Ү
Үзбе (орыс. узбе, ағылшын. uzbe) – сүтке, сорпаға пісірілетін қамыр кесектері.
Үзбен (орыс.узбен, ағылшын. uzben) – кеспе көже, кейбір жерде жайылған қамырды ұзыншалап кесіп суға қайнатып, сүт қосып пісіретін көже.
Үш қабатты қаусырма (орыс. трехслойный пирог, ағылшын. three layer cake) – екі кеседей ұнға салқындатылып, ұсақталған май, жұмыртқаның сары уызы, қаймақ, қант ұлпасы, тұз қосылады. Қамыр иленеді. Иленген қамыр 12-20 минуттай салқындау жерге қойылады. Содан соң 1 см қалыңдықта жайылып, майланған формаға аударылады да, пышақ не шанышқымен тесіледі.
Алхоры сүйегінен ажыратылып, екіге бөлінеді де қамырға жұмсақ бөлігі төмен қаратылып орналастырылады, бетіне қант ұлпасы, кепкен нан ұнтағы себіліп, үстіне бисквит құйылады.
Достарыңызбен бөлісу: |