Ұн тағамдық атауларының анықтағыш сөздігі


Жаңғақ қосылған пешеней (орыс.печенье с орехами, ағылшын. biscuits with nuts)



бет28/102
Дата06.02.2022
өлшемі0,79 Mb.
#34484
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   102
Жаңғақ қосылған пешеней (орыс.печенье с орехами, ағылшын. biscuits with nuts) – ас содасы араластырылған ұн стол үстіне еленіп, үйіледі де қаймақ, сары май, жұмыртқа, қант, тұз, тәтті айран, қуырылған жаңғақ және мейізбен араластырылып, қамыр иленеді. Иленген қамыр 15-20 минут салқындатқан соң бөліктерге бөлініп, батон формасында жайылады да, ұн себілген металл табаға салынады. Батонның қалыңдығы 5-6см болады. Бетіне жұмыртқа жағылып, қуырылмаған жаңғақ себіледі. 240-250° С температурада пісіріледі. Дайын тағамның беті кесіліп, жеміс сөлі жиналған кесе алынады.


Жаңғақ қосылған бауырсақ (орыс. баурсаки с орехами, ағылшын. baursaks with nuts) – суға сары май, тұз, 20г қант ұлпасы салынып, қайнауға жеткізіледі. Үздіксіз бұлғана отырып, қоспа ыдыс қабырғасынан ажырағанша қайнатылады. Оттан алған соң бұлғай отырып 25-30° С-ге дейін салқындатылады. Салқындаған қоспа тағы да араластырылады, жұмыртқаның сары уызы бір-бірден құйылады. Табаға сары май жағылып, оған қоспа 0,5см қалыңдықта орналастырылады да, беті пышақпен тегістеледі.
Ұнтақталған жаңғақ дәні 100 г қант, ром немесе коньяк араластырылады. Шиенің сүйегі алынып, орнына жаңғақ қоспасы салынады. Оны қамырдың үстіне орналастыру үшін, әрбір квадраттың үстіне ортасына тұратындай етіп көзбен мөлшерленген жөн. Кесілген квадрат жабыстырылып, дөңгелек формаға келтіріледі. Майға қуырылады. Қалған қантқа какао қосылып, ыстық бауырсаққа себіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет