Лимонды бисквит (орыс. лимонный бисквит, ағылшын. lemon cake) – жұмыртқаның сары уызына қант қосылып, түйіршіктері жойылғанша езіледі. Бір лимон сөлі сығылып,үккішпен үгілген лимон қабығы осы қоспаға қосылады, май салқын жерде шайқалып, жұмыртқаның ақ уызы көпіршігенше бұлғанады.
Қант,лимон қосылған сары уызға алдымен май содан соң ұн, мейіз, жұмыртқаның ақ уызы қосылады. Бәрі абайлап араластырылып, қоспа майланған форманың 3/4 бөлігіне (биіктігі) дейін құйылады.
Бисквит 200-2100 С температурада пісіріледі. Сіріңкенің шиі тығылып, бисквиттің піскен-піспегенін анықтауға болады,сіріңке құрғақ шықса одан әрі пісіріледі.
Бисквит салқындағанша елекке аударылып, содан соң қант ұлпасы себіледі.
Лимонды қаттама қаусырма (орыс. слоеный пирог с лимоном, ағылшын. layer cake with lemon) –сары май немесе маргарин ұнға қосылып кескіленеді. Оған қаймақ, сірке суына тұшытылған сода қосылып, қамыр иленеді. Қамыр 2 сағаттай салқынға шығарылады. Осы кезде қоспа әзірленеді. Лимон ірі көзді үккіштен өткізіліп, қант қосылады да, әбден араластырылады.
Қамыр бірдей екі бөлік етіп жайылады. Біреуі майланып, қағаз төселген табаға салынады да, біркелкі етіп қоспа жағылып, екінші қамырмен жабылады. Жиегі жапсырылады. 200-2300 С температурада 20 минутта дайын болады.