Насих және мансұх Насых түсінігі мен оны білудің


Әсілінде, насых шариғатта осылай танылғанымен, тарихта оны кейбір



Pdf көрінісі
бет2/23
Дата06.04.2023
өлшемі1,03 Mb.
#173940
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Насих және мансұх

Әсілінде, насых шариғатта осылай танылғанымен, тарихта оны кейбір 
сахабалар мен кейін келген, жекелеген ғалымдар басқа мағыналарда 
қолданған. Мысалы, Ибн Масғуд (р.а.) муташабиһ
1
аяттарға – мансұх, 
мухкам
2
аяттарға – насих сөзін қолданған.
Бұл көзқарасты Айша (р.а.) мен 
Абдуллаһ ибн Зубәйр (р.а.) де ұстанған. 
«Құранның тәржімашысы» деп танылған 
Ибн Аббас та (р.а.) мухкам және муташабиһ аяттарды насых дегені секілді, кейбір 
деректерде истиснаны
3
да насых деп түсіндірген. Яғни, кейбір сахабалар мен 
алғашқы кездегі ғалымдар насыхты бір аяттың басқа бір аятпен мансұхталуы не 
үкімінің жойылуы деп түсінбеген.
Олар бір аяттың өзінен бұрын келген аятты 
1
Бірнеше ықтимал мағыналары бар, түсінігі қиын келген.
2
Мағынасы анық, айқын.
3
Кейбір аят үкімдерінің «иллә» секілді әріптермен жойылуы. 
Бұл тақырыпта келесі 
сұрақтарға жауап таба 
аласыздар: 
 
1. Насых дегеніміз не 
және 
оны 
білудің 
маңыздылығы қандай? 
2.
Насыхтың қандай 
шарттары мен анықтау 
жолдары бар?
3. Насыхқа қатысты
қандай көзқарастар
бар?
 
4. 
Насыхтың 
ақылға 
қонымды екендігі және 
бұрынғы шариғаттарда 
орын алуы жайлы не 
білеміз? 
5. Насыхтың қандай 
түрлері бар? 
6. 
 
Құран 
Кәрімге 
қатысты 
насыхтың 
қандай түрлері бар? 
 


түсіндіру жолын, яки Құранның Құранды тәпсірлеу тәсілі болған – истисна, 
тахсис
4
, мухкам аяттарды насых деп білген. 
Имам әш-Шатиби «Муафақат» атты 
кітабында олардың әрқайсысына бөлім арнап, кейбір сахабалар мен табиғиндердің 
«насых» сөзін, кейін келген ғалымдардың қолданысынан басқа мағынада 
қолданғандығын баяндайды. 
Осындай қарама-қайшылық насых теориясының пайда болуына себеп болды. 
Шах Уәлиуллаһ әд-Дәһләуи
5
насых терминінің алғашқы кезде жалпылама 
мағынада қолданылуы мансұх аяттардың санын шамадан тыс арттырып, бес жүзге 
дейін жетуіне себеп болғандығын айтады
6

Бұл тақырыпта сахабалардың бір ауыздан келіспеуі – олардың осы тақырыпқа 
қатысты пайғамбардан нақты дерек естімегендігін аңғартады. 
Имам әз-Заркаши Құран Кәрімнің Ләуху әл-Махфуздан нәзіл болуын «насых» 
деп түсіндірсе, Ибн Хазым баян және истиснаның насых екендігін алға тартқан. 
Демек, алғашқы кезде насых тақырыбына қатысты ғалымдардың көзқарастары бір 
жерден шыға бермеген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет