Сәбіз пешенейі (орыс. печенье с морковью, ағылшын. biscuits with carrots)– жуылған сәбіз тұзды суға пісіріліп, қабығы аршылады да, ет тартқышпен тартылады. Шыққан ботқаға қант май жұмыртқа лимон қабығының үгіндісі қосылып көлемі ұлғайғанша езгіленеді. Содаң соң ұн қосылады. Иленген қамыр ұн себілген тақтайға 1 см қалындықтықта жазылады. Ол әр түрлі қалыпта кесіліп майланған табаға салынады. Печенье 240-260° С температурада пісіріледі.