Ұя (орыс.гнездо, ағылшын. nest)– қамыр бүктемелерге әзірленгендей қалыңдығы 0,5 см етіп жайылып, үлкен шай кесенің көлеміндей дөңгелектер кесіледі. Олардың жартысы аздап суланған табаға салынып, жұмыртқа жағылады. Қалған дөңгелектердің ортасы стаканмен не рюмкамен сақина қалатындай етіп ойып алынады. Жұмыртқа жағылған дөңгелектерге сақиналар орналастырылып, бетіне жұмыртқа жағылады. Температурасы 200-2400 С пешке қойылады. Ал ойып алған кішкене дөңгелектер суланған табаға тізіліп,бетіне жұмыртқа жағылады да 260-2700 С температурада пісіріледі. Дайын болған дөңгелектер салқындатылады.
Үлкен дөңгелектер көкөніс немесе ет қоспаларымен толтырылып,беті кішкене дөңгелектермен жабылады.