын былай атау негізделген ... .

  10. Әрбір ассортиметті топ жеке маркалардан, модельдерден және басқа да өзге түрлі тауарлардан тұралы, олар аталады... .

  11. Берілген тауарды сипаттайтын және тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыратын көрсеткіштер жиынтығы анықтайды ... .


2 тапсырма. Төменде айтылған пікірлер дұрыс немесе бұрыс екенін анықтаңыз, егер пікір дұрыс болса «ия», қате болса «жоқ» деп жауап беріңіз

  1. Нарықта жаңа тауарлардың сәтсіздікке ұшырауының негізгі себептерінің бірі тауардың дұрыс позицияланбауы болып табылады.

  2. Біреудің идеясын бейресми түрде ала тұруға болады, сонымен бірге ақпаратты таратудың заңды жолдарын қолдануды ұмытпау және заңды, қорғалған патентті, тауарлық белгіні және интеллектуалды жеке меншікті бұзбауды қолдану керек.

  3. Алдымен жаңа тауардың нақты үлгісі дайындалады, содан кейін мүмкін сауданың талдауы мен экономикалық талдауы жүргізіледі.

  4. Жаңа тауарларды өндірістік немесе коммерциялық игеруді қамтамасыз ету арқылы кәсіпорын байқалмалы маркетинг жүргізеді.

  5. Абсолюттік бәсекеқабілеттілік немесе бәсекеқабілетсіздік жоқ және болуы мүмкін емес: бұл екі түсінік нарық пен уақытқа, сонымен қатар нарыққа әсер ететін басқа да әртүрлі факторларға байланысты.

  6. Көптеген тауарлардың тұтыну бағасы сатылу бағасынан әлдеқайда жоғарырақ.

  7. Кәсіпорынның ұтымды тауар номенклатурасы әртүрлі өмірлік цикл кезеңіндегі тауарлардан тұрады.


3 тапсырма. Қойылған сұрақтарға жауап беріңіз және есептің шешімін көрсетіңіз

«Керамин» кәсіпорыны Еуропада керамикалық бұйымдарды және құрылыс материалдарын өндіру бойынша ірі кәсіпорынның бірі болып табылады. Кәсіпорын мыналарды шығарады:



  • қабырғалардың ішкі қаптауына арналған керамикалық плиткалар -152 түрлі;

  • еденге арналған керамикалық плиткалар - 64 түрлі;

  • «Грес» еден плиткалары - 4 түрлі;

  • фризовалы плиткалар - 50 түрлі;

  • санитарлы керамикалық бұйымдар - 147 түрлі;

  • керамикалық кирпич - 6 түрлі;

  • каминдерге арналған үлгілер жиынтығы - 28 түрлі;

  • декоративті бұйымдар - 8 түрлі.

Тауарлы ассортименттің кеңдігін, оның түпкілігін, қанықтырушылығын, сонымен бірге «Керамин» кәсіпорынының тауар ассортименті тұтынушылардың көзқарасынан және басқа факторларды қосқанда қаншалықты үйлесімді екенін анықтаныз.
4 тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз

Тұтынушыға шоколад, телевизор, компьютер, күзен ішігін, автомобиль, картоп сатып алуда сапасының қандай көрсеткіштері маңыздырақ?


5 тапсырма. Мынандай маңдайша жазуы бар дүкендерде сатылатын тауар номенклатурасын құрастырыңыз:

  1. «Чай – кофе»;

  2. «Парижанка»;

  3. «Черный кот»;

  4. «Пятачок».

Әрбір дүкенде ассортимент топтары ұсынылады және сіз ұсынған ассортимент пен номенклатура қандай сипаттамаларға ие?
6 тапсырма. Есептің шешімін табыңыз

Тұтынушыларға екі тауардың қайсысы ұнамдырақ екенін берілгендердің негізінде анықтаңыз.




Тауарлардың сипаттамасы

Тауар № 1

Тауар № 2

Сатып алу бағасы, мың. ш.б.

20

25

Қызмет ету мерзімі, жыл

10

10

Жыл сайынғы қызмет көрсету құны, бағадан %

5

2


7 тапсырма. Есептің шешімін табыңыз

Кестеде берілгендерге қарап, тұтынушыға екі тауардың қайсысы ұнамдырақ екенін анықтаңыз.




Тауарлардың сипаттамасы

Тауар № 1

Тауар № 2

Бөлшек баға, мың. ш.б.

15

25

Қызмет ету мерзімі, жыл

12

10

Кепілдік қызмет көрсету мерзімі, жыл

2

1

Жыл сайынғы қызмет көрсету құны, мың. ш.б.

2

0,1


8 тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз

Аталған тауарлардың қайсысы субстит тауарлар болып табылады:

  1. Кроссовкалар және футболкалар;

  2. кітаптар мен дәптерлер;

  3. оттықтар мен шақпақтар;

  4. ас үй комбайыны мен кір жуғыш машиналар.


9 тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз

Маркетинг бойынша менеджер бар идея варианттарының санынан бір жаңа тауар идеясын таңдап алу керек. Ол баллдық баға әдісін қолдануды ұйғарды (10 балл – максималды баға). Тестілеу барысында оның берілгендері келесі кестеде көрсетілген:




Критерийлер

Өлшеуіш коэффициенті

Идеялар

1

2

3

4

Нарықтың даму перспективасы
















Өндірістік мүмкіншіліктер
















НИОКР
















Бәсекелестік жағдай
















Компания имиджі
















Менеджер қандай идеяны таңдап алады?
7.5 Жеке үй тапсырмасы


  1. Жаңа тауардың жіктелу типтері бойынша 2-3 мысал келтір, және оларды Интернет жүйесінен немесе газет, журналдардан алынған қиындылармен бекіт (жаңа қолданылу аясындағы нарықтық жаңа тауар және т.б.).




  1. Қазақстандық нарықтағы өндіріс пен мына келесі тауарларды сататын бәсекелестердің стратегиялық топтарын көрсетіңіз:

- кондитерлік өнімдер;

- салқындатқыш сусындар;

- жиһаз.





8 Тақырып

МАРКЕТИНГТЕГІ БАҒАЛЫҚ САЯСАТ







Бағаны орнату кезінде тек құнды және

шығындарды ғана емес, сонымен қатар

ұятты да ескеру керек.

А. Пьерс
8.1 Жалпы теориялық ұғымдар
Оқудың мақсаты

1Баға бойынша маркетингтік шешімдер туралы ұғымдарды қалыптастыру.

2 Фирманың бағалық саясаты аумағындағы білімдерін бекіту және баға

бойынша маркетингтік шешімдерді қабылдай білуді үйрену.


Сұрақтар

1 Маркетинг кешеніндегі баға саясатының рөлі.

2 Баға орнату әдістері.

3 Бағалық стратегиялар.


1 Маркетинг кешеніндегі баға саясатының рөлі

Маркетинг кешеніндегі баға саясаты маңызды орын алады.



Маркетингтегі баға саясаты- бұл белгіленген нарық үлесін иеленуге, есептік табысты алуға, сонымен қатар басқа стратегиялық және оперативті есептерді шешуге мүмкіндік беретін нарықтық жағдайға тәуелді бағаларды және оларды маневрлеу әдістерін орнату.

Баға саясатының мақсаты: табысты максималдау, экономикалық өсім, потенциалды бәсекелестіктің қаупін болдырмау, тауарлардың және фирманың имиджін жоғарылату, т.с.с.

Ең тар мағынада, баға- бұл өнім немесе қызмет үшін сұралатын ақша көлемі. Кең мағынада – бұл тұтынушы тауар немесе қызметті иелену немесе тұтыну құқығына айырбастайтын құндылықтардың сомасы.

Баға – кіріске жататын маркетинг кешенінің жалғыз элементі, басқалары шығысқа жатады, сонымен қатар ең иілгіш элементтердің бірі.

Бағаның қалыптасуына көптеген факторлар әсер етеді.

Сыртқы факторларға сатып алушылық сұраныстың сипаты мен деңгейі, олардың ықыласы және сәйкес тауарды сатып алу мүмкіншіліктері, бәсекелестердің бағалары, ТӨЦ сатысы, және де баға орнатуды маркетингтік реттеу жүйесінің ерекшеліктері, салық салу жүйесінің сипаты, елдегі және берілген нарықтағы инфляцияның деңгейі т.б. жатады.

Ішкі баға орнатушы факторларға фирманың маркетингтік және бағалық мақсаты мен стратегиялары, оның өндірістік және айналым шығындары т.б. жатады.

Тұтынушылар жоғары сапалы тауарларды жоғары бағалармен де сатып алады. Бағалық бәсекелестік бәсекелестіктің бағалық емес формаларына орын беруде: сапаның, қызмет көрсету жүйелерінің, жеткізіп беру мерзімдерінің, тауар маркаларының т.б. бәсекелестігі.


2 Баға орнату әдістері

Фирма пайдалана алатын бағаны анықтаудың және баға орнату жүйелерін құрудың көптеген әдістері бар.

Баға орнату әдісі- бұл үш тәсілге: шығындар, сұраныс, бәсекелестікке негізделенетін белгілі бір тауарға бастапқы бағаны орнату әдісі.

Әр түрлі ғалымдар баға орнату әдістерінің түрлі классификацияларын береді. Олардың кейбіреулерін келтірейік:



  • шығындық;

  • сұранысқа бағытталатын;

  • бәсекелестердің бағаларына бағытталатын;

  • аралас;

  • агрегаттық;

  • табыстың мақсаттық нормасының негізінде;

  • ағымдағы бағалар негізінде;

  • шығынсыздықты талдау негізінде;

  • параметрлік;

  • тауардың сезілетін және нақты құнының негізінде.


3 Бағалық стратегиялар

Маркетинг жоғары немесе төмен бағаларды пайдаланудың қажеттілігін анықтайтын бағалық стратегиялардың бірқатар түрлерін ұсынады. Ең танымал стратегияларға жататындар: «қаймақты қалқып алу» стратегиясы, дифференциалданған бағалар стратегиясы, біріңғай және икемді бағалар стратегиясы, бағалық лидердің стратегиясы, ТӨЦ-дің сатыларымен бағалар деңгейінің сабақтасуының стратегиясы т.б.

Тәжірибеде бағалық стратегиялар өзінің түрлері бойынша жекелей емес, нарықтағы нақты жағдайға және өзінің маркетингтік стратегиялық есептерге тәуелді, бір түрлерінің басқаларға жатқызылуы кезінде аралас (комбинирленген) қолданылады.
8.2 Бақылау сұрақтары


  1. Маркетинтегі бағалық саясаттың мақсатын анықтаңдар.

  2. Кең және тар мағынада баға деп нені түсінеміз?

  3. Бағаны қалыптастыруға қандай факторлар әсер етеді?

  4. Баға орнатудың қандай тәсілдерін білесіңдер?

  5. Баға орнатудың стратегиясын сипаттаңдар.



8.3 Тесттер
1. Кәсіпорынның баға саясатына кіреді:

A) базистік бағаларды анықтау;

B) лизингтік төлемдер есебі;

C) тауар жеткізілімін ескере отырып бағаны анықтау;

D) баға орнату стратегияларын таңдау;

E) дұрыс жауабы жоқ.

2. Нарықтық жағдайда өндірушілердің баға стратегияларын анықтайтын факторлар- бұл:

A) сұраныстың төлемқабілеттілігі;

B) бизнес міндеттері;

C) нарықтағы бәсекелес жағдайлар;

D) өндіруші шығындары;

E) дұрыс жауабы жоқ.

3. Нарықты реттеуге қолданылуы мүмкін мемлекеттік баға орнатудың экономикалық әдістері- бұл:

A) бағаларды бақылау;

B) салық, дотация және басқа да қосымша төлемдер көмегімен бағаларды жанама өзгерту;

C) өндірушілердің жекешелендірілуі;

D) жеке меншікті мемлекет меншігіне айналдыру;

E) баға дискриминациясы.

4. Өндіруші, әдетте, өз бағаларын көтереді, егер

A) бос өндірістік қуаты болса;

B) барлық тапсырысты орындай алмаса;

C) тапсырыстар көлемін ұлғайтқысы келсе;

D) сұранысты икемді деп санаса;

E) дұрыс жауабы жоқ.

5. «А» тауар бағасының төмендеуіне алып келуі мүмкін фактор, - бұл

A) «А» тауарына сұраныстың азаюы;

B) «А» тауарын тұтынушылардың табыс деңгейінің төмендеуі;

C) «А» тауарын алмастыратын - «В» тауар бағасының өсуі;

D) «А» тауар бағасының өсуін күту;

E) «А» тауарын тұтынушылардың көбеюі.

6. Өткен жыл бойы тауар бағасы сияқты, оның сатылу көлемі де құлдырады. Бұл өзгерістер мынадай факторға негізделді

A) ұсыныстың көбеюі;

B) сұраныстың көбеюі;

C) ұсыныстың азаюы;

D) сұраныстың азаюы;

E) дұрыс жауабы жоқ.

7. Егер сары майдың бағасы тез көтеріліп кетсе, онда тұтынушылар

A) маргаринді көбірек сатып ала бастайды;

B) маргарин алу азаяды;

C) бұрын қанша маргарин алды, сонша алады;

D) байлар соншалықты сары май, ал кедейлер маргаринді көбірек

алады;


E) болжау мүмкін емес.

8. Төменде аталғандардың қайсысы баға орнату мақсатына жатпайды

A) тауар сақталуын қамтамасыз ету;
B) пайданы максимизациялау;
C) нарық бөлігін үлкейту;
D) тұтынушылықтарды қанағаттандыру;
E) дұрыс жауабы жоқ

9. Тауардың ең жоғарғы бағасы анықталады

A) берілген салада бар пайдаға ең жоғарғы талаптар қою арқылы;

B) осы тауарға сұраныс көлемімен;

C) ұқсас тауарларға бәсекелестердің бағасымен;

D) барлық шығындардың ең жоғарғы деңгейімен;

E) күтілетін пайданың көлемімен.

10. Бағаның төменгі шектері анықталады

A) пайда көлемімен;

B) бәсекелестердің тауарларының бағасымен;


C) баға орнату мақсаттарымен;
D) кәсіпорынның тауарларды өндіру және сату шығындарымен;
E) осы тауарға тұтынушылық сұраныспен.

8.4 Тәжірибелік жаттығулар
1 тапсырма. Төменде негізгі терминдер және олардың жеке анықтамалары берілген. Терминдердің қайсысы қай анықтамаға қатысты екенін көрсету керек

А. Баға

П. Икемді баға

Б. Баға орнату

Р. Функционалды жеңілдіктер

В. Баға саясаты

С. Сандық жеңілдіктер

Г. Бартер

Т. Уақытша жеңілдіктер

Д. Сатып алу қасиеті

У. Сконто жеңілдіктер

Е. Тауарлар ұсынысы

Ф. Контрактілі баға

Ж. Ұсыныс қисығы

Х. Несие

З. Сұраныс қисығы

Ц. Тұтынушылық несие

И. Бағалық сұраныс икемділігі

Ч. Коммерциялық несие

К. Сұраныс икемділігі

Ш. Лизинг

Л. Сұраныс икемсіздігі

Щ. Биржалық баға белгілеу

М. Базалық баға

Э. Жинақталмаған баға

Н. Шығынсыздық нүктесі

Ю. Стандартты баға

О. Беделді баға





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет