Демек, діни мәтіндердегі насих пен мансұхты анықтауда аяттардың түсу
себептері мен меккелік және мәдиналық аяттарды білу, хадистердің айтылу орайы
мен тарихын білу маңызды.
Ескерте кететін нәрсе, мағыналары бір-біріне қарама-қайшы екі мәтіннің бірі
– нақты (қатғи), екіншісі – болжамды (занни) болған жағдайда, нақты келген мәтін
негізге алынып, насых үкімі жүрмейді. Ал, екеуі де нақты, анық болған жағдайда,
аталған үш жолмен кейін және бұрын келген мәтінді айқындап, бірі насих, екіншісі
мансұх екендігі анықталады.
Егер, қайсысы бұрын не кейін келгендігін анықтау мүмкін болмаса, бірақ
мағыналарын біріктіру мүмкін болса, біріктіріледі немесе бірін екіншісінен артық
көрсететін себептерге жүгіне отырып, бірі негізге алынады.
Насих және мансұхты анықтауда мына жолдар:
а) ғалымдардың жеке көзқарастары мен ой-пікірлері, яғни ижтиһады;
ә) тәпсіршінің ешбір дәлелсіз: «Мына аят – насих немесе мансұх»,– деп айтуы;
б) аяттарды Құран Кәрімдегі орналасу тәртібіне қарай анықтау. Өйткені,
Құрандағы аяттар түсу тәртібі бойынша
орналаспаған;
в) екі мәтінді жеткізген сахабалардың жас еркешеліктері исламды алғаш не
кейін қабылдағандығы мәтіннің бірі насих, екіншісі
мансұх екендігін анықтауда
көп жағдайда негізге алынбайды
8
.
Достарыңызбен бөлісу: