Май шелпек (орыс. май шелпек, ағылшын. may shelpek) – сары майға илеп, онша жұқартпай пісіріледі. Май шелпектің арасына қойдың, жылқының шыжығын бүрмелеп те жасайды, дәл осындай түсіндірме «Шаңырақ» энциклопедиясында берілген: май шелпек – ұнды сары май қосып илеп, онша жұқалап жаймай пісіреді. Май шелпектің арасына қойдың, жылқының шыжығын салуға болады.
Майда білезік нандар (орыс. сушки, ағылшын. drying) – домалақ тор пішінді нан өнімі. Майда білезік нандарды (пісіру үшін ұнды елеп, тазалап, суды жылытып, ашытқыны жібітіп, тұз, май, қантты ерітіп, өндіріске дайындайды. Қамырды баспаланған ашытқымен, сұйық ашытқымен және жылдамдатылған тәсілмен ашытады. Ашыған қамырды 10-15 минут көтерілдіріп, содаң соң ішіне қосылған құрауыштар жақсылап араласу үшін механикалық жолмен сығымдайды. Ол үшін қамырды 10 кг бөлшектерге бөліп, 3-5 минуттай сығымдау машинасының бұдырланған біліктерінің арасынан 3-4 рет (әрбір өткізген сайын қамырды ортасынан екі бүктеп) өткізеді. Дайын болған серпімді қамырды пішіндеу машинасына кесектеп салады. Пішінделіп болған дайындамалар үстіне арнаулы көкнәр, зире себіледі. Бумен шарпу уақыты (105-107° C температурада, ал ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 96-98%) 1-3,5 минут. Пештегі пісіру камерасының температурасы 250-255° C-та, пісіру уақыты –14-15минут. Майда білезік нандардың тұзсыз, май қоспалы, зирелі, жеңсік және т.б. түрлері бар.