Н. Д. ОҢдасынов ? Арабша-қазақша түсіндірме сөздік


жарақаттану — жаралану. Енді кілт бұрыла қалса, үйлердің қабырғасына, не ағашқа екпінімен соқтығып жарақаттанды



бет16/42
Дата11.01.2017
өлшемі9,76 Mb.
#7320
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   42

жарақаттанужаралану. Енді кілт бұрыла қалса, үйлердің қабырғасына, не ағашқа екпінімен соқтығып жарақаттанды (Ж. Тілеков). Отрядта небары алты адам, олардың өзі де жарақаттанып оралыпты (Б. Момышұлы);

жарақаттанушы. Көп ретте жарақаттанушының өзі донор болады («Л. Ж.»).

жарақаттаужаралау. Жігіттің жүрегі — өткір пышақ от шашар, Қыз бала, тек абайлап бағарсың. Қолдан түссе сол пышақ, оны сонда тот басар, Қолыңды да байқамай, жарақаттап аларсың (Р. Ғамзатов). Англияда бөтен елдің әскери корпусы көтеріліс жасасын, бірнеше шетел державалары жерін талан-таражға салып жатса, жығылғанға жұдырық деп премьер-министріңізді жарақаттап кетсе, сіздің отандастарыңыз не істеген болар еді?— деді мистер Ан. Деев (М. Қаратаев). Мал денесіндегі жараланған жердің аумағы жарақаттаушы заттарға байланысты (Ғ. Әбішев);

жарақаттыжаралы. Құлайды бір үлкен тас түссе қатты, Онсыз да үсті-басы жарақатты (Т. Жароков). Жарақатты жан тәтті Қобыланды»).

جزأء (жазаун) жаза1) құн (айыбы, қылмысы үшін); 2) наград (игі ісі үшін); 3) жазалау, сазай. Мұсылмандық ережелерден шегінгендер немесе ол ережелерді дұрыс атқармағандар үш түрлі жазаға кесілетін еді: бірінші жаза — шапалақтау, екінші жаза — таяқпен дүрелеу, үшінші жаза — темір шыбықпен (шомполмен) соғу (X. Ақназаров). 1903 жылға дейін дүре жазасы қолданылып келді («БК(б)П тарихы»). ...Міне, сол жазасынан ағайындарының бірін де ұстай алмай жалғыз үй шошайып қалды (С. Торайғыров);



жазасызайыпсыз, қылмыссыз, кінәсыз. Жазасыз жақын жердің бәрін шапты, Дарияның суындай қандар ақты (Абай). Батыр-ай, құмар едім дабысыңа, Тал түсте қалың елге шабысыңа. Жазасыз, Ақмолаға жер аударған, Жүрсіз бе Тобықтының намысына? (Келіншек);

жазалаужаза тартқызу, айыпқа бұйыру. Алаауыздық жасағандар жазаланды (Ә. Сәрсенбаев). Әкем бізге өте сирек ұрсатын. Тіпті некен-саяқ жазалайтын (С. Айни). Жазықтыны жазалау — заңның ісі (Ә. Сәрсенбаев);

жазалаушыжаза беруші, айып тартқызушы. Елге... жиырма-жиырма, отыз-отыздан жазалаушы кетті дегенді Шымкенттен шықпай жатып-ақ естіп еді (А. Сүлейменов);

жазалаушылықжаза берушілік, айып тартқызушылық. Біздің партиямыздың арсеналында жазалаушылық еш уақытта мүмкін емес нәрсе деп саналған жоқ (И. Сталин);

жазалыайыпты, қылмысты. Басылған бас көтерсе, жазалы, Базаршы базынасын айтса, жазалы (мақал). Жүрегім екеуіне жалбарынар, Рақымдық пен әділетсіз деп жалынар. Мен тентек пе, түбінде кім жазалы, Қайғыны жіберуші өзі-ақ білер (Абай). Сол он бір айдың ішінде тауып келмесеңдер, жазалы боласыңдар,— дейді (Аязби).

جزع (жузун) жазағмин. оникс (ағат түрлес минерал). Көзіне қойылған тасы — жазағ (А. Машанов).

جزئية (жуз’йатун) жузие1) кішкентай бөлшек; 2) майда, ұсақ, философиялық еңбектер (кітаптар). Арасында жеке мәселелерге ғана арналған бөлшек (жузие) түрлері бар (А. Көбесов).

جزيرة (жазиратун) жазира1) арал; 2) шөл жазира «шөл арал»; 3) ауыс. кең, сахара, байтақ дала. Жақсымен бірдем сұхбат айласаңыз, Сол жерде тарқамай ма көңіл кірің? Ей, Жүсіп, мұнан былай болма мұндай, Сен тартып жазираның ерке шөлін (Даңмұрын). Жазираны гүлстан ету үшін, Төбені ойға аударып тастаған ер («К. А.»). Жарасқан жазираға керілген бой, Теріскей табиғаттың төріндей ғой (Т. Әлімқұлов). Көп адамдар Көктөбе судың ортасындағы арал (жазира) болу керек деп біледі (А. Машанов);



жазиралышетсіз. Таңда мынау бір күнімнен қызығырақ бір күнім, Бұрынғыдан жайсаң-жарқын жазиралы тірлігім (К. Айнабеков). Жазиралы жазықты мыңғырлаған малға толтырған, ынтымағы жарасқан алуан ұлттың абзал өкілдері (А. Жолмұханбетов).

جزية (жузййатун) жизиямұсылман елдерінде тұратын мұсылман еместерден жан басынан алынатын салық. Алапат қажыр-қуатыңмен қара бұлттың көзін құрт, көз жасы мен қанға малынған, жизия мен парадан жиналған, алтынмен апталып, күміспен күптелген, бақытсыз бейшаралардың сүйегінен салынған тахыттардың күлін көкке ұшыр! («Т. С.»).

جسم (жисмун) жісім1) дене; 2) тұла бой; 3) зат. Ізіңе ел ермейді, Тазартып алмай ішіңді! Қойдырып алып қор болма: «Арам» деген есімді! Ойдың үйін түземей, Не қажет, бағу жісімді (Тұрмағамбет).

جغرأفيا (жуғрафйа) жағрафиягеография (жерді, оның бетін және ондағы тірі табиғат байлығының орналасуын зерттейтін ғылым). Ол үшін... жағрафияны білу керек (А. Машанов). Қайда кетті құп-құла жағрафия «Мынау елсіз сахарам, шөлім!» — дейтін (X. Ерғалиев);



жағырапия. Ыбырай шәкірттері оқу кітабын өз беттерінше оқи беретін. Жаратылыс, жағырапия, есепке де онша-мұнша ақсай қоймайтын (Ж. Молдағалиев);

жұғрафия. Араб ғалымдары біздің жерге көптеп келген. Олар қазақ халқының тарихи шежірелерін жазып кеткен. Мәселен, Әбул-Фараждың «Жұғрафия шаркал — вуста» (француз тіліне аударылған), т.б. авторлардың шығармаларын айтуға болады (Б. Сүлейменов);

жағрафиялықгеографиялық. Россия жағрафиялық қоғамының мүшесі, белгілі жаратылыс зерттеуші Н.А.Северцев Қаратаудағы фосфордың ғажайып кен байлығын ашқан (І. Есенберлин);

жағырапиялық. Жағырапиялық ұғымнан жаңылысу жазушының бойына жараса қояр ма екен?! (Т. Әлімқұлов).

جغاء (жафаун) жапа1) рақымсыздық, мейірімсіздік, дөрекілік; 2) құрғақтық, қаталдық; 3) суу, салқындау (қарым-қатынас); 4) ауыс. зәбір, жәбір, азап. Құп болсын, олай болса, апаларым, Дүниенің тартып жүрмін жапаларын (Абай). Бек қорықтым өзіме тап болған істей, Опаны таппас бенде жапа шекпей (Нұржан);



жапа-зәбір қатты қорлық; зорлық, қиянат. Ашу қысып, қатал келіп ем, хатты көргенде, тартқан жапа-зәбірімді шағатын әке-шешеме бірдей кездескендей, босап кеттім (Ғ. Мүсірепов);

жапа-шер азап-қасірет. Өзі де осы өңірге болған ығы, Жапа-шер аз ба күткен жолда мұны. Жаны — бұлт, жалыны - пәс, жабығы - адам, Қаруы қолда жалғыз — молдалығы (Т. Есімжанов).

جلاب (жаллабун) жалдапсатушы, саудагер; делдал; 2) құл алып сатушы; 3) ауыс. қу, сұм, алаяқ адам. Бұларды (моряктарды) келемеж ғып дүрелейді; Кемедегі жалдаптар асып-тасып («Б. Д.»). Сен неге Жиенбайды дүр деп айттың? «Алды жөн — адасқанның» деген сөзге. Оның да орта бойлы сөз байлығы, Жалдаптан көтерме алып, сатқан бөзше (Керейіт Шәді);



жалдеп.— Жәлдеп тамыр, маған мойныңды бұршы,— деді («М. Б. Т.»);

жалдаптық1) саудагерлік, делдалдық; 2) ауыс. қулық, сұмдық, алаяқтық. Бізде тіпті — міне, Москвада әрі аштық, әрі суық, «ал бұрын таза, сәнді болды, қазір — сауда, жалдаптық», - деп жазған ақындар да болды. Бізде бірсыпыра осындай ақындық шығармалар бар. Мұның шегі неден туатыны түсінікті де (В. И. Ленин). Өзінің шығармаларында жалғандық жолға түскен, капиталистік қоғамда өзін азатпын, бипартиялық әдебиетшімін деп есептейтіндердің буржуазиялық кәсіп иелеріне, жалдаптық баспасөзге тәуелді болатындығы аян (Т. Кәкішев).

جلاد (жаладун) жендет1) баскесер, қанішер; 2) тері алып сататын саудагер; 3) ауыс. аса қатал, қайырымсыз. Қарысқан қан майданда қылыш тимей Қолынан қанды жендет жанды берді (Жамбыл). Патша өкіметі орыс емес халықтарға жендет болды, оларды азапқа салды («БК (б) П тарихы»). Жұмыссыз сандал, Еріксіз малды ал, Деген кім бар сендерге... Үш-төрт жылғы әдетің Өзіңе болар жендетің (Абай);



жендеттейбаскесердей, қанішердей. Ханның тағын көргенде Қызылға түскен жендеттей Қырқысасыңдар жан алысып, жан беріп,— деді Бәтима ханым (Т. Ахтанов).

جلال (жаллалун) жәлалұлылық, әсемдік, асқан әдемі, жарқын (құдайдың теңеуі);



жәләл. «Мүтәжил-Жәләл» атты бір кітаптың — Айтылған бір хикаят нақылында (Ермұрат). Бисмелда деп сөйлесем, Тілге жәрдем бере көр, Тіл жаратқан Жәләлім (Әбубәкір).

جلب (жалбун) жәліб, жәліп1) әкелу, жеткізу; 2) келтіру; 3) табу, тауып алу; 4) импорт (шетелден товарды алып келу, жеткізу); 5) ауыс. тарту, қатыстыру, назарын аудару, қызықтыру. Сонан соң ғана... өзін танымақтың, дүние танымақтың, өз адамдығын бұзбай ғана жәліб мәнфағат музарратларны айырмақлық секілді ғылым-білімді үйренсе, білер деп үміт қылмаққа болады (Абай).

جليل (жалйлун) жәлил1) үлкен, алып; 2) ұлы сәулетті; 3) атақты ақсүйек, қадірлі, құрметті (еркек). Бабам Жақып Ысырайыл, Хабаршылары — Жабірейіл. Атам — Мысыр патшасы, Рисалат берген хақ Жәлил («Ғашық-наме»).

جمادى (жумада) жұмадаайдың аты;



жұмадал-ахар 1) жұмаданың аяғы, соңы, ақыры; 2) араб ай жылнамасының алтыншы айының аты. Ақын (Әлішер Науаи) жексенбі күні, таң алдында өмірмен қоштасты. Бұл күн — хижри бойынша 706 жылғы 12 Жұмаділ ахир тарихта қайғылы күн болды (Айбек);

жұмаділ-әуел арабша ай жылнамасымен 5-айдың аты. Жиені, Молда Жүсіп — Ботабайдың, Сүйеніп пазылына бір құдайдың; Омарға аз хикая сөз жазыпсыз, Мақтубың жанында екен ауылнайдың. Басардан Борашұлы алдым сұрап, Басында жұмаділ-әуел өткен айдың (Н. Ержанұлы).

جماعة (жамаатун) жамағат1) біріктіру, бірлестіру; корпорация (бірлестік, одақ); 2) қоғам; 3) топ; 4) ауыс. әйел, жұбай; зайып, үй-іші, бала-шаға. Құлшылыққа жиылған көп жамағат, Сыбдыр қағып тосып тұр, сол-ақ қымбат... (Абай). Бірінші бір қыз келер ақша маңдай Жамағат — үлкен-кіші мақтағандай (Ақан сері);



жамағатсызсемьясыз. Фараби өмір шындығын, ақиқат кілтін ғылымнан іздейді, табиғат әлемі мен адам дүниесінен іздейді. Оның дүние жимай, үй жамағатсыз болу себебі де сол деп білеміз (Ш. Есенов).

جمل (жамалун) жамал1) сұлулық, көркемдік; 2) сүйкімділік. Жамалың жалпы әлемді таңырқатты (Ә. Науаи). Махаббатым сізге шексіз ауып тұр, Күн бұлттанып, басқа тұман жауып тұр. Жамалыңа ынтық болып ауырдым, Тап дауасын, бұл дертімнен сауықтыр ұржан).

جمع (жамун) жам — 1) жиналу, бірігу; 2) жинау, топтау; 3) матем, қосу; 4) жиын; 5) жиналыс; 6) грам. көптік, көпше (түрі). Кенженің орнына туған әке болып, бұған қоса өнеріңе сүйсінген жақсы көрер қалыс, жам ағайын болып, жаным аши келген жайым тағы бар (С. Бақбергенов);

жамағайынжалпы ағайын. Оны бізге неге айтпаған, шілдехана тойына шақырмаған, - деп Ілгек жеңгейге жамағайындары өкпелеп жүрген (Ә. Фатихов). Бір елдің ішінде жамағайынды кісі бірге туғандай көріп, іші елжіреп, жақсы көріп тұрып, елге келсе, әрі-беріден соң қайта қашқандай қылатұғыны қалай? (Абай);

жамғысыбәрі, әмбесі. Адам да алты затқа һәм ықтимал, Бұл сөз де емес, онда ықтыяттан! Жамғысы жиналғанда он төрт болып, Бір есеп қарар табар адамзаттан (Шораяқтың Омары). Жамғысы... Тоғыз жүз жетпіс теңге,— деді (Ғ. Мүсірепов);

жәммажалпы, бәрі, әмбе. Білмесең, баяндайын оның шарқын, «Шай» үшке бөлінеді,— деген,— жәммал (Ермұрат).

جمعة (жуматун) І жұма1) жиылыс; 2) күннің аты. Көз жұмғанша дүниеден Иманын айтып кеткені-ай! «Бейсенбі ме, бүгін?» деп, Жұмаға қарсы өткені-ай (Абай). Қайыры жоқ байлардан, Ел қонбаған шөл артық. Жапанда суы суалып, Бақа сорған көл артық. Желеп, жебеп жүретін, Жұма сайын келетін Иманы бар өлі артық (Әбубәкір);



II жұма апта. Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасына бір, ең болмаса айында бір өзіңнен-өзің есеп ал (Абай). Осы арада олар жұмаға жақын жатты (С. Мұқанов).

жұмалық1) апталық; 2) ескі. шәкірттің өзін оқытатын молдасына жетісінде беріп отыратын салығы. Көп болса бір жұмалық өмірім бар, Байқашы, мына менің шамам қалай (С. Торайғыров). Ағайым өзі сабақ алатын молдаларына көбірек жұмалық беруі тиіс еді (С. Айни).

جملة (жумлатун) жұмыла1) жиынтық, бәрі, жинақ, 2) біразы, 3) жігерлі түрде барлығы бірлесіп кіру. Жұмыла көтерген жүк жеңіл (мақал). Молда Мұса жаңа өмірдің іргесін қалауға жұмыла кіріскен еңбекші халықтың жаңа өмірін, жаңа табысын жырлады (Б. Кенжебав, Ө. Есназаров);



жұмла. Елеуреп екі-үш ауыз әлсанаға, Айтыпсың білгеніңнің бәрін жұмла. «Айыбын айтамын» деп бір-бірінің, Масқара болған жоқ па ед сәк пен құрба... ұрмағамбет). Киелі, сойдан шыққан әулет еді, Әзелден жұмла халық құрметтеген (Оразымбет);

жұмілә. Мейірі қатып Жүсіптен жұмілә кешті, Үстіндегі киімін түгел шешті. Беліне арқан байлап салбыратып, Жоғары тартып тұрып, жібін кесті («Ғашық-наме» );

жүмлеграм. сөйлем (өзара грамматикалық байланыстағы сөздер тобы). Сөйлем, дұрыс жазу, Үйреткен жүмлеге (Абай);

жұмылдыружігерлі түрде барлығы бірлесіп іске кірісу. Партия өз күштерін жұмылдыруға кірісті (И. Сталин). Ауыл шаруашылығын өркендету, кедей-жарлыларға көмек беріп, оларды жер жыртып, егін салуға жұмылдыру жайлы уездік партия комитетінің хатшысы Дәулетов жолдас сөз сөйледі (X. Есенжанов).

جميع (жамйун) жамиғ1) жиынтық, жинақ; 2) бәрі, барлығы, бүкіл, жалпы.— Жамиғ Найман тоқтады, мен де тоқтадым дейді (Сара). Ата-анамыз алыс болғанмен, Жамиғи Қазақ бір туған (Базар жырау).



جن (жиннун) жынескі. аруақ (адам санасындағы еріктен тыс күш, дию, пері, шайтан). Аруақтың арты жын болады (мақал). Ғали тауда, далада, Жын, перімен алысқан (Жамбыл). Екі әйел дүниеде ерсіз өткен, Біреуі Биби — Мариям — Ғайса анасы. Пірғауын қатысқан жоқ деп айтады, Өтіпті қыз қалпында Асиясы. Пірғауынға бір жын қызы қатын болған, Жатқанда Асияның нақ ұқшасы (Иманжан);

жындандыруақылынан, есінен адастыру, есалаңдыққа ұшырату, делқұлыландыру. Әй ішкілік-ай! Сондай адамды да жындандырады екенсің-ау, сен (С. Мұқанов). Бүйте берсе, мені жындандырып жіберетін түрі бар (М. Гумеров);

жындыесінен, ақылынан ауысқан, шайтандық (керемет, адам нанғысыз, ғажайып). Бәрі де есі шығып жынды болған... (Абай).— Сіздің аймақта қанша жынды бар? — деп сұрапты Бұ Адамнан.— Қанша екенін білмеймін. Бірақ та қанша ақылды бар деп сұрасаңыз, оны есептеп шығайын,— депті («Бұ Адам»);

жындануақылы азып ауыру, есінен айрылу. Соқыр көбелек жынданса, отқа түсер (мақал). Егесте есі шыққан мылқау боран Ала алмай завод үйін кетеді одан, Жынданып электрдің сымын үзіп, Алып жүр өшін нәзік бағанадан (Қ. Аманжолов);

жындылық1) есінен ауысқандық, делқұлылық; 2) ауыс. тентектік. Бұл кездегі Оспанның балалық жындылығы, ұр да жықтығы біржолата жоғалғандай (М. Әуезов). Баулы мені, о Жайық, даналыққа, Жындылықтың жетті ғой күйреткені, Сен ақырын ағуға үйрет мені! (Г. Регистан).

жындышажындыдай. Байлыққа бола бір күндік, Жындыша тынбай жүгірдік. Байлық та кетті баянсыз, Орнына ғана үңілдік (Ә. Тәжібаев);

жын-сайтан. Пері соққан, жын-сайтанның ұясы деуші еді. Осы жерден аман кетсек (К. Тоқаев). Менің аулым жын-сайтанның ойнағы емес! Қ Т. Т. С.»);

жын-шайтан ескі. еріктен тыс адам санасындағы дию, пері, жын, албасты, шайтан дегендей ұғымдардың жиынтығы. Күн күркіреп, жарқыраған кезде славяндарға құдай арбасына мініп, аспанда кұйғытып жүріп, жын-шайтандарды оғымен атып түсіріп жүргендей болып көрінеді (И. Гончаров). Өткір сатиралық тәсілмен Ленин жын-шайтанға нану, жалпы соқыр сенімнің шырмауына түсу қандай сорақы, мағынасыз нәрсе болса, идеализмнің түрлі ағымдары мен сарындарында да ешқандай мағына жоқ дегенді айқын аңғартады (Қ. Сағындықов).

жынша жын сияқты, жын тәрізді. Бұйраттың ішіндегі ойда созыла қонған екі-үш ауылдың шеткісінде екі-үш кісі жынша ойнақтап, атты кісіге қарап тұрды (С. Сейфуллин). Ұзын қыл арқан тағып сүйреткен ала бұзаудың тұлыбы бейне бір жынша секіріп, қарғып кұлап қайта тұрды (X. Есенжанов).

جناب (жанабун) жанаб1) жақ, тарап, бүйір; 2) мырза, төре, ұлық, биік (өзінен жоғары көрген кісінің атына қосылып айтылатын құрметті сөз). Бастан өтіп бара жатыр балалық, Өтпей тұрып сайран-сауық құралық. Жарылмаған жаңа қауын балапан Жанабыңа хатты жазып сыналық ұржан).

جنازة (жаназатун) жаназа1) діни. өлікті жуу, үйден шығару, жаназа намазын оқу, т. б. процессиясы; 2) табыт, катафалк (өлік салатын арба). Мұхаммет заңы бойынша, молдалар өлік басына келіп, жаназа оқиды (Ы. Алтынсарин). Ең басы Әжібайдың әкесі өлді, Шығартып жаназасын жақсы көмді (С. Торайғыров). Басында жаназаның қызғыш көрдім, Сырты — қой, іші — қасқыр бұзғыш көрдім... (С. Торайғыров);

жаназасыз.— Әлде мезгіл жаназасыз көмген бе? (Ә. Тәжібаев). Тегінде аңыраған сөзден қорқып, Әлдисіз, жаназасыз өлер қазақ (X. Ерғалиев);

жаназашыдіни. жаназа шығаратын, жаназаға барған адам. Бүгін таңертеңнен бері жаназашыларға сол жоқтауларын айтумен отыр (М. Әуезов);

жаназашылжаназадан қалмаушы. Тоғай сағалап кеткен жаназашыл шалдар жиылды (Д. Досжанов);

жаназалаудіни. жерлеу. Бір күндерде Зылиха дүние салды. Зылиха өліп, Жүсіп жесір қалды. Жаназалап көмбекке Зылиханы, Шаһардың барша жұртын жиып алды («Ғашық-наме»).

جنة (жаннатун) жаннат1) бау, бақ; 2) діни. ұжмақ, ұжмақ бағы, пейіш. Көктөбе, Ұшқарада — жер жаннатын, Өзінің өлкесіне қосады Іле... (І. Жансүгіров). Тізілген меруерт секілді тістерің бар, Қорындай жаннаттағы түстерің бар (Ақан сері);



жанат. Әр мүрденің басына арнайы тізе бүгіп, білетін «құлқуалласын» үштен қайырып, жанының жанаттан болуын, жатқан жерінің жарық болуын тілеп бетін сипады (А. Сейдімбеков). Басында Қарқаралы жалғыз арша, Зеңгір тау — жер жанаты бір тамаша (Қ. Аманжолов);

жәннат. Жанқожа жаулық қылып патшаға қас, Қиратып халық дұшпанын, зар жылатқан. Ол ердің рухына сансыз рақмет, Халықтың қамқоры үшін қылыш тартқан! Өлгенде орны жәннат, рухы разы, Әр пенде қаза тапса сол талаптан (Шораяқтың Омары). Науа — жер жәннаты, жер ұйығы (О. Бөкеев);

жәннәт. Жер үстінде қала жоқ Мысыр сынды Қоса ағызған көркі үшін дария Нілді. Бірі кәусер болғанда, бірі жәннәт. Сонда ғана жаратқан бар сұлуды («М. Б. Т.»). Көкшетауды жер жәннәті дейді ғой (С. Омаров);

жәннет. Жәннеттен періштелер жерге еніп, Кәусер ап, пердәуіштен ішіп тұрсам Мәрмәрдан Багирамға бина салып, Хор қызын жәннеттегі құшып тұрсам әңгерей) Жәннеттен шыққан хорлардай. Форымына қарасаң, Қызықпастай қай адам («Қамбар батыр»);

жаннатұл ағла діни. ең жоғары ұжмақ. «Бейнетке сұлуды іздеп баттым», - дейді, «Жол шегіп талай күн, түн қаттым», - дейді. «Жаннатұл ағлада кездеспесе, Жерде жоқ бір сұлуды таптым...», - дейді (С. Мұқанов);

жаннәтөл-пердауыс. Ғалымның бізге құдай жолын берсін, Жаннәтөл-пердауыстан орын берсін (Ақан сері);

жаннати ұжмақтық, пейіштік.

جنس (жинсун) жыныс1) тек; 2) сорт, түр, класс, тап; 3) биол. жыныс; 4) тұқым, ру, тайпа, нәсіл; 5) грам. род; 6) ауыс. ну, қалың, қабат. ...Қарағай қапталдағы, жыныс арша, Қыдырлы малдың құтты келесіндей (І. Жансүгіров). Көңіліңізге ауыр келмесін, қарындас, әскер халқы әйел жынысын сыйлампаз келеді,—деді комендант (Ә. Нұрпейісов). Қалың жыныс орманы, Саялаған сан бұлбұл («X. А.»);



жыныстану1) жынысқа бөліну; 2) қалың жынысқа айналу, ну болу. Қарағаш, қарағайлар да бұрынғыдай емес, жыныстанып нуға айналған (Ғ. Сланов); жыныстас — тектес, тұқымдас, нәсілдес. ... Өзіне жыныстастардың көмегімен өзінің тілегін орындап, бақытты болуға болады,— деді Жақып (М. Иманжанов).Жыныстассың ғой, қарағым, ұғарсың,— деп, майда сөзге дес бермейтұғын белгілі мақамымен жорғалай жөнелді Ақмамыр (М. Сатыбалдиев);

жыныстытекті, тұқымды, нәсілді. Теректіден көшкен ауыл Толыбайға жете алмай, кұм ішіндегі жынысты қалың тоғайға келіп, қоныс тепті (С. Бақбергенов). Қалақай гүлі — бір жынысты, көпжылдық өсімдік (М. Хажымұратов);


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет