Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет81/185
Дата02.03.2022
өлшемі1,92 Mb.
#133929
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   185
Байланысты:
Басқару психологиясы оқу құралы by Ахтаева Н.С. (z-lib.org)

 
билігі
. Жетекші өз қолында 
атқарушылар үшін субъективтік мәнді стимулдарды таратудың 
негізгі мүмкіндіктерін ұстайды. Биліктің бұл түрінің артық-
шылығы – оның күшінде, ал кемшілігі – жетекшінің атқарушы-
ларды олардың үмітімен салыстыра марапаттау үшін шектеулі 
мүмкіндіктеріне ие екендігінде (жетекшінің шамасы шектеулі). 


200 
Сараптық
 
билікнемесе
 
талдау
 
билігі
 
– бұл жетекшіге са-
налы сенім арқылы билік (басшыға сену, басшының қолынан 
бәрі келетініне сену). Атқарушылар көбінесе жетекші ұйым мақ-
саттарын жүзеге асырады деп есептейді, өйткені кәсіби шебер-
ліктің жоғары дәрежесіне ие. Сондықтан оған сену және бағыну 
керек. Бұл билік басқарудың орталықтандырылмаған жүйеле-
рінде әлдеқайда мәнді. Оның кемшілігі – сенімділіктің, күштің 
және тұрақтылықтың кемдігі. Сонымен қатар ол жетекшілердің 
барлығына бірдей қолжетімді емес, көбінесе «кері белгімен» 
жұмыс жасайды. 
Харизматикалық
 
билік
 
немесе
 
өнеге
 
билігі
– мысал (үлгі) би-
лігі. Ол саналы сенім мен қисынға емес, дәстүрге және көшбас-
шының жеке сапаларының күшіне негізделген. Бұл қызметтік 
емес, тұлғалық ықпал. Харизматикалық тұлғаның төмендегідей 
типтік сапалары атап көрсетіледі [35]: 
– өз энергиясымен қоршағандарды зарядтау (энергиямен 
алмасу); 
– күшті сырт типі – көбінесе санадан төмен деңгейде бо-
латын әдеттен тыс айқын сапалар; 
– мінездің тәуелсіздігі; 
– шешендік қабілеттілік; 
– өз тұлғасына таң қалуды қабылдау (олар өздерін басқалар 
шын мәнінде бағалаған кезде ғана жайлы сезінеді); 
– өзін сенімді және текті ұстау мәнері. 
Харизматикалық биліктің жақын ұғымдары әлдеқайда жал-
пы «эталондық билік» ұғымымен біріктірілген. 
Заңды
(
дәстүрлі

билік
. Жетекші оның мәртебесінде заңды 
бекітілген, атқарушыларға әсер етудің құқықтық, өндірістік ті-
ректер жүйесіне ие. Жетекшілер мен қарамағындағылар ара-
сындағы өзіндік «келісімге» сай биліктік қарым-қатынас ор-
найды.
Ақпарат
 
билігі
.
Жетекші, әдетте, қарамағындағыларға қара-
ғанда көбірек ақпаратқа ие, сондықтан тиімді мінез-құлық үшін 
объективті үлкен мүмкіндіктері бар. Басқалардың алдында бұл 
оның биліктік шамасын арттырады, оның сараптық және эталон-
дық билігін күшейтеді. Кім ақпаратқа ие болса, сол жағдайды 
бақылайды. 


201 
Жетекші іс-әрекетінде, әдетте, биліктің қарастырылған бар-
лық формалары сабақтасады. Оның аса маңызды кәсіби сапасы 
– осы формаларға кешенді сүйену және оларды жағдайға бай-
ланысты «дозалау». Осы сапаның өзі интегралдық басқару түзі-
лімінің жетекші беделінің қалыптасу негізі қызметін атқарады. 
Бедел тек жетекшінің биліктік өкілеттері мен тұлғалық сапа-
ларының қорытылған, интегративтік байқалуы ретінде ғана 
емес, жетекші мен атқарушылардың ұзақ уақыт бірлесе істеуінің 
өнімі болып табылады. Сондықтан жетекшінің беделді қалып-
тастыру мен күшейтуге бағытталған мінез-құлық тәсілдері бас-
қару іс-әрекетінің маңызды жағы және реттеуіші болып табы-
лады.
Арақашықтық
 
бедел
. Жетекші өзімен және қарамағында-
ғылармен арадағы арақашықтық неғұрлым үлкен болса, оларға 
ықпал ету соғұрлым күштірек болады деп есептейді. 
Мейірімділік
 
немесе


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет