Тандыр самса (орыс. самса в тандыре, ағылшын. tandyr samsa) – қамырдың үстіне қой етінен фарш салынып, үшбұрыштап немесе дөңгелектеп тандырға пісірілген самса.
Таңқурай қаусырмасы (орыс. пирог с малиной, ағылшын. cake with raspberries) –сары уыз бен қант әбден көпіршігенше бұлғанып, сары май, ұн және жұмыртқаның шайқалған ақ уызы қосылады. Иленген қамыр майланып, ұн себілген формаға (немесе аласа кастрюльге) ауыстырылады. Пешке қойылып, 8-10 минуттан соң шығарып алынады да, таңқурай жемісі себіледі. Сөйтіп, тағы да 20-25 минуттай пешке қойылады. Дайын қаусырма салқындаған соң қант ұлпасы себеленеді.