Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет78/185
Дата02.03.2022
өлшемі1,92 Mb.
#133929
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   185
Байланысты:
Басқару психологиясы оқу құралы by Ахтаева Н.С. (z-lib.org)

 
 
3.10 Билік 

 басқару іс-әрекетінің реттеуіші ретінде. 
Жетекшілік және көшбасшылық 
Ұйымның тиімді жұмысының негізгі шартының қамтамасыз 
етілуі басқарудың басты функциясы болып табылатын атқару-
шылардың жоғары мотивіне байланысты. Дегенмен бұл тек 
ұйымның тұрақты және тиімді қызметі үшін жеткіліксіз. Бас-
қару іс-әрекетінің мұндай реттеуішінде мотивтендіру емес, 
мәжбүрлеу сипаты бар қажеттілік туындайды. Мұнсыз басқару 
іс-әрекеті мүмкін емес.
«Жоғарыдан» басқару әсерінің барлығының негізі – атқа-
рушылар іс-әрекетінің мотивтенуі мен өзара іс-әрекеттегі билік. 
«Билік» ұғымы «жетекшілік» және «көшбасшылық» ұғымдары-
мен, олардың типтерімен және олардың арасындағы қатынас-
тармен байланысқан. 


195 
Ресми
 
және
 
бейресми
 
ұйымдар

Жетекшілік
 
және
 
көшбасшылық
 
 
Ұйымдар мен топтардың барлығын негізгі екі ресми және 
бейресми типке бөлуге болады. Ресми ұйым – институционалды 
белгіленетін қандай да бір мақсатқа жету үшін бірігетін адамдар 
қауымдастығы. Бейресми ұйым адамдардың кездейсоқ белсен-
ділігі нәтижесінде түзіледі, олар өзара реттеулік қарым-қаты-
насқа енеді. Барлық топтар мен ұйымдарды екі топқа бөлуге 
болады: ресми және бейресми. 
Бейресми топтардың пайда болу себептері: 
– әлеуметтік қолдаудың қажеттілігінен, яғни оны қанағат-
тандыру әлеуметтік және тұлғалық жайлылық сезіміне алып 
келеді, ал қанағаттанбаушылық күшті негативтік эмоциялар 
шақырады; 
– көмектің қажеттілігінен; 
– қорғаудың қажетттілігінен; 
– қатынастың қажеттілігінен, ол жоғарылатылған ақпаратта-
нуға алып келеді, соның арқасында адамның бейімделу мүм-
кіндіктері кеңейеді және оның сыртқы әлеммен байланыстар 
тиімділігі артады. 
Ресми топта – ресми көшбасшы – ол жетекші, ал бейресми 
топта ресми емес көшбасшы басқарады. 
Ресми де, бейресми топтар да қалай да ұйымдасқан болуға 
тиіс. Сондай ұйымдасудың ең қарапайым тәсілі – топ мүшелері 
арасынан оны үйлестіру жөніндегі функция жүктелетін адамды 
атап көрсету. Ресми топ үшін ресми көшбасшының – жетек-
шінің болуы, ал бейресми топ үшін – бейресми көшбасшының 
болуы тән. Ресми және бейресми көшбасшылықтың ұқсастығы 
мен айырмашылығын айқындау басқару іс-әрекетінің мәнін 
түсіну үшін қажет. 
Ресми топтар бейресмиге және керісінше тасымалдана алады – 
бұл бөліну абсолюттік болып табылмайды. Топтар туындау 
механизмі бойынша айырмалана отырып, құрылымның, «жетекші» 
және «жетектегі» мүшелердің болуы, жалпы әлеуметтік-психоло-
гиялық құбылыстар сияқты маңызды жалпы сипаттарға ие болады. 
Осы және басқа да ұйымдар шағын топтарға дифференцияланады.


196 
Ресми ұйым өзінің ішінде бейресми топтардың мүлде бол-
мауын емес, керісінше, олардың болу мүмкіндігін білдіретіні 
өте маңызды. Сонымен ұйым құрылымында олардың құры- 
лымдануының ресми және бейресми тәсілдері тығыз өзара 
байланыста болады. Ұйымның ішінде мұндай өзара іс-әрекет 
басқарудың басты проблемаларының бірі болып табылады.
Дәл осы жерде негізгіні атап көрсетеміз: топты ұйымдасты-
рудың екі типінің болуы – оларды басқарудың екі түрлі тәсіл-
дерінің және көшбасшылықтың екі типінің себебі. Олар күр- 
делі қарым-қатынасқа түседі, сабақтасады, ажырамайды, өзара 
іс-әрекетте болады.
«Көшбасшы» ұғымы топтағы «вертикаль бойынша» психо-
логиялық қатынастарға тән (үстем болу – бағыну). Әдебиеттерде 
ресми көшбасшылықты белгілеу үшін «жетекшілік» ұғымы, ал 
бейресмилікті белгілеу үшін қарапайым «көшбасшы» ұғымы 
қолданылады. Ағылшынша 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет