Насих және мансұх Насых түсінігі мен оны білудің



Pdf көрінісі
бет5/23
Дата06.04.2023
өлшемі1,03 Mb.
#173940
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Насих және мансұх

 
3. 
Насыхқа қатысты көзқарастар 
 
Насых тақырыбындағы көзқарастар :
1- Насых, яғни бір мәтіннің, екінші бір мәтінмен үкімінің жойылуы ақылға 
қонымды ма?
2- Насыхтың орын алуы мүмкін болса, қалайша орын алады? 
3- 
Құран аяттары арасында насых бар ма?–
деген тәрізді негізгі үш мәселе 
төңірегінде орын алады. 
Алғашқы екі мәселе төңірегінде мұсылман ғалымдары арасында айтарлықтай 
келіспеушілік болмаған. Негізгі көзқарастар Құрандағы шариғат үкімдеріне 
қатысты кейбір аяттардың басқа аят немесе хадиспен мансұхталуы мәселесіне 
қатысты өрбиді. 
Көпшілік мұсылман ғалымдары насыхтың ислам дінінде де, оның алдындағы 
діндерде де орын алғандығын қабылдаған. 
Яһудилер насыхты түбегейлі жоққа шығарады. Өйткені, олар насыхты 
қабылдайтын болса, шариғаттарының үкімі жойылатындығын жақсы түсінді. 
Мұхаммед пайғамбар (с.а.с.) ислам діні – бұрынғы шариғаттардың үкімін 
жойғандығын жариялаған кезде, яһудилер діндерінің қияметке дейін 
қалатындығын және Мұхаммедтің (с.а.с.) алып келген діні олардың діндерінің 
үкімін жоя алмайтындығын алға тартып, насыхқа қарсы шықты
9

Исламның алғашқы кезінде мүшріктер насыхты ислам дінінің кемшілігі 
ретінде біліп, «Көрмейсіңдер ме?! Мұхаммед сахабаларына кеше бұйырғанын 
8
Мұхаммед Абдулазим әз-Зурқани, Мәнәһил әл-ирфан, 2/230-231-б.
9
Әз-Зурқани яһудилердің қасиетті деп санаған, бұрмаланған Тәурат жазбаларында насих пен мансұхтың орын 
алғандығын айтып, кітаптарынан бірқатар дәлелдер келтірген. Мәнәһилу әл-ирфан, 2/212-б.


бүгін өзгертті, бүгін әмір еткен нәрсесін ертең жояды»,– деп, Исламды қаралауға 
тырысып бақты. 
Сахабалар мен табиғиндер дәуірінде насых тақырыбында көп сөз қозғалмаған. 
Айтып өткеніміздей, олардың кейбірі Құрандағы истисна, тахсис пен муташабиһ 
аяттарды насых ретінде танып, бұл тақырыптағы түсініктері кейін келген 
ғалымдардың көзқарастарынан өзгеше болған. 
Муғтазила ғалымдарынан Әбу Муслим әл-Исфаһани
10
және кейінгі 
ғасырларда келген бірқатар ғалымдар «Фуссилат» сүресінің: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет