Насих және мансұх Насых түсінігі мен оны білудің


Құран Кәрімде «насых» сөзі төрт аятта келген. Олар: «Бақара» сүресі



Pdf көрінісі
бет3/23
Дата06.04.2023
өлшемі1,03 Mb.
#173940
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Насих және мансұх

Құран Кәрімде «насых» сөзі төрт аятта келген. Олар: «Бақара» сүресі, 
106; «Ағраф» сүресі, 154; «Хажж» сүресі, 52 және «Жасия» сүресі, 29-аяттар. 
«Нахыл» сүресінің 101-аятында «насых» сөзі келмесе де, ол насых 
тақырыбына қатысты келген аят деп қабылданған. Бірақ, Құран Кәрімнің 
ешбір жерінде: «мына аяттың не аяттардың үкімі жойылды»,– деген сөздер 
жоқ. 
Фиқһ және фиқһ негіздері ғалымдары мен тәпсіршілер үшін насих пен мансұх 
аяттарын анықтау, ажырата білу – өте маңызды. Оның маңыздылығын көптеген 
деректерден көруге болады. Мысалы: Алиден (р.а.) жеткен деректе, ол бір қазының 
жанынан өтіп бара жатып, одан: «Насих пен мансұхты білесің бе?»– деп сұрайды. 
Ол: «Жоқ»,– деп жауап береді. Сонда Али (р.а.): «Құрыдың және өзгені де 
құрттың»,– деген. Ибн Аббас (р.а.): 
اًريِثَكُاًرْ يَخَُيِتو أُ ْدَقَ فَُةَمْكِحْلاُ َتْؤ يُْنَمَو
«Кімге 
(хикмет)
 
білім берілсе, оған көптеген игілік берілген болады»
,– деген аяттағы 
«білімді»
– 
«Құрандағы насих және мансұх, мухкам және муташабиһ, бұрын және кейін 
келген, харам және халал»,– деп түсіндірген. 
Имам әз-Зуһри: «Фиқһ ғалымдарына насих пен мансұхты анықтау оңайға 
соқпағаны белгілі»
,
– дейді.
Құран Кәрімде насих және мансұх аяттар Алла тағаланың әмірі мен 
тыйымдарында орын алады. Ал иман, әдеп, көркем мінез-құлық 
құндылықтары қамтылған аяттарда үкімі жүрмейді. 
2. 
Насыхтың шарттары
 
мен анықтау жолдары 
 
Насыхтың шарттары: 
4
Жалпылама келген мәтіндерді жалқылау.
5
Ахмед ибн Абдуррахим ибн әш-Шаһид Уажиһуддин (1703-1762), Шах Уәлиуллах әд-Дәһләуи деген атпен 
мәшһүр үндістандық танымал хадистанушы ғалым, теолог.
6
Шах Уәлиуллах әд-Дәһләуи, Әл-Фәузу әл-кабир фи усули әт-тафсир, 84-б.


а) Күші жойылған (мансұх) үкім – шариғат үкімі болуы керек. Әрі бұл күші 
жойылмайтын үкім болмауы қажет. Мысалы: Дін жолында күресу, ата-анаға 
құрмет секілді мәтіндердің үкімі жойылуы мүмкін емес. 
ә) Күшін жоюшы (насих) үкім күші жойылған (мансұх) үкімнен бөлек шариғат 
үкімі болып, әрі екі үкімнің арасында белгілі бір уақыт болуы тиіс.
б) Екі мәтін арасында насыхты қажет ететіндей, мағына қайшылығы болуы 
керек.
в) Күші жойылатын (мансұх) үкім белгілі бір уақытпен шектелмеуі керек. Егер 
үкім белгілі бір мерізіммен шектелетін болса, насых болып есептелмейді. 
Мысалы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет