Сайка нан (орыс. сайка, ағылшын. roll) – (фин. saija) сопақша немесе домалақ пішінді, бүйір жақтарының немесе немесе бір бүйірінің қатқыл беті болмайтын, бидай ұнының наны. Жай (бірінші сортты ұнға май және қант қосып немесе екінші сортты ұнға тек май қосып пісіріледі), қышалы (бірінші сортты ұнға қыша майын және май, қант қосып пісіріледі) немесе мейізді (жоғары сортты ұнға қант, май және мейіз қосып пісіріледі) болып шығарылады.