Пряниктер(орыс. пряники, ағылшын gingerbread.) – басты құрамдас бөлігі ұн мен бал болатын кондитер өнімі. Пряник көптеген еуропа халықтарының ұлттық тәтті тағамы. Пряник өндіру орта ғасырда (XIV-XVII ғғ.) жақсы дамыған. Пряникке қара бұрыш, қалампыр, даршын, бадьян, зімбір, лимон немесе апельсин цедрасы міндетті түрде қосылады. Тек омпоненттердің өзара қатынастары ғана өзгереді.
Пирог (орыс. пирог, ағылшын. pie)– қамырдың арасына ет, балық, капуста т. б. салып пісірген тағам.
Р
Рауғаш қаусармасы (орыс. пирог с ревенем, ағылшын. cake with rhubarb) – қамыр қалыңдығы 10-15 мм етіп жайылып, майланған табаға салынады да, жұмыртқа жағылады. Ұсақтап туралған рауғаш қамырдың бетіне салынып, 20-30 минуттан соң даршын қосылған қант себіліп, температурасы 210- 220° С пешке пісіріледі. Қаусырма 20-25 минутта дайын болады.
Рогалик (орыс. рогалик, ағылшын. bagel) –қамыр алдымен аз мөлшерде ашытылады. Ол үшін жылы сүтке ашытқы, төрт кесе ұн және бір ас қасық қант езіліп, жылы жерге қйылады. Көтерілген соң оған қант қосып езілген жұмыртқа, тұз және қалған ұн салынып, жақсылап араластырылады да, содан соң ғана май қосылады. Әбден иленген қамыр столға аударылып, қолға жабыспайтын болғанша тағы да басылады. Ыдысқа салынып, жылы жерге 1,5- 2 есе көтерілгенше қойылады.
Дайын қамыр кішкене бөлкелер формасына келтіріліп, майланған металл табаға орналастырылады да 40-50миут жылы жерге қойылады. Содан соң әрбір бөлкеге қаймақ қоспасы жағылып, температурасы 220-230° С пеште 20-25 минут пісіріледі.