сандар
көміртегі, азот, оттегі және сутегінен тұрады. Оларды ЖЭМ
көмегімен айырып анықтауға болатындай, олардың компонеттерінің
тығыздығы айтарлықтай ерекшеленбейді.
Мұндай жағдайларда био-
логтар үлгіге арнайы химиялық процедуралар көмегімен, белгілі
бір атомдар мен молекулалармен байланысатын және нақты көрініс
түзетін ауыр металдардың атомдары бар бояуларды қосады.
ЖЭМ көмегімен оптикалық микроскоппен
қарауға болатын ны-
сандардан 1000 есе кіші, ал көзбен көрінетін нысаннан 500000 есе
кіші нысандарды қарастыруға болады. ЖЭМ- нің бөлу қабілеті ша-
мамен, 0,1 - 0,2 нм-ге тең. Қатты денедегі атомдар бір-бірінен тура
осындай қашықтықта орналасады.
Жоғары энергиялы шоғырлары бар жарықтандырғыш электронды
микроскоптарды өте аз нанонысандарды талдау және олардың ... зерттеу
үшін қолданады:
•
өлшемі мен пішінін;
• ішкі құрылымын және оның күрделілігін;
• құрамын;
• атомдар мен молекулалардың реттеліп орналасуы;
• физикалық қасиеттерін (балқу температурасы, қаттылығы,
беріктігі, өткізгіштігі, реактивтілігі).
Қазіргі ғалымдар Гук, Левенгук және
олардың замандастарынан
әлдеқайда көп заттарды көруге қабілетті. Енді жасуша ішін, хромо-
сомаларды, ақуыздарды, жеке молекулар
мен тіпті атомдарды көруге
болады.
Достарыңызбен бөлісу: