Ұн тағамдық атауларының анықтағыш сөздігі


Жаңғақты орама (орыс.рулет с орехами, ағылшын. roll with nuts) –



бет29/102
Дата06.02.2022
өлшемі0,79 Mb.
#34484
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   102
Жаңғақты орама (орыс.рулет с орехами, ағылшын. roll with nuts) – қамырға алдын-ала таба әзірленеді. Оған пергамент қағазы төселіп, түбі мен жан-жағынан сары май жағылады. Ұн себіліп, салқын жерге қойылады. Жұмырттқанын сары уызы қант ұлпасымен езіліп, біртіндеп 1шай қасық лимон шырыны немесе 6 проценттік сірке суы қосылады. Араласқан қоспаға ұн себіліп, ет тартқыштан өткізілген жаңғақ салынады да бұлғанып, үстіне жұмыртқанын көпіршіте шайқалған ақ уызы қосылады. Ыдысты дөңгелете отырып қамыр қасықпен асты үстіне қарай араластырылады. Дайын табаға саусақтың қалыңдығындай етіп салынып, қолды суға малып алып тегістеледі. Орамның біркелкі қалыңдықты болуы тиіс. Қамыр баяу жанған пешке пісіріледі. Піскен соң салқындатылып, ортасына дайын тұрған ұоспа салынады да, оралады. Орамның үстінен шоколадты глазурь қойылады, жаңғақ дәні, үгілген шоколад себіледі. Сөйтіп тоңазытқышқа қойылады.
Ортасына салатын қоспа: қант, 1шай қасық сірке суы немесе лимон сөлінен шырын қайнатылады (шырынның қасықпен алғанда сағызша созылуы керек). Оған жарты лимон сөлі мен ұнтақталған жаңғақ дәні және ром қосылады. Қоспа салқындалғанша бұлғанады.
Глазурь 100 г қуырылған шоколад, кесенің 1/3бөлігіндей кілегей, 50 г сары май, ваниль қанты араластырылып, қоюланғанша қайнатылды. Ыстықтай жалпақ пышақпен орамға жағылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет