«Өнер» қаусырмасы (орыс. пирог «Өнер», ағылшын. cake "Oner") – ұнға сода араластырылып еленеді. Май мен қант көпіршігінен пісіліп біртіндеп сары уыз бен тұз қосылады. Бәрі жақсылап бұлғанады да ұн мен айран қосылады. Сөйтіп, қамыр иленеді. Дайын қамыр екі күлше етіліп жайылып, майланған табаға орналастырылады. 220-250° C температурадағы пешке, пісірілген, салқындатылады.
Жұмыртқаның ақ уызы арнаулы құралмен көлемі 3-4 есе ұлғайғанша пісірліп, пісуді тоқтатқан бойда созып тұрып қант шырыны құйылады. Кремді талғамына қарай әр түрлі түске бояуға болады. Дайын крем қаусырмаға жағылады.