Н. Дауенов ДӘСТҮрлі қазақ этнографиясы


Быршыма. Ұйытқысы нашар болған немесе көп тұрып қалған іркіт түрлері, одан көбінесе құрт қайнатылады. Қаймақ



бет55/93
Дата15.12.2021
өлшемі1,96 Mb.
#101400
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   93
Байланысты:
574 artikhbaev j.o. sabdanbekova a.a. elemesov a.kh. dauenov e.n. dasturli khazakh etnografiyasi

Быршыма. Ұйытқысы нашар болған немесе көп тұрып қалған іркіт түрлері, одан көбінесе құрт қайнатылады.

Қаймақ. Бұл тағамның бірнеше түрлері бар: піскен қаймақ, шикі қаймақ, кілегей қаймақ, бал қаймақ, тағы басқалары. Олар май айыру, шайға қату, талқан былғау және әр түрлі тамақтарға қосу үшін, кейде қаймақ күйінде пайдалану немесе басқа тамақтармен (нанмен, бидаймен, тарымен т. б.) бірге жеу үшін әзірленеді. Піскен қаймақ пісірілген сүттің бетінен алынады, ол көбінесе сүтпен бірге шайға қатылады, бидай мен талқанды былғап жейді. Шикі қаймақ шикідей тұндырып қойған сүттің бетінен немесе сепаратор машинкасына тартылған сүттен алынады. Одан сары май алынады. Кілегей қаймақтан да сары май алынып, жүдеу адамдарды оңалтуға пайдаланылады, немесе басқа тамақтарға қосып дәмі келтіріледі. Бал қосып қоюландырылған тәтті бал қаймақ сырқат адамдарға шипаға, қарттарды сыйлауға жұмсалады. Сірне немесе шырынды қаймақ деп, беті бір рет алынған сүтті пісіргенде тұратын жұқа, майы аз қаймақты айтады. Қатықтың қаймағы деп ұйыған айран, қатықтың бетіне тұрған қаймақтарды атаған.

Қаспақ. Пісірілген сүттің қазанға жабысқан тұнбасы. Оны балалар сүйсініп жейді.

Уыз. Жаңа төлдеген малдың төлі емгеннен кейінгі алғашқы сүтінен пісіріледі. Өте дәмді ақ ірімшік болады. Төл емгеннен кейінгі сары уыз бүйенге, ішекке құйылып етпен бірге пісіріледі. Бұл уыз қазақ халқының мал төлдейтін айлардағы ең бір сүйсініп жейтін тамағы.

Сүт. Басқа нәрсе коспай, пісіріп ыстықтай және салқындатып ішіледі, шайға, көжеге қатады, айран, қатық ұйытады, іркіт жинайды, қаймақ түсіріп, май шайқайды, нан илейді.

Көк сүт. Қаймағы алынған нәрі аз сүт.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет