Н. Д. ОҢдасынов ? Арабша-қазақша түсіндірме сөздік



бет19/42
Дата11.01.2017
өлшемі9,76 Mb.
#7320
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   42

қажылық. Қажы атағы діндарлар арасында үлкен бедел болғандықтан, жыл сайын Меккеге қажылық жасайды (X. Ақназаров). Қажылық қып кетті ме Мақсұт ағаң, Ағайынмен ұрысып, даудан өлген?... Мақтанған байларыңнын оңғаны жоқ, Төрт бұрышын төңіректің жалмап өлген (Жамбыл);

хаж. Басында хаж сапарынан киіп қайтқан, шошақ ақ тақиясы бар (М. Әуезов). Қыздың әкесі несиеге орыс көпестерінен бұл алып, банкрот болдым деп көпеске хабар беріп, бұлды елге салып, байлығы тасыған соң, Меккеге барып хаж қылған екен (М. Әуезов).

حجة (хужжатун) өжет1) дәлел; 2) сылтау; 3) иелік документ (бір нәрсеге); 4) ауыс. қайсар, табанды, өр. Екі облыстың жапсарында мойны қашықта әрекет етіп жүрген өжет, кекшіл, өр жігіт (Оралбай) патшаның әскерінен де қаймықпапты (М. Әуезов). Қалқаманның мінезі де баяғы қалпы. Әлі де өжет, әлі де ойыншы, әлі де жайдары (С. Мұқанов). Ақын Молда Мұсаның сөзі өжет, тілі батыл, өйткені оның сенгені — әділет, сүйгені — халық, айтқаны — шындық (Б. Кенжебаев, Ө. Есназаров);



өжеттенуқайсарлану. Назгүл... бір түрлі өжеттене қимылдап, түндіктің бауын шеше бастады (Ә. Әбішев). Біле білсе, күрес - ердің тірегі, Не өшеді, не өседі, өжеттеніп жүрегі (К. Салықов);

өжеттік қайсарлық, табандылық, өрлік. Тер құйылып, басты тозаң тұлымын, Оқ зуылдап, жалап өтеді бұрымын. Миға қонбас, ойға сыймас өжеттік, Сүтпен кірген тәрбиең ғой, құлыным!... (М. Хакімжанова). Кенженің Дина қызы Нұршұғыла; Күллі көз қарай қалды бір сұғына. Өзгеден іркілмейтін өжеттігі Әлде бақ, әлде өзінің қырсығына (X. Ерғалиев);

өжетсінубатылсыну, көкірек қағу, менменсу. Өжетсініп бас салғанмен көрінген ит оны желкесінен алып лақтырып жіберді (С. Мұқанов). Өжетсініп мылтығынан шап берген біреуді Кәрібоз үйіріп-үйіріп, қиядан төмен лақтырып жіберіп, басын алып еді, серейген біреу оның өзін желкелеп ұрып қалды (Ә. Әбішев).

حجر (хажарун) хәджәр, хәджар — тас (мұсылмандардың «қасиетті» көретін Меккедегі Қағба мешітінің бір бұрышына орнатылған қара тас);



хажыр. «Бақырған» кітабынан: «Тауаф қылғали Кәғбани,— Барып кәне йөзім сұрсам ... Хажыр әсуәткә ал-сұнсам...» (С. Мұқанов).

حجرة (хужратун) құжыра1) бөлме (Медресе жанында шәкірттер тұратын бөлмелер); 2) ауыс. мыжырайған кішкентай үй. Қаланың шет аймағына үңілсең, қиқиған құжыраларды көресің (М. Иманжанов). Келген Иран керуендері, Тартқан бұдан жүзім, анар. Күндіз бақша, серуен жері, Түнгі жайы — құжыралар (С. Мәуленов);



хұжыра. «Ильяс молланың мешіті» деп, аталған мешіттің бос хұжырасына орналастық (М. Рузиев);

хүжірә. Патша көп шеберге бұйырады, Шеберлер ақылдасып жиылады. Патшаның бұйрығы төрт жүз кеме, Жүз хүжірә әр кемеде үй қылады («Ғашық-наме»).

حد (хаддун) әдді1) шек, шеті, ақыры; 2) шекара; 3) жүз (ұстараның, пышақтың, қылыштың); 4) парыз; 5) қаулы, тоқтам. Жалпылдап, салпылдап, Қойшыларға көрінді. Әддін білмес шіркінді Құдай әбден қарғады (Абай). ...Әлдімен арпалысар әдді қайсы (С. Торайғыров). Әддіңнен шамаң білмей асып жүрсің ұралы);



хадд. Қараман қайраттанды көңілі тасып, Хош болып уақыты хадден асып Қамбар батыр»). Кейбір сөздер мысалы: ағзам (ұлы), қазірет (діни адам), хаддин (шектен, бір нәрсенің шегі) тәрізді жеке сөздер қазақтың не әдеби тілінде, не сөйлеу тілінде кездеспейді (І. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев);

хат. Ол қыз хаттен тысқары сұлу еді, Көрген өртеніп, күйетұғын (Молда Мұса).

حدث (хадасун) һәдас1) оқиға, жаңалық; 2) кездейсоқ; 3) бұрмалаушылық, тұрақсыздық; 4) жаңа құбылыс; 5) талдау. Бұл сөзден кімнің тентек, кім мақұлын, Білікті білсе керек сырт, қарындас. Осыны біле тұрып сөз жазғаның, Ақырдың көрді емес пе, ойлашы һәдас? ұрысы: хадас Н. О.) (Қаңлы Жүсіп).

حدس (хадсун) әдіс1) тапқырлық, аңғарғыштық; 2) көргіштік; 3) болжалдау; 4) ауыс. амал, айла, тәсіл. Арыстандай күшің болса, түлкідей әдісің болсын (мақал). Бұл іске күндестері әдіс алған; Оларда баяғыдан ар жоқ қалған (С. Торайғыров). Алғашқы жолы Батырбайдың сабақ беру әдісі оны түңілдіріп шығарды (М. Иманжанов);

әдістенумашықтану, төселу, айлалану. Ел аузында жүрген ескі әндерді жазып алып, әбден әдістенген Досай шабыты келгендей... бір айтқаннан қағып алады (Қ. Сатыбалдин). Өзара әзіл-оспақпен қағысқанда, олар әдістеніп қалған тазы мен қасқырдай бір-біріне көпке дейін алдырмайды (С. Мұқанов);

әдістіайлалы, тәсілді. Әрине, бұл - Атанияз мырзаның басына сияр айла емес, алыстан болжайтын әдісті адамның жобасы (Ә. Сәрсенбаев);

әдісшілайлашыл, тәсілшіл. Омбыда әдісшіл адам жоқ деп ойлайтын Госфорт (С. Мұқанов). Кімдер екенін білмеймін, — деді әдісшіл әйел (Ж. Жұмақанов);

әдісшілдікайлашылдық, тәсілшілдік. Тапқырлық - батырлықпен егіз жолдас, Тар жерде тапқыр болмай ісің оңбас. Алғыр ой, әдісшілдік, айлакерлік — Аңдысып алысқанын алмай қоймас (Ө. Тұрманжанов);

әдіс-айлақулық тәсіл. Ақыры дзюдо күресіне ұқсас, одан гөрі творчестволық әдіс-айлалары мол, күрестің күрделі бір түрі самбо ойлап табылды («Л. Ж.»). Адам жанының мың сан сырлы диалектикалық қилы-қилы құпиясын ашу мен зерттеудің әдеби әдіс-айласын басқалардың тәжірибесінен үйренбей, жетістігінен үлгі алмай, оны өнеге тұтпай тұрып меңгеру мен игеру еш уақытта да мүмкін емес (С. Әшімбаев);

әдіс-тәсіләр түрлі амал, жол. Конференцияда еңбек жолына жаңа түскен жас мұғалімдерге сабақтың құрылысы, кластан, мектептен тыс жүргізілетін жұмыстардың әдіс-тәсілдері туралы нақты кеңестер берілді («Қ. М».).

حديث (хадйсун) хадис1) әңгіме, кеңес, аңыз, сөз; 2) интервью (жариялау үшін айтылатын сөз); 3) діни. хадис (Мұхаммед пайғамбардың өмірінен, әдет-ғұрпынан әңгіме, аңыз). Сүннедегі әрбір әңгімені хадис дейді (М. Ысқақов). Өзгені қойғанда пайғамбардың хадисінде: — Ғұламаның жазу жазған қара сиясы Шахидтің қанынан қымбат,— деген сөзді қайтесіз? (Абай). Осыдан кейін «Қырық хадистен» басталған арабша оқу жүргізілетін (Б. Кенжебаев, Ө. Есназаров);



қадис. Ақ тайлаққа жүк арттым қатар-қатар, Шудасы, шөгіп жатса, шаңға батар. Қадисте қарашамен қаймақшыды, Шілде тоқсан айында дария қатар (Күдеріқожа). Бұл қадисте пайғамбарымыз һәм кімнің сыртқы түрін айтқан (С. Сейфуллин);

қадыс.— Пайғамбардың қадысы,— деді Сүгір молда (Ғ. Мүсірепов). Бесінші қыз сөйлеп, барлық аят, қадыстың, арабтың белгілі атақты кісілерінің сөздерін сөйледі («М. Б. Т.»);

хадис-шәрип 1) пайғамбардың айтқан «қасиетті» сөздері; 2) пайғамбардың ұрпақтары туралы әңгіме, аңыз. Хат келсе, ғанибет қой, достан-досқа, Еңбегі ердің кетпес бостан-босқа. Сөзіңе сөзбен жауап қайтармасақ, Жекжатым келе бермес көңілің хошқа. Хатыңды, имам молда, көрді көзім Мазағы хадис-шәрип айтқан сөзің әлике):

حذر (хазарун) хезар1) сақтық, құнттылық, қырағылық; 2) сақтық, қорқу. Өлеңнің алғашқы жолы «Гозар» сөзбен бітті. Екінші жолын оқи бастағанда Науаи өлеңнің түрін, мағынасын түсіне қойып, келесі ұйқасы «хезарды» алдын ала айтып қойды (Айбек).

حر (харрун) харрыстық, жылылық. Ертедегі арабтарда рамазан («раммадан харр» — өте ыстық) айы шаруашылыққа қолайсыз, ыссы шілде айына келетін (X. Ақназаров).

حرام (харамун) арам1) тыйым салынған; 2) ардақты-қадірлі, «әулие» орын (Қағба сияқты); 3) заңсыз; 4) күнә; 5) діни. адал емес; 6) ауыс. сұм, жауыз, қара ниет, бұзық. Есектің күші адал, еті арам (мақал). Сауысқан — адам пайдасына аспайтын арам құс (Аязби). Қанша жасырғанмен кімнің арам екенін шындық ашпай қоймайды (М. Ақынжанов);



қарам. Жаман деп оларды Уақит айта алмайсың, Болмаса қарам пейіл, азар дұшпан (Ажар).— Сары ала қазды сүнни мәзһаби мұтлақан қарам қылмыш сәбәп: сары ала қаз қайыз көреді,— деп белден бір-ақ басты (І. Жансүгіров);

харам. Асылы харам - жуғанмен тазармас (мақал). Болғанмен қанша құмар хәзрәт Адам, Келгенше ұмтылмады... кәләм. Егерде адам сабыр етпегенде Болар еді ақырғаша әйел харам (Байдырақ). Мұнымды ырия деме Манап ақын, Харамға қалас кісі жүрмес жақын. Тілеймін қалал жолмен алмағымды, Қоштаса, көңілің бізді, көріп мақұл (Молда Мұса). Біреуді ызаландырмақ — шариғатта харам, шаруаға залал, ақылға теріс (Абай). Болды ғой дәулет ғайып су, Ысмағұл. Ғайбат айтқан ауызда тазалық жоқ, Болды ғой аузың харам — жу, Ысмағұл (Ақан сері);

арамтерәурелік, бос еңбек, бос әрекет. Мәмбет, босқа арамтер болып керегі не? — деді Исабек (Ш. Айтматов, Қ. Мұхамеджанов). Сол үшін несіне арамтер болдың? — деді (Ж. Алтайбаев);

арамдаубылғау, ластау. Қан аңсайтын, ұлтың арамтамақ, Атлантика мұхитын арамдамақ (Қ. Аманжолов). Мәселен, ойнап-күлсең алаңдама, Кісідей ақылы жоқ жалаңдама. Кісімен екі бірдей жақын болып, Басыңды қыздан құнды арамдама (Бибісара);

арамдықзұлымдық, жауыздық, қара ниеттілік. Адалдықтың адымы - алты құлаш, Арамдықтың адымы – бір-ақ құлаш (мақал). Сәуле арамдық пен зұлымдыққа баспайды (Ш. Иманбаева). Жамандар қыла алмай жүр адал еңбек, Ұрлық, қулық қылдым деп қағар көлбек. Арамдықтан жамандық көрмей қалмас, Мың күн сынбас, бір күні сынар шөлмек (Абай);

арамылықзаңсыздық, ұрлық, алдаушылық, қарақшылық. Арамылық мінезге қаны қарайғанның бірі — Әміржан (Б. Майлин).

қарамдық зұлымдық, жауыздық, қара ниеттілік. Тегі маған қарамдық жақпайды білем,— деді ол (К. Тоқаев);

арамсынудіни. таза емес, заңсыз деп есептеу. Еркекпен қатар жүріп қатындарың, Арақ пенен шошқаны арамсынбай, Адал, арам аралас сапырғаның,— деді Кенжеқожа (К. Әзірбаев). Мен тамақты арамсынып отырғаным жоқ, тәбетім соқпай отыр,— деді Мәмбет (I. Жансүгіров);

арамшөпдақылдың арасына шығатын зиянды өсімдік. Әйелдер мақта арасындағы арамшөптерді отап жүр. (С. Айни). Арамшөптердің ауыл шаруашылығына орасан зор зиян келтіретіні жалпыға мәлім (К. Әзірбаев);

арамы1) заңсыз; 2) ұры, алдамшы, қарақшы. Өзіміздің ішіміздегі арамы тілдесті бірге айдатса игі еді (Ғ. Мүсірепов);

харамы1) заңсыз, ұры, алдамшы, қарақшы. Қарауыл қожа қуылсын! Харамы Махамбет, халыққа ғазазил болып, ол жүрсін! — дейді Исатай... Ойла олса әмірі хан бұ мұнафикнық өз әлінде болғаны да? — деді ызалы Жәңгір (І. Жансүгіров );

хәрами. Хәрами, макруһи былай тұрсын... (Абай);

хәрәмі. Малғұндардың өздері кетті алғызбай, Хәрәміні қыру керек, бір де бірін қалғызбай!— деді Қарауыл (I. Жансүгіров).

حربى (харбййун) қарби1) соғыс, соғыстық, әскери; 2) ержүрек, батыл, батыр. Жаман ойлы, бұзық адамдар иесіз қалаға тиіп, неше түрлі талан-тараждар істесе, әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ еді. Сондықтан Орынбордағы Мұсылман Қарби ұрысы: харби Н. О.) комитеті қалаға большевиктер кіріп, әкімшілік орныққанша, өзі Орынборға әкім екендігін жария етті (С. Сейфуллин);



харбия1) соғысқа, әскерге қатысты; 2) әскери (мектеп). Соған қарай Ғұсманияда мектеп харбия, мектеп рушдиялар салынып, жаңа низамға айналған (Абай).

حرص (хирсун) қырыс 1) ашкөздік, дүниеқорлық; 2) қозу, ашу, ыза; 3) ауыс. қисық, қыңыр, қиқар. Кәрім қиғаштау сөйлейтін, қырыс мінезді адам екен (О. Сәрсенбаев). Сейіт кешеден бері мұнымен қырыс сөйлесіп жүргенін жуа жауап берді (Ғ. Мүсірепов). Әнеугі жауап бір көңіл қалдырған болса, мынау ісі, тіптіі бір қырыс надандық пен қаталдық тәрізді (М. Әуезов);



хирс 1) бірдемеге аса құштарлық, қызбалық, 2) ашкөздік, дүниеқорлық; 3) сақтау, қор сақтау, қор жинау, құнттылық, абайлағыштық; 4) назар, ілтипат. Я хирс дүниеліктен қауымның көңілін суытпақ үшін ренжуге сабыр етеді (Абай);

қырыстануқиқарлану, қыңырлану. Мыңжасар Әбішке қабатын ит көзденіп, мойнын сыртына бұра, қырыстана қарады (М. Әуезов). Қожамқұл да ешкіммен сөйлеспей, қырыстап жүретін халге жетті (К. Оразалин);

хірслануқұмарлану, әуес болу. Бахас — өзі де ғылымның бір жолы, бірақ оған хірслану жарамайды (Абай). Егер хірсланса, өз сөзімшіл ғұрулық мақтаншақтық, хусідшілік бойын жеңсе, ондай кісі бойына қорлық келтіретұғын өтіріктен де, өсектен де, ұрысып-төбелесуден де қашық болмайды (Абай).

حرف (харфун) әріп1) дыбыстың жазудағы таңбасы; 2) дауыссыз дыбыс (әріп); грам. демеулік шылау. Мектепке барсаң қалқам сен, Мол егінді егесің. Отыз екі әріптен, Егінге тұқым себесің (С. Мұқанов). Бұл арада әріптің арабша не орысша болуы — араб әрпінің ептеген зияны болғанмен, ісімізге онша кесел келтірмейді (Ы. Алтынсарин). Бір сарай нұрланады жалғыз «мим» мен «Ра» мен «нұн», «хи» мен «зи» оған ерген. Бұл бес әріп бес сөздің бесеуінде, Білдің бе мағынасын қайдан келген (Ырысжан);



қарып. «Қарашұбар ажары» — Жазылған қағаз қаралап. «Толып жатқан баласы» — Қағазға жазған қарыптер, Жоримын соған шамалап (Ы. Мырзалыұлы). Ескі алфавитті есте сақтаудың ежелден келе жатқан оңай тәсілі бар. Ол - АБЖД ғылымы, ол — АБЖД есебі. Ол әдіс - алфавитте қатарынан тұрған үш немесе төрт қарыпты бір сөз түрінде жазып алып, соны оқып, жаттау (А. Машанов);

қаріп. Тышқан құмалақ қаріпті иудей інжілдері бар (Д. Досжанов). Европада қолжазба латын қарпінің классикалық үлгілерін пайдалана отырып, шеберлер мен кітап баспашылар жаңа терімдік қаріптер жасап шығарды («Қ. С. Э.»);

харып. Сонымен, бір харыптың сегіз-тоғыз рет өзгертіп оқылатынын еске алсақ, араб әліппесінің жиырма тоғыз дыбысы 232-261 харып болып шығады (Ғ. Мүсірепов);

қарыф. Сырты тату, іші қату, Қарыф жасап, нүкте жоқ (І. Жансүгіров);

харіп. Мұстапа хатын тез аяқтап, қол қоюға келгенде көп бөгелді. Темір үзерлік әлі бар жуан, салалы саусақтары арабтың «сат», «ынтки» харіптерін ие алмайды (Ғ. Мұстафин);

харф. Біз ұзақ уақыт бойы араб жазуын (харфін) пайдаланып келдік (Ә. Дербісәлиев);

әріптіктаңбалық, дыбыстық. Терминология комиссиясының ұйғаруы бойынша, мұндай қысқартулардың қазақша әріптік немесе буындық ретін сақтап алу міндетті емес (Қ. Сағындықов). Араб алфавитінің кейбір әріптерінің алды шұбалаңқы келіп, машинканың әріптік кассасына сыймайды (С. Мұқанов);

әріпшіл1) әріп құмар; 2) көргенінен жазбайтын. Көркем әдебиет дегеннің байыбына бара түсу керектігін айтқанда, біз, жұрт алдында мұншалық жағдай, әріпшіл талап қоюдан аулақпыз (3. Қабдолов);

әріпшілдік1) әріп құмарлық; 2) көргенінен жазбайтындық. Әдебиетті қондырма емес деушілердің бұл қағидаға соқырдың қолындағы таяқтай ұстағаны мәлім. Бірақ олардың мұнысы әрі әріпшілдік екенін өз алдына қойғанда, марксшілер қондырманың базиске тәуелді екенін, қондырманы базис тудыратынын айтумен қатар, қондырма нығайып, белсенді құрал дәрежесіне көтерілгеннен кейін, өзі өзгертуші күшке айналып, базиске әсер ете бастайтынын да ашық айтқан болатын (3. Қабдолов).

حركة (харакатун) әрекет1) қимыл, қозғалыс; 2) қызмет, іс; 3) ағу, жүріс; 4) ым; 5) қылық. Көктемгі әрекет — күзгі берекет (мақал). Қылып жүрген өнері; Харекеті — әрекет. Өзі оңбаған антұрған Кімге ойлайды берекет (Абай). Халық толқынын тұтас қаптатып, қарсы беттеуден басқа әрекет көгенін ағыта алмайды (Д. Әбілев);



қаракет. Қаракет қыл, пайдасы көпке тисін (Абай). Жаяу жүрістерінен де қаладағы қаракет адамдары екені танылып тұр (М. Әуезов). Керіліп-созылып жүрген жоқ, Жарқын бәрін өзі атқарып, оғаш қылық байқатпай, адам сыйлау қаракетінде жосып жүр (М. Сатыбалдин);

Қарекет. Біздікі — ақ, кедей қарекет ғой.. (І. Жансүгіров). Өзінің рухани қарекетінің бүкіл жиынтығымен... совет әдебиеті әрдайым идеологиялық күрестің ең алдыңғы шебінде болды және әлі де болып келеді (Д. Қонаев);

харакет. Көрменің (экспо-74) әсері — адамның инженерлік-шаруашылық харакетіне байланысты бізді қоршаған ортаның қалай өзгеретіндіктері туралы ой салды (С. Осодоев). Бұған дейінгі бәйбішені қайтсем шамдандырам деп жүрген күйкі харакеті, дәл мынадай алапат сезімге кенеу бола ала ма? (Ә. Кекілбаев);

харекет. Жасымнан жетім едім, көңілі сынық, Өнерім артық емес ондай ұлық. Еңбекпенен көз сүзбей, күн көремін, Харекетім — суретші бояушылық (Абай);

әрекеттенуәрекет ету, талаптану. Ол тұруға әрекеттенеді (С. Айни). Судың арғы жағындағы әскери бөлімнің штабымен байланыс жасауға әрекеттенді (Қ. Қайсенов);

әрекеттенушіәрекет етуші, талаптанушы. Актер — әрекеттенуші күш (С. Сығаев);

әрекеттіқимылды, талапты, жігерлі. Медициналық қызмет, ғылымның басқа салалары сияқты құралдар арқасында әсерлі, әрекетті болады (А. Көбесов);

харакетті. Бұл қоғамның жоғары жіктерінің мәнсіз-жосықсыз өмірінен поэзияның жанды, харакетті дүниесіне кеткендік еді (Ғ. Мүсірепов);

әрекетсізқимылсыз, талапсыз, жігерсіз, енжар. Әрекетсіз отыра берсе, Қайныкештен айрылуы хақ екенін ол қазір бүкіл жан дүниесімен сезді (Б. Нұржекеев). Әрекетсіз дүние — бос (Қажымұрат);

қарекетсіз. Қажымұраттай адам қарекетсіз бір күн де ғұмыр өткізбек емес (Т. Тоқбергенов);

харекетсіз. Тоқ тіленші — адам сайтаны, харекетсіз сопы — монтаны (Абай). Кәрімов харекетсіз бос жүру әуел бастан қаламайтын нәрсесі еді, сол себепті енді қалған уақытын жөндеп өткізетін ермек іздей бастаған (О. Сәрсенбаев);

әрекетсіздікқимылсыздық, талапсыздық, жігерсіздік, енжарлық. Әрине, «жоқ, жоқ» деп аузымызды қу шөппен сүртіп отыру — тағы әрекетсіздік (Ә. Мәмбетов);

әрекетшілқимылды, талапты, жігерлі. Отыр дей ме ойланып, дос танымай, Әрекетшіл, әурешіл, оспағын-ай, Неге ғана жарқ етті қарашықтай, Сүт бетінде жүзген бір қос тарыдай (К. Салықов);

қаракетшіл. Жайбарақат тіршілік, қаракетшіл халық (Д. Досжанов);

