Ұн тағамдық атауларының анықтағыш сөздігі


Спагетти (орыс. спагетти, ағылшын. spaghetti)



бет81/102
Дата06.02.2022
өлшемі0,79 Mb.
#34484
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   102
Спагетти (орыс. спагетти, ағылшын. spaghetti) (итал. тілінен spagetti - байлама жіп) – құрғақ күйінде диаметрі 2 мм-ден аспайтын, жіп тәріздес дөңгелек кеспе. Барлық қамыр тағам секілді тұзды суда, әйтсе де сындырып, бөлшектелмей тұтас күйінде пісіріледі.


Су шелпек (орыс. су шелпек, ағылшын. su shelpek) – майға, сүтке иленген шелпекті кейде құр суға қайнатып пісіреді. Су шелпек туралған етке, қуырдаққа, кейде бұршақ ботқасына, сары ірімшікке қоса табаққа салынады.


Сүтжент (орыс. сутжент, ағылшын. sutzhent) - сөк әуелі сүтке бөктіріледі. Содан кейін сары май, қант, мейіз, қатқан нан ұнтағы қосылады да, қаймақ құйылып, жаншылады.


Сүтке жібіткен майсөк (орыс. майсок в молоке, ағылшын. maysok in milk) – cөк ыдысқа салынып, үстіне ыстық сүт құйып бөктіріледі. Әбден бөгіп, жаратылғаннан кейін сары май салып, жақсылап араластырылады. Содан кейін кесеге салынып, дастарқанға әкелінеді.


Суға жібіткен майсөк (орыс. майсок в воде, ағылшын. maysok in water) – сөк сапар кесеге салынып, үстіне ыстық су құйылады. Оған сөк толық бататындай болуы тиіс. Содан соң үстіне сары май салынып, жақсылап араластырылады да, беті жабылып қойылады. 20-30 минуттан кейін ол тағы да араластырылады.
Дастарқанға тостағанға немесе шұңғыл тарелкаларға салынып әкелінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет