«Ливадия» бисквиті (орыс. Бисквит «Ливадия», ағылшын. biscuit "Livadia") – кастрюльге жұмыртқа жарылып, қант қосылады. Содан соң баяу отқа қойылып,көлемі 3 есе ұлғайғанша бұлғанады. Сөйтіп оттан алынып, салқындаған соң ұн қосылады.
Бәрі абайлап араластырылады, майланады да ұн себілген металл табаға (противень) аударылады.1,5-2 сағаттай, яғни беті кеберсігенше жылы жерге қойылады. Пешке қояр алдында бисквиттің кеберсіген қабаты жарылғанша қолмен үстінен жеңіл басылады. 210-2200 С температурада пісіріледі.