Н. Дауенов ДӘСТҮрлі қазақ этнографиясы



бет61/93
Дата15.12.2021
өлшемі1,96 Mb.
#101400
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   93
Байланысты:
574 artikhbaev j.o. sabdanbekova a.a. elemesov a.kh. dauenov e.n. dasturli khazakh etnografiyasi
9 с 4саб, 574 artikhbaev j.o. sabdanbekova a.a. elemesov a.kh. dauenov e.n. dasturli khazakh etnografiyasi, ессе Айгерім, Сыйынар ем ана деген тәңірге
Ұннан жасалатын тағамдар. «Нан бар жерде — ән бар» дец қазақ қауымы астық егуді, оның дәндерінен, жармаларынан, талқандарынан алуан түрлі тағамдар жасауды меңгергенін IV—VI ғасырлық мұраларда кездесетін дән түйгіштер (келі— келсап), дән тазартқыштар (елеуіш), қол диірмен сияқты еңбек құралдары дәлелдейді. «Дәнді шашпа, нанды баспа», «Жерде жатқан бидай дәнін көрсең, түйенің үстінен еңкей де теріп ал!» деп халқымыз нанды аса құрметтеген.

Астық дәндерін жармалаумен бірге оларды түктеп, қабығынан, кебегінен тазартып қуырып, екшеп, елеп, желге желпіп ұшырып тазартуды білген. Дән түйгіштерді тастап, ағаштан, күйдірген балшықтан жасаған. Оларды келі, кел-сап, түйгіш, домбал деп атаған. Қуырмаш жасауға ақ бидай, ақ бүйрек, бөлетүрке дейтін жұмсақ бидайларды пайдаланған. Бидайды құрғақтай қуырып алып, содан кейін майға, қаймаққа, шыртылдаққа шылап немесе жаншып жегенді дұрыс көрген. Ақтаған ақ тарыдан түрлі дәмді ас жасаған.

Жанышқан тары. Ақтаған тарыны келіге салып сүтке, майға қаймаққа жанышады. Кейде жанышқан тарыға қант, мейіз қосады. Тары шұжық. Ақтаған тарыға ет, қазы, ұсақтап тураған өкпе-бауыр, ішек-қарын қосып шұжық айналдырған. Сол сияқты ақтаған тары, күріш немесе олардың жармасын қосып бүрме, жұмыр, үлпершек, қарта айналдырған, сондай-ақ семіз өңештер, қолқалар, жөргемдер жасаған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет