Талқан (орыс. талкан, ағылшын. talkan) – қуырылған бидай, тары, т.б. келіге түйгенде немесе диірменге тартқанда жасалатын майда ұнтақ. Бидайды тары мен арпаны қуырып алған соң келіге түйіп, қол диірменге тартып, елеуішпен елеп, майда ұнтақ жасайды. Талқанды сорпаға, сүтке, майға, қаймаққа жаныштайды, оларды жанышқан талқан немесе аттас көже, ботқа дейді.
Талқан – көптеген тағамдарға таптырмайтын шикізат. Одан быламық, ботқа, атала дайындауға болады. Сондай - ақ сүтке, каймаққа, сарымайға, сорпаға, суға бұлғап желінеді. Ол асығыста оңай дайындалатын тағам.
Достарыңызбен бөлісу: |