қаракетшілдік. Шалы шыбын жаны шырқырап, ертелі-кеш безіп жүргенде мал тауып, дүние жинауды көздейді деймісің, қанға сіңген қаракетшілдігі болар деп ойлады, Балайым (Р. Ниязбеков);

әрекеттесуөзара қимылына, қызметіне әсер ету. Әрекеттесуде гидрид түзеуші элементтің период системасындағы орнына тәуелді (Б. Бірімжанов). Сорттық зақымданғыштық дәрежесін тек осылардың өзара әрекеттесуі ғана анықтайды (Ж. Жиенбаев);

әрекет-қимыл. Дьяков пен Фроловтың өмірбаяндары, әрекет-қимылдары, мұрат-мүдделері көп жағдайда дөп түсіп жатқанмен, романдағы комиссар мен өмірдегі матростың мінез-құлқында, жүріс-тұрысында, тіпті сыртқы түр-түсінде де біраз елеулі айырмашылықтар бар (О. Сәрсенбаев);

іс-әрекетжұмыс әрекеті, іс қимылы. Исатайдың батырлық тұлғасын, халықтың іс-әрекеттерін Ығылман ақын хан, сұлтандармен айтыста ғана емес, оларға қарсы күрестегі ұрыс, соғыс үстіндегі қимылдары арқылы... айқындап суреттеп, жан-жақты көрсетеді (Б. Кенжебаев, Ө. Есназаров). Аман сияқты революциядан жырақ жүрген орта шаруа өкілін советтік идеяға бұру жөніндегі іс-әрекеттері нанымды («Қ. Ә. Т.»);

іс-қаракет. Оның Есені бос, даурықпа айқайдың ғана адамы емес, ол — нағыз өжет мінезді, іс-қаракеттің иесі (К. Нұрпейісов);

іс-харекет. Біздің қоғамымызға, моралымызға жат құбылыстарды әшкерелеу, оларды өлтіре сынап, кертартпа іс-харекеттерден бездіру — жазушының суреткерлік кредосындай әсер қалдырады (О. Сәрсенбаев);

қимыл-әрекетәрекет қимылы, қозғалыс амалы, айласы, тәсілі. Өктем шыққан үн, жігерлі қимыл-әрекеттердің барлығы да самал лебі, революция рухы еді («Қ. Ә. Т.»). Ол қимыл-әрекетке, динамикаға толы (Ә. Шәріпов);

қимыл-қаракет. Эпикалық образдағыдай, ұзақ, кең, мол суреттеліп, жан-жақты ашылған адамның сыртқы кескін-кейпі де, қым-қуыт шиеленісіп жатқан тағдыры немесе іс-әрекеті мен қимыл-қаракеті де тұтасып көріне бермейді (З. Қабдолов);

қимыл-харакет. Отанымыздың ар-намысы үшін сұрапыл соғыс майданында аянбай шайқасқан замандастарымыздың қаһармандық қимыл-харакетін мәңгі есте сақтау фондысына өз үлесімізді қостық (Б. Момышұлы).

حرم (харамун) харам1) тыйым; 2) гарем, әйелдер сарайы; 3) «әулие», қасиетті, құрметті жер (Мекке, Медине сықылды); 4) храм (ғибадатхана); 5) зайып. Насыраны патшасына бағынушылар, осы бұйрығым құлақтарыңа тиісімен жеті мен жетпіс жастың арасындағы еркек, харам сарайындағы қатын, көшеде ойнап жүрген бала, бірің қалмай атқа мініңдер, өрттей қаптап қоршаған жаудың алдынан шығыңдар («М. Б. Т.»).



حرمة (хурматун) құрмет1) тыйым салынған; 2) «әулие», «киелік», «әулиелік»; 3) өзіне тән дербес праволық; 4) қадір, сый; 5) зайып; әйел (жалпы). Шай жасап, табақ-табақ тартылған ет, Бұл келген қонақтарды қылып құрмет (С. Торайғыров). Қол алып, көрсе ізет ететінін, Аңғарып, мұны ескеріп еттің бе пәм? Атаның ақ ниетті құрметі үшін, Ықыласпен дейтін шығар сауап алам (Қаңлы Жүсіп);


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет