Макарондар (итал. maccheroni) (орыс., ағылшын. pasta) – бидайдың қатты сорттарының ұнынан кейде жұмыртқа қосып дайындалатын түтікше тәрізді тамақ өнімі; алғаш Венецияда шығарылған.
Мамалыга (рум. mamaliga) (орыс.мамалыга, ағылшын. hominy)– жүгері ұнынан дайындалатын қою ботқа, молдавандардың ұлттық тағамы. Қайнап жатқан тұзды суға 1 ас қасық жүгері ұны себіліп, су қайта қайнағанда қалған ұн себіледі. Ағаш қасықпен үздіксіз араластыра отырып, мамалыга 35-40 минут баяу отта пісіріледі. Сонда кастрюльдің қабырғасынан ажырауы тиіс. Ол аударудың алдында суға батырылған қасықпен ортасына жиналып, аздап қуырылады. Сонда кастрюльден тез түседі. Жеңіл ғана сілкілей отырып тарелкаға салынады да, тегістеліп, бөліктерге бөлінеді. Осы түрінде мамалыганы сары май, қаймақ, ірімшік қосып жеке тағам ретінде және ет тағамдарына гарнир ретінде беруге болады.