Н. Д. ОҢдасынов ? Арабша-қазақша түсіндірме сөздік


еселену — айрықша көбею. Өзен-көлдер аспаннан келетін жауын-шашынмен еселеніп



бет21/42
Дата11.01.2017
өлшемі9,76 Mb.
#7320
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   42

еселенуайрықша көбею. Өзен-көлдер аспаннан келетін жауын-шашынмен еселеніп отырмақ (Қ. Исабаев);

еселеттіруеселеп қостыру, еселеп бергіздіру. Ол сүйетін үнді шайын өзінің жол жәшігінен алдырып, үлкен аққұманға тағы да еселеттіріп, шайды ұзақ ішетін әдетін тағы да ұмытқан жоқ еді (Д. Әбілев);

еселетуеселеп қостыру, еселеп бергізу. Зәурежан, самаурынды еселетіп, шәугімге шай салғыз, -деді келініне (Ж. Тілеков). Исатай — Махамбетті пәруар танып, Асқақ жан асау толқын еселетті (X Ерғалиев);

еселеу айрықша, айтқандай қосу. Еселеп өрісімді кеңейтті тың, Боп кетті бұрын меңіреу дала ың-жың (Өтей). Халық бір жатқан дария, Еселеп толқын өсер жас. Ойласа солар, дарияға,— Екті деп мұны кім ағаш? (Ғ. Орманов). Бұрғылау жұмысын жөн жолға қойып алмай, мұнай өнімін еселеу, молайту мүмкін емес (3. Қабдолов);

еселеп-еселеп үсті-үстіне. Нұркен Ұлы Отан соғысының майданында жастығын еселеп-еселеп алғандығын қазір бүкіл Ұлы Отанымыз біледі («Ол күндер»). Жарылған шрапнельдер — жау үстіне қорғасыннан еселеп-еселеп бұршақ бүріккендей нөсерлетті (Б. Момышұлы);

еселісыбағалы. Республика еңбекшілері бесжылдықтың қорытындылаушы жылының алғашқы айын табысты аяқтап, екінші айын еселі еңбекпен бастады («С. Қ»). Еселі еңбегіміз — ел игілігіне (С. Әліпов).

еселікқалдықсыз, бөлінгіштік (сан). Еселік — кратность («Қ. Қ. Т.»). Ең кіші ортақ еселік — берілген сандардың әрқайсысына бөлінетін ең кіші сан («Қ. С. Э.»).

біресебірде, кейде деген сияқты кезекті мәнді шылау. Көктем, жер әлі кепкен жоқ, біресе қатқақ, біресе былқылдақ (Ғ. Мұстафин).

حضرة (хадратун) әзірет1) тарих. ағзам, ұлы мәртебелі, мырза, ханум, бәйбіше деп патшалардың, хандардың, әмірлердің, сұлтандардың, пайғамбарлардың, пірлердің атына, титулына қосылып айтылып, солай жазылатын құрметті атақ (Әзірет Әлі Мұхаммедтен кейінгі төртінші халифаның теңеуі); 2) әулие, жарықтық (Әзірет Сұлтан Ахмет Яссауидің теңеуі); 3) қатынасу, қатысу, ішінде болу. Сөз айттым «Әзірет Әлі, айдаһарсыз», Мұнда жоқ «алтын иек, сары ала қыз». Кәрілікті жамандап, өлім тілеп, Болсын деген жерім жоқ жігіт арсыз (Абай). Әзірет Әлінің үрім-бұтағы түп-түгел шаһид боп қырылып кететін, әлгі... Кербаланың шөлі осы емес пе? (Ә. Нұрпейісов);



ғазірет. Ғазірет Ғалидай айбарлы, ұлы мәртебелі Уайс хан.. (І. Есенберлин). Басы шарадай, қара сұр, жуан қара мұртын ғазірет Ғалидай екі құлағына апарып іліп қоятын (І. Есенберлин);

қазырет. Олар - жауды Қаратаудың басынан асырмаймыз, жауды Қазыреттің ақ туы сақталған Түркістанға өткізбейміз деп мерт болғандар (С. Бақбергенов);

қазірет. Үшкіртті тұз, мейіздің талайларын, «Ақтыққа» қазірет алды талай малын (С. Торайғыров). Өтіпті бізден бұрын Қазірет Ғалы, Ұжмақтан шыққан оның Зұлпұқары (Жарылғасын);

хазрет. Сонда, пәтуә айтатын кім? Әрине, Ағатай хазрет,— деді біреулер (С. Мұқанов). Хазрет отырған үйден бір жігіт шықты (А. Машанов);

хазірет. Хазірет бабасының басына дұға оқуға зират жаққа кеткен екен (Д. Әбілев). ...Тас қорғанда ел отыр да қақпасында хазірет... («Қ. Ә. Т.»);

хәзрәт. Азырақ ұйықтап кетіп, көзін ашса, Бір сұлу әйел отыр нақ қасында. Көрген соң бірін-бірі болды ғашық. Бірінен құмарлыққа бірі асып, Ойланды сабыр етіп хәзрәт Адам Халал ма, харам ба деп осы нәсіп? (Байдырақ);

хәзрет. Біреуі хәзрет Мұса асасы еді (Иманжан);

Әзірет Әліқиссаның аты. Әбекеңнің есінде қалғаны - «Дариға қыз», «Қыз Жібек», «Алпамыс батыр», «Сал-сал», «Әзірет Әлі», «Күлше қыз», «Зарқұм», «Шәкір-Шәкірат», «Қобыланды» (Д. Әбілов).

حضور (худурун) құзыр1) қатынасу, қатысу, ішінде болу; 2) келу, көріну, пайда болу; 3) тыныштық, жайшылық, рақаттылық; 4) ауыс. билеу, қарамағында болу; 5) Сіз (сіздің ұлы құзырыңызға деген сияқты кейбір шығыс елдерінде жоғары мәртебелі адамдарға тіл қатқанда, хат жазғанда «биік мәртебелі, шапағатты, қайырымды» деген мағынада пайдаланады). Құзыр Ілияс жар болып, Сақтасын тәңірім жападан («Дастан батыр»). Шапақтың кешке батқан қызылындай Төрт құбылаң тең жаралған дегдар шарып. Махаббат, базарыңа мақшұғында, Құзырдан құрмет күткен мен бір ғарып (Ақан сері). Оның қол астында (құзырында) болған өз мекенінен сырт жерлер (А. Машанов);



ғұзыр. Бұл машина қай уақытта керек етсеңіз де, сіздің ғұзырыңызда, — деді (Б. Момышұлы);

хузур. Оның себебі — білім-ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білмектің өзін әулет білсең және әр уақытта кімге рақат хузур хасил болады (Абай). Аяғы бұл дастанның болды тәмәм... Жақсыларға хузур болғай... («Дастан батыр»):

хұзыр. Ұлуғ мәртебелі жаһанша мырза, сіздік жоғары хұзырыңызға арналған донесениені оқып шығуға лұқсат етіңіз, — деді һарон төре (X. Есенжанов). Менің де Текебайды енді ашуландырғым келмей:— Шақырған екенсің, ағай, келдік хұзырыңызға!— дедім күліп (С. Мұқанов);

حط (хатта) қат1) қою (бір нәрсені); 2) алу (бір нәрсені); 3) тоқтау, аялдау; 4) отыру, міну (самолетке); 5) төмен түсу, қону (самолет); 6) өтіну. Бұл байырқат деген сияқты сөздерде кездеседі;



байырқаткөптен бері тоқтату. Ұятты өз басыңа келетұғын Білсейші, бір азырақ шамырқантып. Әшейін, бұлдағы бір өнері деп, Мен жүрмін осы сөзді байырқатып (Нақып қожа).

حطى (хуттййун) хұттыабжад бойынша үшінші топтағы әріптердің аты. Арабтардың әріптерін жаттап болғаннан кейін, оқушылар «хұтты» сияқты түсініксіз, жасанды сөздерді жаттауға кіріседі (X. Ақназаров).

حطيم (хатймун) хатимҚағбаның айналасындағы қорғанның бір бөлегінің аты. «Бақырған» кітабынан: «Бақырғанден сафар қылсам, Тауаф қылғали Кәғбани... Хатим дәуәрни көрсәм Хәмді уә сәнә айтсам...» (С. Мұқанов).

حق (хаққун) І ақыесеп, ұпай, үлес, сыбаға, пай. Атты жаяуға ақысын жібермес (мақал). Баласы жоқ адамның әркімге ақысы кетеді, Байбөрі қубас деген сөз, сүйегімнен өтеді («Алпамыс»);



II ақы1) төлеу, еңбекақы, ақы төлеу, сый беру; 2) право. Біреудің малы мен ақысын жеу — ұрлық (мақал). Малайларға ақы берем жылдап, айлап, Қотырқатпа, арық-тұрақ, тайынша-тайлап (С. Сейфуллин). Күйеудің етігін жеңге шешеді де, тағы ақы алады (М. Әуезов). Өзі Омардың әкесі бола тұрып, алдампаздық жасауға оның ақысы жоқ (О. Сәрсенбаев);

ақылауақы төлеу. Қаперсіз жайын жатқанда, Кете ме деп қақылап. Араға жансыз жүгірді, Параменен ақылап («Дастандар»);

III хақ1) нағыз, ақиқат, дәл өзі; 2) шын, рас, дұрыс. Қазақ совет әдебиетінің өркендеуіне өзінің үлесін қосқан Асқар Тоқмағамбетов әлі де болса творчестволық іздену жолымен өрлеп, соны туындылар берері хақ («Қ. Ә. Т.»). Жазушы да тап сондай: оның да оқушыға соншалық ыстық махаббаты болса ғана еңбегі жанары хақ (X. Ерғалиев);

IV хақдіни. құдайдың көп аттарының бірі. Растың бір аты — хақ, хақтың бір аты — Алла (Абай). «Арамның аңғарына түспеңіз» деп, Сөз еді шығатұғын сіз тараптан. Қақпалап ата ізінен адастырған, Әзелден жазу шығар тағдыр хақтан (Қаңлы Жүсіп);

V хақыправо, құқұқ, ерік. Қараңыз, ер Айбастың қылған ісін, Бойында аямайды қуат күшін. Туысқан, туғаны, жақыны емес. Іздейді жетім ұлдың хақысы үшін («Қ. К.Б. С.»). Әйел — тату тұрса ғана әйел. Кетемін десе, ешбір еркектің зорлап ұстауға хақы жоқ (С. Мұқанов);

VI хақграм. шылау сөз хақында;

VII ақ1) айыпсыз, таза; 2) анық, рас; 3) құдай, тәңір. Ақтың отын ақымақ сөндіре алмайды (мақал). Өмірге деген құштарлығын, ақ махаббатын кескінінен байқауға болады (X. Әдібаев). Бағамын қойды өзім-ақ, Жүрмісің ұлдан кем көріп. Тұжырым солай, сөзім ақ, Болса егер осы менде ерік,— дейді Зылиха (О. Иманәлиев). Жұмыр басты пендеге — өлім ақ (мәтел). Әркімнің ықыласы аққа аян (Қаңлы Жүсіп). Сәруардың тура жолын сілтемекке, Емес пе әулетіне анық мирас? Өсиет былайғыға айтпақ түгіл, Ақ жолын өзі адасып, айлады лас (Қаңлы Жүсіп);

қақ (III). — Ең кенже қызымыз, ерке қызымыз, тәуір көретін сүйікті қызымыз, дегенмен ерте ме, кеш пе, біздің уысымыздан кетуі қақ қой!— десті Жаниха мен Кенже (С. Бақбергенов). Мың сан жортуылды бір ғана ұлы жорық сап тияры қақ,— деді (Д. Досжанов);

қақ (IV). Адамды қақ жолында бабаң саят, Айтамын жаным ашып сізге шаят. Жаныңда жан жоқ, -деген әммесі әлі, Илалап арамдықпен таппа тоят (Әріп);

қақы (V). Қақы бар не қаласа өмірден жан, Осындай ұлы заңды біздің заман (С. Омаров). Оны ұмытуға қақымыз жоқ (М. Иманжанов);

хақы (II). Жақсыны алыс, жаманды жақын көрме, Жақсы атансаң, басқаның хақын жеме (Шал Құлекеұлы). Кісінің, менше, балам, хақын жеме, Түбінде жарамайды жегіш неме. Тірі күнде құтылдым қарызымнан, Артымнан «әкем айтпай кетті» деме! (Әріп);

һақ (IV). Қуа-қуа, қуадұрмыз, таңда һақ қасында, бүгін халық қасында куәлікке жұрадұрмыз!— деді Райым молда қалтыраған үнмен (Ж. Арыстанов). Барлық жұмысын жайғастырып, жыл толғанда ақ кебінін киіп, һаққа мойын ұсынып, жалғыз ағаштың түбіне келген еді («М. Б. Т.»);

еңбекақыеңбегі үшін төленетін ақша, зат, жалақы. Ол алған еңбекақысын қызметімен адалдап алады (Ғ. Мұстафин). Оның тапқан еңбекақысы түкке жетпейді (С. Мұқанов). Сол сияқты еңбекақы мен жалақы сөздері де бұрында белгілі бір ұғымды білдіріп, синоним ретінде жұмсалып келген (Ә. Болғанбаев).

ақталуайыпсыздану, адалдану. Қай жерден, Тайжан аға, мақтанасың, Кеш болса малды ауылға аттанасың. Әркімнің түйе, қойын сойып жедің, Нахақтан жан бересің, ақталасың! (Болман). Алашордашыл ұлтшылдар Әріпті 1922 жылы соттамақ болады. Бірақ, Семей Губерниялық атқару комитетінің сол кездегі председателі Әбілқайыр Досовтың тікелей араласуымен мәселе шындығына шешіліп, Әріп Тәңірбергенов ақталады («Қ. Ә. Т.»);

ақтау (1) біреудің айыпсыздығын дәлелдеу; 2) ауыс. үмітті, сенімді орындау, өтеу. Кінәлі адамды ақтаймын деп, өздерің күнәға батпаңдар,— деді ол (Ә. Сәрсенбаев). Әлденелерді аңғартқысы келгендей, ақтаудың орнына айыптап сөйледі (С. Мұқанов). Мен өзімді ақтаудан аулақпын (М. Қаниұлы). Ел үмітін ер ақтар, Ер атағын ел сақтар (мақал). Неге тудым анадан, Ақтамасам ақ сүтін, Неге сенді ел маған, Қорғамасам бақытын (Қ. Аманжолов);

ақтау (2) «ақ» деп құдайдың атымен елден қайыр сұрау, диуана, дәруіш. Шашты азиз, түкті баба ақтап келді («Қ. Қ. Б. С»). Бұл қалай, мал көбейіп, мейірім кетті, Кедейді қуалаймыз жүрген ақтап?! (Тұрмағамбет);

ақтаушы1) біреудің айыпсыздығын дәлелдеуші, қорғаушы, жақтаушы; 2) үмітті, сенімді өтеуші. Бір он жыл! Күбірледім келіскендей, Ақтаушым бас изеді теріс демей (Ә. Сәрсенбаев). Бұл күнде сұмды қорғап ақтаушылар, Сансыз көп жағынушы, жақтаушылар (С. Сейфуллин). Судья екінші бетте отырған мемлекеттік ақтаушыға бұрылды (Б. Қыдырбекұлы). Мен сүйемін баланы Атамның ойын ақтаушы (С. Керімбеков). Адам баланы асырап, тәрбиелегенде үмітімді, сенімімді ақтаушым болса дейді («Қ. Ә.»);

хақтағаладіни. алла тағала (барлығынан биік, жоғары, ұлы құдай). «Ойланып: сол секілді бола ма?» - деп, Ағаш та жарасады болса миуа. Көркейіп кәрінің жас болуы сол — Адам ғып берсе бала хақтағала (Кете Жүсіп);

ақ тағала. Екеуін сүйіндірді осылай деп, Алдыңда, иншалла, қуанышың көп. Дәруіш енді сөзін тамам етті, Әзірміз құлдығына ақ тағала,— деп («Ғашық-наме»);

қақтағала. Алтын басым сау болса, жоқ-дұр қарам, Борышты қылды мені қақтағалам! (Тезекбай). Тіл берген сөйлесін деп қақтағала, Ісіне құдіреттің барма шара. Алдымда менің әсте жүрексінбей, Өлең айтып отырған бұл қай бала? (Шөже);

ақтық1) тазалық, адалдық; 2) ауыс. соңғы, ақырғы; 3) ақиқаттық, шындық; 4) діни, құдайлық, тәңірілік. Ақтық демім таусылғанша неміс басқыншыларына бас имеймін (С. Омаров). Ақтық демің шыққанша Отаныңды сүй (В. Суворов). Істің ақтығы біледі. Ақтығына аман-есен жетсем... Кәні! Шу, ақ боз ат! (М. Қаратаев). Жақсыхан — өз ісінің ақтығына, ауадай қажеттігіне сенетін адам (Н. Оразбеков). Түзетіп бай салады ақтан сарай, Кепені кедей қылар басқа пана-ай. Ұстыны екі әлемнің ақтық құлы, Мұхамет Қадишаға тұрған малай! (Молда Мұса);

хақтық. Жүректің көзі ашылса, Хақтықтың түсер сәулесі... (Абай). Уағыз пайғамбардың — хақтығынан... Кербала шөлінде жан берген шаһидтерге соқты (X. Есенжанов);

ақысызтөлеусіз, тегін, жай, бекер. Көкірегі от болып та жанады, Көп сұраққа қайдан жауап табады. Зәрулерді емдеймін деп ақысыз, Жас арманы дәрігерлікті қалады (К. Салықов). Ақысыз, пұлсыз оқытқан оқуы, берген тәрбиесі тағы бар (Ә. Әбішев). Онда ауылдың бәрі өлеңші, бәрі ақын, Тегін жырлап ақысыз ән салатын (Қ. Сарыбаев);

ақылы1) ақысы, алашағы бар; 2) расы, дұрысы, шыны, керегі. Өз малым деп қойған мал Иесіне берілді. Ақылы жандар қамалап, Келтірді сонда еріңді (Абай). Қолбаң етіп, қорс етіп, сөйледі аю: — Батыр патшам, не керек көп ойлану? Қойды жан деп, есіркеп кім аяйды? Ақылы ала койдың — қырып салу (Абай);

қақылыправолы, құқықты, ерікті. Қемеңгер адамдар, ең алдымен, өзіне-өзі сыншы болған да, өз қара басы ізгілік жолын берік сақтағандықтан, өзгеге де ақыл айтуға, шарапатты жол көрсетуге қақылы болған (Е. Букетов);

хақылы. Меніңше, еңбек адамының бәрі де шығарма кейіпкері болуға хақылы (Ә. Әлімжанов). Ар-ожданды дарға асса, Алдымен мен қылғынам,— деуге әбден хақылы (Ж. Қыдыров);

жалақыжалдағаны үшін төленетін ақша, зат, еңбекақы. Капитализм тұсында жалақы өлшеусіз төмен болатын («БК (б)П тарихы»). Сол сияқты еңбекақы мен жалақы сөздері де бұрында белгілі бір ұғымды білдіріп, синоним ретінде жұмсалып келген (Ә. Болғанбаев);

пәтерақы пәтер жалдау төлемі. Сіздерде пәтерақы өте қымбат, пәтер табу қиын деседі (Ә. Несин).

حقارة (хақаратун) хақарат1) жек көрушілік, жексұрындық; 2) опасыздық, ұждансыздық; 3) бейшаралық. Өлі аруақты алалаудың заһары қатты екенін, бұл фиғылыңыздың хақарат екенін ойладыңыз ба?!— деді Мұқаш молда (А. Сейдімбеков)

حقوق (хуқуқун) құқтың көпше түрі право, ерік. Көнбеске құқы жоқ (Д. Досжанов). С.Көбеев қазақ әйелінің бостандығы, теңдігі, еңбекші бұқараның адамдық-азаматтық құқы, еркі тәрізді мәселелерге бостандықтың болуын талап етіп, қоғамда әділеттіктің орнауын көксейді (Б. Кенжебаев, Ө. Есназаров);

ұқық. Мырза Жәдігердің тамырында да Темірдің қаны бар. Ол өз ұқықына ие болды (Айбек). Өркенді елдің өрелі заңы — советтік Конституциясы саясында әркім білім алуға, әркім еңбек етуге, тынығып дем алуға ұқығы бар (Ә. Тұрмағамбетов);

хұқ. Сот мәжілісі Сұлтанбек Әбеуовты сегіз жыл тұтқынға ұстауға, одан кейін үш жыл азаматтық хұқысынан айыруға үкім етті (С. Мұқанов). Адам баласының дәстүрді иеленуге толық хұқы бар (Қ. Мұханбетов);

хұқуқ. Төленгіт пен қарашы, хұқуқ жағынан да екі басқа (С. Мұқанов);

хұқық. Кәне, жолдастар, осы ауылдағы хұқықы жойылғандарды атаңдар...- деді ол (I. Жансүгіров). Яки мақсат — өнер, білім алуға, Алға қарай баруға. Намыстанып, қорланып, Хұқықтан мақрұм қалмауға (С. Торайғыров);

хұқұқтықправолық, еріктілік. Қарашыларды шаруашылық және хұқықтық істерде құл ғып ұстайды, Шепе (С. Мұқанов);

ұқықсыздықправосыздық, правосы жоқтық. Октябрьдің әлеуметтік жеңістерінің бірі әйелдердің тепкіде болуын, ұқықсыздығын жою, оларға азаттық әперу болды (Н. Абаева).

حقيق (хақйқун) ақиқ1) тұрарлық, лайықты, беделді, қадірлі, құрметті; 2) еңбегі сіңген, мақтауға тұрарлық.



حقيقة (хақйқатун) ақиқат1) шындық, растық; 2) реалдық; 3) дәл өзі; 4) мән; маңыз. Өтірік мың болса да, бір ақиқатты жеңе алмайды (мақал). Жұрт пікірі бір арнаға құйылып, ауыл мектебіне өзгеріс енгізу керек деген ой, даусыз, ақиқатқа айналды (Иманжанов). Ойлашы, бір әділдік бар емес пе, Ақиқат жоқ жерде өмір тар емес пе? Болуға маған әділ міндеттісің, Өйткені менің атым ана емес пе? (К. Райбаев);

ақихат. Туу — ақихат, өлім — ақихат (Ә. Нұрпейісов). Домбырасы ма екен ақынның, Ақихат іздеп аһ ұрған (С. Оспанов). Абай туралы эпопеяда «асқақ сұлулық пен асқан ақихат» мәңгі ескірмес, өзгермес түрде жұртшылықтың алдына келді (Е. Букетов);

қақиқат. Қақиқат шын ғашық жар дегізіп ең, Әуелден тілің ұшын емізіп ең (Әріп);

хақиқат. Енді хақиқат сүйін, шынды білмек хұмарың бар болса, адамшылыққа лайықты, ықыласты құлағыңды қой (Абай). Осы хақиқат іс жүзінде дәлелденгеннен кейін, мен «Мөлдір махаббатқа» айыпсыз Бүркіт пен Бәтесті солақайлап, сыңар жақ кінәлауды қойып, әділеттік бағаларын бердім (С. Мұқанов);

ақиқаттауанықтау, шындығына жету. Дер кезінде істі ақиқаттаудың нәтижесінде баланы теріс жолдан қайтарып, қатарға қостық («Л. Ж.»);

ақиқатталуанықталу. Ойлау әрекетінің табысы тіл арқылы ақиқатталады, өйткені тіл мен ой бір-бірімен тығыз байланысты («Қ. Т.»);

ақиқаттышынайы, реалды. Максим Горький Совет өкіметі туралы, Совет елінің жазушылары, олардың міндеттері жайында нағыз ақиқатты, шынайы шындықты айтқан аталы сөзін делегаттар ғана емес, бүкіл жер жүзі құлақ түре қош алып, имандай ұйып тыңдады (Ө. Тұрманжанов);

ақиқаттықшындық. Егер әдебиет кең арналы, толыққанды әдебиет болғысы келсе, онда ол өзге ұлт әдебиеттерімен жан-жақты қарым-қатынас орнатып, жанды байланыс жасап отыруға тиіс. Бұл пікірдің ақиқаттығының дәлелін... өзіміздің қазақ әдебиеті тарихынан-ақ айқын көруге болады (Б. Ысқақов). Дүние жүзі әдебиетінің табыстарын сарапқа сала отырып, В.И.Ленин көркемдік шындықтың қаншалықты мәні барлығын, әдебиет — халық өмірінің шарайнасы екендігін, көркемдіктің ең ілгері озық тәсілдерімен жасалған шындық қана өзінің ақиқаттығымен оқушыға әсер ететінін айтып кеткен (Т. Кәкішев);

ақихаттық. Ақшам бұдан былай хатшысының әр қимылын бақылай жүрді де, сезігінің ақихаттығына көзін жеткізді (М. Сқақбаев);

ақиқатшылшыншыл. Өмір тәжірибесінде қатал логика ұстанған, талассыз дәйектемелерді бәрінен де артық бағалайтын сергек мінезді Сәтбаев - ақиқатшыл адам, ғылым мен техниканың өзекті мәселелеріне келгенде, сол мәселелердің халық игілігіне тиімді екенін сезгенде шын жүректен тебірене білетін және шабыткер ақынша толғана білетін (Е. Букетов). Нағыз ақиқатшыл әдеби туындылар әр заманда да қоғам өмірінің айнасы болған ғой (Р. Бердібаев);

ақиқатшылдықшыншылдық. Жинақтардағы очерктердің көркемдік өрісі де, көтерген жүгі де бірдей емес. Әйтсе де бәріне ортақ ақиқатшылдықты, жылылықты сезінеміз («Қ. Ә.»)

حقيقى (хақйқййун) хақиқи1) шындық, рас, шын; 2) анық, нағыз, дәл, өзі, іске асатын. Хақиқи артист,— деді мұғалім (І. Жансүгіров);



қақындажайында, жөнінде, туралы. Абыл мен Ақтан, Нұрым мен Қашаған қақында қыруар хикая толғанды (М. Сатыбалдиев). Жезқазғанның геологиялық архивінде бұл қақында ештеңе жазылмапты (М. Сәрсекеев);

хақында. Соңғы жылдары қазақ әдебиеттану ғылымында Шығыс әдебиетімен байланыс хақында айтылып, жеке ақындардың творчествосы тілге тиек болып жүр (Ө. Күмісбаев). «Қазақ әдебиеті» газеті прозаның шағын түрі — әңгіме хақында пікір алысуға шақырып, орынды мәселе көтеріп отыр (М. Серғалиев);

хәқында. Бұның хәқында тиішлі уақытта иарз қылғанмыз («Қ. Қ. Т.»).

حكاية (хикайатун) хикаятхикаяның көпше түрі — Тасболат не себепті ашуланған, Бұрайық сол тураға хиқаятты (С. Торайғыров). Сөз айтпақ деген, не қажет, Болғасын топқа тоғашы? Хикаят сауал шашыпты Көлдеқұлы Ерімбет Шайырдың шешен данасы (Шораяқтың Омары);



һікаят. Келімбетов Шәдінің «Төрт дәруішіне», «һікаят Уәрәқа-Күлшесіне», «Қисса Барсисасына», «Россия туралы» поэмасына және «Тарихнама» дейтін. қолжазба күйіндегі шығармасына түбегейлі талдаулар жасайды (Ө. Күмісбаев).

حكايات (хикайатун) хикая1) әңгіме, повесть; 2) тарих. Мұндай босқа өмір өткізетін хикая (әңгіме) кітаптың баланы көк ми қылып, шатастырудан басқа пайдасы болмайды (С. Торайғыров). Дәм татқан қадірлі елге тартып бұйрық, Осы бір он ауыз сөз менен сыйлық. Хикая кітап жазып бере алмадым, Әріптей болмаған соң хатқа жүйрік (Сара);



һікая. Енді Шәді ақынның толық ғұмырнамасы, қисса, һікая өлеңдері, дастандары қалың оқушы қауымға белгілі болып отыр (Ө. Күмісбаев). Осы жолдың үстінде келе жатып, ол маған Құлагер туралы һікая шерткен болатын (С. Мәуленов);

Каталог: uploads -> files
files -> Гүлсім Оразалықызы оржановтар әулеті қазақ МҰнайының ардақтылары «Қазақ мұнайының ардақтылары»
files -> Гүлсім Оразалықызы Нұртас Оңдасынов туралы естеліктер
files -> Шахмардан есенов
files -> Конкурса научных работ среди школьников «turan-junior-2016» Секция «Физика, техника, науки о земле и космосе»
files -> «Қазақ мұнайының а р дақтылары»
files -> Ізтілеуова салтанат далбайқызы
files -> Махамбет қай жылы туғАН? Тұрлыбай Бақыт Серікқызы
files -> ҚазақТЫҢ хас батыры -аттила (еділ батыр)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет