Сықпа құрт. Мұның қайнатқан құрттан айырмашылығы сол, ашыған айран қапқа құйып сүзіледі де тұздалып, әр түрлі үлгімен, бөлшектеліп тақшаға кептіріледі. Сықпа құрт та бастырма ретінде пайдаланылады. Мұндай құрт жайған әйел ауыл балаларына арнап дөңгелек жасап, жіпке тізіп, мойыңдарына іліп қуанту салты болған.
Малта. Езілген қүрттың таусыншақ түйіршіктері, ол әрі жұмсақ, әрі сүйкімді ас саналады. Ұзақ сапарларда ауызға салып суын жұтқан кезде әрі сусын, әрі қорек болған.