Ұн тағамдық атауларының анықтағыш сөздігі


Т Таба нан (орыс. таба нан, ағылшын. taba nan) –



бет87/102
Дата06.02.2022
өлшемі0,79 Mb.
#34484
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   102
Т

Таба нан (орыс. таба нан, ағылшын. taba nan) – қазақ халқының ең үлкен дәмі. Оның жақсы пісуі, ең алдымен ұнға, қамырдың илену дәрежесіне, ашытқысына, көме білуге тікелей байланысты. Соған орай ұн тандай білу, ашытқы әзірлеу және оны шеберлікпен илеубасты міндет.
Жақсы ашытылған қамырдың наны да жақсы піседі. Сондықтан ең алдымен ашытқы әзірлей білу керек. Оны әзірлеу үшін 10-15 грамм дрожжи немесе жарты шай қасық ас содасы жарты кесе жылы суға ерітіледі де 2 ас қасық ұн, жарты шай қасық тұз араластырып, ашытуға қойылады.
Ашытқы көтерілген соң оның көтерілгенін бетіне дөңестене көпіршіп шыққан көбіктен білуге болады, қамыр иленеді. Ол үшін жоғары немесе бірінші сортты бидай ұны еленеді. Сөйтіп жылылығы 30-35 градус суға немесе суға ашытқы алдын ала су құйылып, езілген, тұз, қант салынады да, жұмыртқа жарылады. Содан соң иеленген ұн салынып, өсімдік майын құюға болады. Сонымен қамыр иі қанғанша иленіп, беті жабылады да, жылы жерге қойылады. Сонда 1,5-2 сағаттын ішінде қамырдың көлемі де 1,5-2 есе ұлғайып көтеріледі. Осы кезде тағы бір рет қайырып илеп, қайтадан жылы жерге қою керек. Қамыр әбден ашыған кезде шөге бастайды. Ал ол шөкпей, қайта көтерілсе немесе ыдыстың сыртына төгілгенше быршып кетсе, қамырдың да, соған орай көмілетін нанының да сапасына нұқсан келтіреді.
Қамыр табаның мөлшеріне қарай бөлініп алынып, мал майы немесе өсімдік майы жағылған табаға тегістеп салынады. Ашыған қамыр көлемі 2/3 табаның бөлігіндей болуға тиіс. Өйткені қамырдың көлемі қызумен тағы да көтеріліп, ұлғаяды. Сөйтіп үстіңгі табаны көтеріп кетеді.
Сонымен, қамыр табаға салынған соң беті үстіңгі табамен жабылып шоқ қоламтасына көміледі. Біраздан соң шоқтан аршып алынып, бетін ашпастан екінші жағына аударылады да, қайта көміледі.
Қазіргі кезде таба нан ауылдық жерлерде де, қалалық жерлерде де газ немесе электр пештерінің духовкаларында пісіріле бастады. Мұнда да нанның астыңы жағы пістіау дегенде екінші жағына аударылады.
Пештің қызуы 200-220° С градус болса таба нан 20-25 минутта ақ піседі. Жақсы піскен нанның түсі шошқыл тартып тұрады. Бетіне бармақ батырса, шұнқырайып барып тез қалпына келеді.
Таба нан ыстықтай да, суытылып та желінеді. Әсіресе ұсақтап туралып, үстіне сары май салып жеген нан тіл үйірер. Өте тоқ тағам.



Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет